«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша


№16. Лекция тақырыбы: Ашаршылық ақиқаты



бет7/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

№16. Лекция тақырыбы: Ашаршылық ақиқаты.

Лекция жоспары:

  1. Шаруаларды күштеп ұжымдастыру.


  2. Голощекиннің саясаты.

Ашаршылық себептері мен қасіреті.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. А., 1991.

Қосымша:

2.КунаевД.А. От Сталина до Горбачева. А., 1994.


Лекция мәтіні:

1921 жылғы қарашаның 16-сында Берлин де “Нове мир” журналының 244 нөмірінде А. Байтұрсыновтың шағын мақаласы жарық көрді. Соған қарағанда, қазақ жеріндегі қазіргі ашаршылықтың себептері мынада;



  1. жұт, малдың көктайғақтан қырылуы.

  2. 1920 жылы қатал қыстың ерте түсуі,

  3. пішеннің жетіспеуі, жайылымның тақырлығы,өйткені мұның алдында бірнеше жыл қатарынан шөп шықпаған болатын. Басқаша айтқанда, қазақ халқының бұл қырылуы табиғаттың қолайсыз құбылыстарының кесапаты деп. көрсетеді.

Менің А. Байтұрсыновтың қазақтағы ашаршылық туралы хабарларын кейбір нақты деректермен толықтырғым келеді, олар қазақтардың қырылуының себептерін толықтай түсіндіріп бере алады.

1918 ж бүкіл жаз бойы және 1918-1919 жылғы қыста мен Торғай, Орал және Закаспий облыстарындағы қазақтардың ортасында болдым. Бұлар және өз көзімен көргенімді айтсам, сол жылғы ґазда шөп бітіп шыққан еді. Пішен малынан дайындалады.

Қазақтар бір ған нәрселерден қорықты: 1917-1918 жылдардың қысында “тәжірибе” бойынша жергілікті болшевиктердің малды қызыл армияның пайдасына алу пиғылы және Ақтөбелік Скулкин дейтін уездік халық комисары сияқты заңсыз тартып алу ниеті елді қатты аландатуда.

Істің барысы осылай дмитын болса, онда қазақтардың қыстаулары малышлары үшін бағулы қақпасы айналар еді. Өйткені пішін қоры қыстауға жеткізілмеді, сонымен малшы қазақтар қақарлы қыста өз тобындарымен бірге ашық дала төсінде немесе таулы жерлерде , ықтас мен шөп іздеуге мәжбүр болды.

Былтырғы “тәжірибенің ” қайталануы мүмкін деген қауіптің негізі бар еді, өйткені көршілес Сырдария облысында қазақтарды малы алынып жатты, бұл сорақылық кең етек алды. Оның нәтижесі Жан түршігерлік болды. Мен болшевик Сафоровтың айғақтарына сүйенемін. Ол – ВЦИК-тің Түркістан істер жөніндегі арнаулы комиссиясының мүшесі Сафаров былай деп. жазады: “бұл жерде социалистік ” декрет тер қабылданғанымен олар сөз жүзінде қалған ол іс жүзінде “национализациялау”, “конфисклеу”деген сылтаумен жер-жерде малды халықпен зорлықпен тартып алу орын алған.Патша желдеті Гержат деген билік етуде. Ол тұтас бір халықты қазақтарды қырғынға ұшыратты. Соның кесірінен бір миллиондай қазақ аштан өлді, - дейді одан әрі Сафаров.

Шет аймақтардағы ревизациялық аппараттар қазақтардың ең шалғай мал ұстауларына дейін барды. “Сусамыр тауында ,-деп жазды кеңес қызметінде болған бір агроном ,- малшы қазақтар мкалды тартып алу қайталанбас үшін қолдарындағы құжаттарға және большевиктік қағаздарға құдайдай сенді. Бұл қағаздар оларға алынған мал - мүлкін үшін берілген екен. Ал қағаз мал бо лама ? Мұндай құжаттармен большевиктік листьовкалар қазақ даласында толып жатыр, олар большевиктік атқамінерлерге әсер ете қоймайды. Олар қайтсем елден малды тартып аламын деген айлы – шарғысын ойластыруға бел буды. Бұл құжаттарды малин қайтарып беретін керемет, нәрседей көрген жарт кәрі –жасы бірдей, тіпті әйелдермен балаларға дейін мойындарына “тьмар” қылып тағып алған Мұндай құжатты мен 1918-1919жылдары қыста Маңғыстауда болғанда көп кездестірдім. “Әр ауылға құжаттар бір-бір хаттан келеді”- дедеі қазақтар. “Мен өзімнің боз жорғамды 140 қап кітапқа да бермес едім, ал Бейсенбайдың екі жақсы түйесін алған бүкіл ауылға 3 қап кітап жібермекке уәде еткен. Бірақ ол байғұс 10 қапқада бермеймін деп. жанталасты. Сонда алты атар тапанша мен қорқытты ғой”, -деп мазаланды қарт қазақ.

Мұндай “реквизация” – мен “конфискелеудің” экономикалық нәтижелері қандай? Оны “экономическая жизнь газетінде жариялаған” мәліметтерден көруге болады.

Газет былай деп. хабарлоайды: “1919 жылдың аяғында Түркістанда жылқымен сиыр 561531 тұяқ ұшырауының себебін “экономическая газеті ” қайта-қайта жүргізілген конфискелеудің салдары деп. санайды. Қазақ малы қайтадан көбейсін десек, “реквизициялауды енді болдырмау керек, - дейді газет. Бұл мал Санин көбейтудің дұрыс амалы”.

Малшы қырғыздардың жәй – жоспары осындай. Егінші қазаққа да күн көріс ең оңайға соғып тұрған жоқ.

Жоғарыда аталған Сафаров былай деп. жазды : “РКП комитеттерінің төрағалары кедей қазақтары құл ретінде пайдаланылады. “Комуни стік партиямен Кеңес өкіметі” кулактардың айдап салуымен қазақтарды өз мекендерін қуылды, ал орыс кулак тары осы шараларп ойдағыдайжүзеге асу үшін қазақтарды ой жарық, күн амандату сыртынан атып кетіп жүрді”...

Менің алдымда тағы бір құжат жатыр, ол “қазақтардың осындай қайғылы өмірге қалай жеткенін ” сипаттап берді. Бұл құжат – “қазақтардың Ленинге хаты”. Ол хат былай басталады:

“Қымбатты Жолдак, біз өзімізді толғандырып жүрген мәселелер бойынша сізге ақылдаспақ ойдамыз”. Хатта кеңестік құрылысқа ізгі тілек білдіріп, мақтау сөздер айтылған. Бұл хаттағы шындық – жолдастық шындық оның ешбір ресми баяуы жоқ. Ал осы шындық Кеңес өкіметі үшін өте қорқынышты.

Билік басында тұрғандардың қазақты қиын жағдайда қалдырғаны туралы айта келіп, хат авторлары былай дейді, “Қазақтардың інде кезінде және өте жаман санитарлық жағдайда медициналық көмектен апйыру қисынсыз нәрсе. Тіпті киер киімдерімізде жоқ, сондықтан әйелдеріміз сыртқа шығуданда қалды. Аштықтан жайлағаны сондай, адамдар иттің етін жеуге барларын стауға дейін барды. Әйтеуір аштан өлмеуден амалын қарастырып, далбасалауда.”Одан әрі қазақтар былай деп. жазған: “Кеңестік азық-түлік органдары қазақтардан тек алғанды ғана біледі, ал оған ештеңе қайтарылмайды. Тірі қойдың бір пұтына 80-сом төлейді, қазақтарды осыған зорлап көндірді. Ал қазақтар болса, бір қорап шырпыны 150 сомға сатып алуда.”

Хатта бірнеше жыл қатарынан шөп шықпағаны жайлы айтылмаған. 1920 ж “ерте түскен қаһарлы қыс” аяқталуға дейін жазылған хатта қазақтың малы қырылған және балада сұрапыл ашаршылықтың жайлағаны туралы айтылған.

Сол 1921 ж тамызда қазақтар Ленинге хат жазғанда, біздер үшін қазақ халқының тұрмыс жағдайын білетін және оның мұң – мүддесін түсінетін қызметкерлерді орталыққа әкетудің неге қажет болғандығын түсінбейміз, ал олар осында жүргенде пайдалы долар еді деген “Ал біздегі сырттан жіберілген басшылар – би би леп төстеуші ұлттық шовинизмге шалдыққандар, отарлау саясатының рухы мен уланғанда. Губерниялық және уездік ревкомдарда көбінесе орыстар басшылық етеді, ал осы жерлерде қазақтың саны мен басым ескерілмейді. Семей облысының Қарқаралы да, қазақтардың проценті , уезінде қазақтың саны 98-99% болса да қазақтардың проценті басым басқа жерлерде де орыстардан құрылған басқарушы бөлімдер ұйымдасқан. ”

Бадан байқалатынындай, қазақ жеріндегі жит өз бетімен келмепті , ол революція әкелген апат, болшевиктік саясаттың кесірі. Бұл арада, бірнеше жыл қатарынан шөп шықпай қалды деу – аймар сылтаудың түрі. Бұл алты атарды кезеніп тұрып, халықтың халықтың малын тартып алудың салдары , “Қызыл тұмар” деп. халық атап кеткен жалған құжатпен халықты алдап-арбау арқылы малын әкетіп, қайтарып береміз, жақысылық жасаймыз деп беті бүлк етпестен істелген істелген арсыздықтың салдары ол.

Қортындыда А. Байтұрсыновтың өзі туралы бірер сөз айта кетейін . Ол әйгілі қазақ жазушыларының бірі. Ол қандай лагерді жақтаса да, біздер қазақ зиялылары, оның көзқарастарының мөлдір екеніне күмән келтірмейміз.

Жоғарыда айтылған “Қазақтардың Ленинге хатында Байтұрсыновтың қолтаңбасы мен ой өрнегі бар екендігі айқын байқалады. Сол кезде Мәскеуде тұрған қазақ большевиктері үшін бұл хат сауатты және мазмұнды жазылған. Және де осы хатта Мәскеуге әкелген делегацияның құрамында да Байтұрсыновтың болғанына дау жоқ.

Ал қазір “новый мир” журналында жарияланып отырған “қазақ жеріндегі ашаршылық ”деген мақаланың авторы шынай А. Байтұрсынов емес. Оның мақаласы кеңестік цензураның 99% ке өзгеріп жібергені аңғарылып тұр, өйткені А. Байтұрсынов ешқашан айтқан фактілерге қарама-қайшы келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет