«Қазақстан тарихының кейбір ақтаңдақтары» пәні бойынша


№17. Лекция тақырыбы: Сталиндік репрессия



бет8/15
Дата24.02.2016
өлшемі2.34 Mb.
#15057
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

№17. Лекция тақырыбы: Сталиндік репрессия

Лекция жоспары:
  1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы

  2. Әкімшіл - әміршіл жүйенің орнығуы.

КОКП –ң XX съезі “Халық жауларын” ақтау, олардың тағдыры.

Лекция мәтіні:
Кеңес өкіметінің соғыстағы жеңісі оның державалық – империялық элитада өсуіне алып келді. Орыс халқының жеңістегі негізгі рөлі айрықша көрсете бастады, олардан басқа елдер тарихындағы рөлі айрықша көрсетіле бастады. Сол сияқты қазақтың тарихындағы рөлі де қарастырылды. Осыған байланысты ұлттық интеллигенция арасында буржуазиялық ұлтшылдық тезис шықты. Үкімет жағынан ең қатаң сын объектісі ретінде 1943 жылы шыққан, “Қазақстан тарихы” болды. Идеологиялық стандарттарға сай жүруге мәжбүр ету, ұлттық ойлауды басу, шовинизмнің, тіпті ұлттық фашинизмнің, мәдениет пен ғылымда басшылық етуі басталды. Қоғамдық танымға Ресейдің орыс емес халықтардың тарихындағы ерекше миссияндық рөлі туралы, Ресей отарлауының жақсы жағы туралы, түсінік бастады.

Қазақстан тарихы басқа түрік және мұсылман тарихына бөлектетіліп Ресей тарихымен байланыстыра бастады. Ұлттық – азаттық қозғалысы реакциялық қозғалыс ретінде көрсетіле бастады.Қазақтардың кейбір азаттық көтерілісі шындыққа сай топтық жіктеліс көтерілісі деп, антифеодалдық деп жариялана бастады. Жаңа идеологиялық құрылымдар мен келіскісі келмеген ұлттық интеллигенция өкілдеріне қатаң жазалар қолданылды. 40 жылдардың аяғы 50 жылдардың басында тарихшылар Е. Бекмаханов репрессияға ұшырады.

М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Е. Исмаилов, Х. Жұмалиев, А. Жұбанов және басқалары қудаланды. 1951 жылы Ұлттық эпос, “Қобыланды”, “Ер сайын”, “Шора батыр”, “Ер Едіге” және басқалары сияқты ұлттық мәдениет қазыналары орталықтан сынға ұщырады. Олар феодалдық хандар мен қанаушыларыды жақтайды деп жарияландды.

1953 жылғы Сталиннің өлімі ғана репрессияның жаңа толқынын тоқтатты.

40 жылдардың екінші жартысы 50 жылдардың басы лагерьлер жүйесінің апогеемі болды. Есіл даласындағы лагерьлер өзінде 1949 жылы 200 мың қамалғандар болды. Ірі лагерьлер Қарағанды және Жезғазған лагерьлері болды. Қамалғандар негізінен фашист қамауына түскен солдаттар мен офицерлер, сол сияқты Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказдағы Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқандар болды. 1948 жылы “контрреволюциялық” және “антикеңестік” әрекеттері үшін сотталғандарға арналған арнаулы тәртіп лагері құрылды.

Дәл осы 40 жылдардың аяғы смен 50 жылдардың басында көтерілістер бұрқ ете түсті. 1952 жылы Жезқазғанның жанында орналасқан Кеңгір лагерінде қамалғандар көтеріліс бастады. Осы жылы Екібастұзда да көтеріліс болды. Бұл екі стихиялық көтерілістер де ішкі істер мен әскер күштерімен басылды.

Бейбіт өмірге оралу негізінен әскери тауарларды шығаруға бағытталған экономиканы толықтай қайта құруды талап етті. Сол сияқты соғыс жылдарында жергілікті рынокты (импер)

Либерализациялау болды, ауылшаруашылығының тиімділігі өсті, ұлтшылдық пен патриотизміне қарай марксизмнің идеологиялық диктаты әлсіреді. Дегенмен өкімет Германияны жеңгеннен кейін экономикалық саяси өмірдің соғысқа дейінгі түрлеріне қайта оралды.


2. 1953 жылдың наурызында 20 жылдардың аяғынан бастап үздіксіз ел басқарған И. Сталин қайтыс болды. Оның орнын үкімет үшін күресті бастаған диктаторлар Маленьков, Молотов, Берия және Хрущев болды. Наурыздың аяғында жаңа басшылық жүйені либерализациялау бойынша шаралар қолдана басталды. Бес жылға дейінгі сотталғандар, кәмелет жасқа жетпегендер, экономикалық , әкімшілік және құқық бұзушылық пен қамалғандар үшін амнистия жарияланды. Бірнеше күннен кейін 40-шы жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында саяси істер бойынша ірі тергеу жүргізу нәтижесінде мемлекеттік органдарының заңды бұзущылығы туралы қаулы қабылданды. 1953 жылы ішінде 30-50 жылдардағы репрессияның басты ұйымшысы Л. Берия қамалды. Гулаг ішті істер министрлігінен юстиция министрлігіне берілді, саяси полиция жеке ұжым – Мемлекеттік

қауіпсіздік Комитеті болды. (КГБ)

1955 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистерге көмек жасағаны үшін қамлғандарға амнистия жарияланды.

Көшу еркіндігіне шектеулер сақталды, немістер мен қырым татарларынан саяси кінә алынбады, саяси қамалғандардың көпшілігі тек 1956 жылдан кейін ғана амнистияға ұшырады, бұл Н. Хрущевтың КОКП – ң XX сеъізінде әйгілі баяндамасынан кейін болды. Баяндамада бірінші рет Сталиннің жаппай репрессия жасауындағы өзіндік әрекеті туралы айтылды. Дегенмен саяси жүйені либеризациялау толық болмады. Әлеуметтік – экономикалық саясатты жүргізудегі барлық сәтсіздіктер және жүйенің қылмыстары Лениндік принциптері бұрмалау нәтижесінде болды деп жар ияланды, бұл партия мен елдегі басшылықтан жалпы жауапкершілікті алды.

Репрессиялық әдістерден бас тартуға қарамас тан басшылық етудің әкімшілік топтық принципі сақталынды және әрі қарай дами берді. Республикалар, соның ішінде Қазақстан да Мәскеу бақылауында қала берді. Мәскеу республикалар басшыларын өз білгенінше өзгертіп отырды. Сөйтіп 1954 жылдың ақпанында Қазақстан Компартиясының VII съезінде, Кремлдің шешімі бойынша Ж. Шаяхметовтың орнына П. Понамаренко қойылды. Содан кейін Қазақстан ОК –ң хатшысы болып Л. Брежнев сайланды. Ол Республиканы 1955-1956 жылдары басқарды. 1957-1958 жылдар десталинизация процесінің шыңы болды. 1957 жылдың ақпанында чечен, ингуш, балқар, қарачай және қалмақтар реабилитацияға ұшырады. Оларға отандарына қайтуға рұқсат берліді. Саяси репрессия құрбандарын реабилитация жасау басталды, бірақ ол таңдамалы түрде жасалынды және аяқталған жоқ. 1958 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, онда “Халық жауы” деген түсінік жоқ болды, тергеу кезінде қауіп төндіру және зорлық жасауға рұқсат етілмейді, кінәсіздік презумпциясы заңдалды.

1952 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының ОК –ң бірінші хатшысы болып Ж. Шаяметов сайланды.

Жаңа бесжылдық жоспар бойынша республикада өндірістік құрлыстың өсуі алға қойылды. Капиталдық ақша салудың жалпы көлемі 28,5 млрд. сом болды. Бірақ кейінгі оқиғалар елдегі маңызды өзгерістерге алып келді.
№ 18. Лекция тақырыбы: ЌАЗАЌСТАНДАЃЫ ТЫЊ ЖЄНЕ ТЫЊАЙЃАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ.

Лекция жоспары:


  1. Тыњ игеруге жаппай кірісу.

  2. Тыњныњ алѓашќы табыстары.

  3. Тыњ игерудіњ зардаптары.

Пайдаланатын єдебиеттер:

Негізгі:


  1. Абжанов Х. Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А-1990

  2. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-эканомической историй Казахстана.ХХвек. А-1997

  3. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. А-1992

  4. Козыбаев И.М: Историческая наука Казахстана. А.-1992

Қосымша:

  1. Ќозыбаев М.Ќ. Аќтањдаќтар аќиќаты. А-1992.

  2. Кунаев Д.А. О моем времени. А-1992



Лекция мәтіні:

1954ж. КОКП ОК –њ шешімі бойынша егістік кµлемін мемлекетте ±лѓайту ‰шін Солт‰стік Ќазаќстан, Сібір, Орал жєне Солт‰стік Кавказ аудандарындаѓы тыњ жерлерді игеру кµзделді. Біраќ б±л аудандардыњ жерлері топыраќ ќ±нарлыѓы тµмен, ылѓалдылыѓы жеткіліксіз, єрі ќолайсыз жерлер болатын. Ол жерлердегі шаруашылыќ негізінен артта ќалѓан жєне агротехникалыќ єдістерді толыќ мењгермеген аудандар еді. 1954ж. тамызына дейін Ќазаќстанда 6,5млн.га, жер жыртылса, 1955ж. басында игерілген жердіњ кµлемі 8,5млн, га жеткізіліп жєне 90 жања совхоздар ќ±рылды. 1954ж. к‰зіне ќарай таѓы да 250 совхоз ќ±рылды. Тыњ игеру жылдарында (1954-60жж) барлыѓы 25,5млн. га жер игерілді. Осы жања жерлерді игеру ‰шін ж±мысшы к‰шін елдіњ батыс бµлігінен мобилизациялау арќылы кµптеген адамдарды єкеліп оларѓа бірќатар жењілдіктер жасалды. Мысалы: кµліктермен тегін ж‰ру, 1мыњ сомѓа дейін аќшалай кµмек, баспана салып алуларына 10 жылѓа дейін 20мыњ сом, 2мыњ сомѓа тарта аќша – мал µсіруіне кµмек ретінде берілді. Ондай адамдарды ауылдыќ жердіњ салыѓынан 2 жылѓа немесе 3 жылѓа дейін босатты. 1954-59жж барлыќ тыњ игеруге кеткен шыѓын 20мрд. сомды ќ±рады. Тыњ игерудіњ алѓашќы жылдарында 1954ж. ќ±рѓаќшылыќтан басќа жылдары бірќатар жетістіктер болды. 1956ж. елде жаќсы табысты жыл болды, сол жылы егістіктен алынѓан µнім-125млн. тоннаны ќ±рады, оныњ 50%-тін астыќ беретін совхоздар ќ±раса, 50%-тін жањадан игерілген жерлер берді. Тыњ игеру барысында табиѓи тепе-тењдік б±зылды жєне жердіњ ќ±нарлы топыраѓы желге ±шып, жер тозды (эрозияѓа ±шырады). Осындай жаѓдайѓа байланысты к‰рделі экалогиялыќ мєселе туындады. 1960ж. басында ќ±рѓаќшылыќ жылдар басталып, 1963ж. µте ќ±рѓаќшылыќ болып мемлекет сыртќы елдерден 12млн. тонна астыќты 1мрд. сомѓа сатып алды. Сµйтіп тыњ игеру жылдары жылдан-жылға нашарлады. Мысалы: 1954-58жж. орташа көлемі 7,3ц (га, болса) 1961-65жж.-6,1ц/га астық өнімнің мөлшерін ғана көрсетті.

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында жыртылған көлемді жерлер Қазақстанда шалғындық жерлер мен жайылымдық жерлердің де қысқаруына себепші болды. Аймақтық жерлерде дәстүрлі ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. 1955ж. КОКП ОК ССКР-ң арнайы шешімі бойынша 47 аудандар мен 225 совхоздарға ет өнімін өндіріп беру міндеттелді. Одан кейінгі уақытта жайылымдық жерлерді кеңейту қолға алынып, мал шаруашылығын дамытуға байланысты тұрақ қоныстар салынды. Нәтижесінде шаруашылықты көтеру қиынға түсті. 1960ж мал басы –37,4млн. болды. Бұл жерде тұрғылықты қоныстардың өсуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындады. 1962ж. еттің бағасы –30%-ке өссе, майдың бағасы –25%-ке өсті. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан эканомикасында қиыншылықтар болды. Ең үлкен проблема өндірістік мекемелері КСРО-ның басқа батыс өңірлеріне эвакуация жасалынған тұрғындардың қайтып келуінен кейін жұмыс күшімен қамтамасыз ету болды. Кадрлардың жетіспеуі көбейді, еңбек тәртібі төмендеді, еңбек өнімділігі күрт түсті. 1946ж өндірістің төмендеуі байқалды, бұл үкіметті басшылық әкімшілік әдістерді қайта пайдалануға мәжбүр етті. Ол өндірісте нәтижесін берді. 1947ж. Өскемен қорғасын цинк комбинаты жұмыс істей бастады. Екібастұзхдағы көмір шығару құрылысы аяқталды. Ақтөбе және Балқаш комбинаттары жаңаша жұмыс істей бастады. Мұнай шығарыла бастады. Транспорттық жүйе дамыды, 1950ж Мойынты-Шу темір жолын соғу аяқталды. ХХғ. 50ж. басы тоталитарлық жүйені реформалау әрекеттерімен саяси өмірді либерализациялау, репрессиялық саясаттан бас тарту мен ерекшеленді.3. Ауыл шаруашылығында МТС (машина-трактор станциялары) құру және техникаларды сатып алу колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Сөйтіп, халыққа қажетті шаруашылықтың саласы деп, жүргізілген реформаға байланысты мекемелер құруға бет алды. Бірақ кейінгі уақытта колхоздардың жағдайы төмендеді, себебі техникаларды сатып алу және қорларды сақтау қиынға түсті. Бұл реформа техника мамандары механиктер мен механизаторлардың келуін талап етті, олардың келуіне байланысты ауыл шаруашылыѓындаѓы техника т±раќтары ќысќарды. Ќазаќстанда техниканыњ кемуі негізінен тыњ жєне тыњайѓан жерлерді игерудіњ даѓдарысќа ±шырауымен байланысты болды.

Тыњ жєне тыњайѓан жерлерді игеру жылдарында Ќазаќстан жерінде кµлемді жерлердіњ жыртылуы, сол уаќытта ауыл шаруашылыѓыныњ даѓдарысќа ±шырауына єсерін тигізді.


19. Лекция тақырыбы: 60-жылдардың екінші жартысында Қазақстан дамуында болған өзгерістер.

Жоспар:

1.60-жылдары елдегі, оның ішінде Қазақстандағы саяси жағдай.

2.Кеңестердің және кәсіподақтың 60-жылдардағы қызметі .

Қазақстанда 50—60-жылдардағы урбанизацияның (қада халқының саны өсуінің) қандай ұнамды және теріс жақтары .

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Қазақстан Коммунистік партиясының ХІІІ съезі. Стенографиялық


есеп. Алматы, 1972.

2. Қазақстан Коммунистік партиясыньщ XIV съезі. Стенофафиялық есеп. Алматы, 1976.

3. Коммунистическая партия Казахстана в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов. Т. 4. Алматы, 1986.

Қосымша:

1. Кунаев Д. А. О моем времени. Алматы, 1992.

2. Олкотт Брилл Марта. Қазақтар (ағылшын тілінде). Стенфорд университеті, 1987.

Лекция мәтіні.

Саяси өмірдің ерекшеліктері. Қоғам дамуындағы екі бетбағыт күресі. Кеңестер. Кәсіподақтар. Комсомол. Отандастардың қайта оралуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету жолдарын іздестіру. 60-жылдардағы экономикалық реформалар, олардың тиянақсыздығы. Н.С.Хрущевтік қызметінен босатылуы. Волюнтаризм мен субъективизмді айыптау. Өнеркәсіптік дамуы. ҒТР жағдайында өндірісті интенсивтендіру қажеттілігі. Қалалардың өсуі. Ауылшаруашылығы. Мәдениеттің дамуы.



Саяси өмірдің ерекшеліктері

1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін көрсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің, әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.

Қоғамды саяси және экономикалық тұрғыдан ұйымдастыруды; жетілдіру жөніндегі күш-жігер мен ізденістерге баға бергенде, 50-жылдардың ортасынан 60-жылдардың ортасына дейінгі аралықта, түптеп келгенде, басты екі бетбағыт арасындағы текетірестік орын алғандығын ескеру қажет. Бұлардың алғашқысы қоғамдық жүйені, оның бүкіл салалары мен құрылымдарын түбегейлі өзгертудің объективтік қажеттілігін бейнеледі. Оған ең алдымен қоғамның сталинизмнің ауыр зардабынан рухани бостандық ала бастауы себеп болды.

Кеңес мемлекетін, ең алдымен Кеңестерді дамыту мен нығайту өзекті мәселеге айналды. Кеңестер ролінің арта түсуі партияның XXII съезі қабылдаған КОКП-ның үшінші Бағдарламасында атап көрсетілді. КОКП Бағдарламасыңда сондай-ақ қоғамның коммунистік құрылым кезеңіндегі саяси ұйымына сипаттама берілді. Онда-әлемдегі тұңғыш социалистік мемлекет марксизм-ленинизм ілімімен толық сәйкестікте дами келіп, өзінің пролетариат диктатурасы мемлекеті ретіндегі тарихи-миссиясын ақтағандығы айтылды. Ішкі даму тұрғысынан қарағанда да, антагонистік таптардың жойылуына, социализмнің толық және түпкілікті жеңіске жетуіне, халықтың барлық таптарының жұмысшы табының идеялық-саяси айқындамаларына көшуіне байланысты мұндай диктатура қажет болмай қалды. Бұл объективтік процестер Кеңес мемлекетінің жалпы халықтық мемлекеткет ұласқандығын және өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқандығын көрсетті. Қоғамдағы осындай жаңа қоғамдық-саяси ахуал қалыптасқандығын, мәселен, шопандар, колхозшылар, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, техникалық интеллигенция, ғылым мен өнер адамдары, партия және шаруашылық басшылары құрамына енетін КСРО Жоғарғы Кеңесі айғақтайтыңдай болып көріңді. Еңбекшілер бұрынғысынша жергілікті, Облыстық, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестеріне өз өкілдерін сайлады. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссияларына мүше депутаттар заңды талқылап, қабылдады, ал ауылдар, мен елді мекендер, аудандар мен қалалар мәселелерді Жоғарғы, Кеңестің оның төралқасының қарауына әзірлеуге қатысты. Мысалы, 1961 жылдың "соңыңда-білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тұрақты комиссиялар депутаттардың қатысуымен республикадағы мектеп, балалар және емдеу-профилактикалық мекемелері құрылысы жөнінде мәселе әзірлеп, Жоғарғы Кеңес сессиясына енгізді. Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссиялары сондай-ақ жергілікті жерлерде өздерінің көшпелі мәжілістерін өткізіп. Кеңестің заңдары мен қаулыларының орындалу барысына бақылау жүргізіп отырды. 1963 жылы республика Жоғарғы Кеңесіне сайланған 45,3 депутаттың 158-і әйелдер болды. Қазақ КСР-інің әрі түрлі-дәрежедегі еңбекшілер-депутаттары. Кеңестеріне 1 98806 депутат сайланды. Олардың көпшілігі, яғни 45,41 проценті КОКП мүшелері мен мүшеліеке кандидаттары еді. Жергілікті Кеңестер жаныңда тұрақты комиссиялар, көше және махалла комитеттері, үй басқармасы жанындағы жәрдемдесу комиссиялары, жолдастық соттар, т.б. тәрізді көптеген ұйымдар қоғамдық, негізде жұмыс істеді. Еңбекшілер депутаттары қалалық және аудандық Кеңестері жанынан штаттан тыс бөлімдер құрылып оларға азаматтар жұмысқа тартылды.

60-жылдардағы екінші бір бұқаралық ұйым комсомол болатын. 1965 жылдың соңына қарай республика комсомолы өз қатарына 1 миллион жігіт пен қызды біріктірді. Өнеркәсіпте, көлікте, құрылыста, ауыл шаруашылығында 400 мыңнан астам комсомол мүшесі жұмыс істеді.

Аса маңызды құрылыстарды қамқорлыққа алу Қазақстан комсомолы жұмысының бір бағытын құрады. Оның жолдамалары бойынша бұл құрылыстарға 8000-нан астам қыз-жігіттер жөнелтілді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО X съезінде республика комсомолы мал шаруашылығын қамқорлыққа алды. Жастардың спортты өркендетудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы ролі өсе түсті.

Қоғамдық өмірді демократияландыру процесі басталғандығының арқасында шекара сыртында өз еркінен тыс қалып қойған отандастарымыз Қазақстанға қайта оралуға мүмкіндік алды. М.Тәтімов, Б.Төлепов, В.П.Осипов сияқты ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл жылдары Қытай Халық Республикасынан Кеңес Одағына 350000-ға жуық адам оралған, оның 200000-нан астамы Қазақстанға келген. Бұл адамдар Отанын сатпағанын, өктемшіл жүйенің құрбандығына шалынғандығын естен шығаруға болмайды. Репатрионттардың, яғни, Отанға оралғандардың құрамыңда қазақ, өзбек, дүнген, орыс, ұйғыр, т.б. көптеген ұлттардың өкілдері болды. Республика үкіметі жаңадан келгендерді қарсы алу үшін-бірқатар шара қабылдауының нәтижесінде олар негізінен бір кезде кетуге мәжбүр болған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Бұл адамгершілік актісі болатын. Бірақ әр түрлі себептерге байланысты мұндай қоныс аударулар 1963 жылға қарай тоқталып қалды.

Қоғамның прогресшіл бағытта дамуына қоғамдық құрылымдардың қатып-семуіне, төрешілденуіне, демократияны тежеуге және 30—40-жылдардың идеологиялық бағдарларын сақтап қалуға итермелейтін екінші беті бағытты нәрлендіретін күштер мен процестер бөгет жасады. 60-жылдардың екінші жартысында бұл бетбағыт өмір сүріп отырған социализм мен оның үлгілерінің, басқарудың бұрынғы өктемдік әдістерінің сақталуының арқасында күшейе түсті. Бірақ бұл бірден жүзеге аса қойған жоқ, өйткені ұнамды бағытта өріс алған демократияландыру процесі экономика саласына ауысып үлгерген еді. Іс жүзінде бұрынғы бесжылдықтар ізденісін жалғастырған, 1965 жылы қабылданған шаруашылық шешімдері осыны көрсетті.

Бұл шаралар оқиғалардың ұнамсыз бағытта өрістеуін; біршама уақыт тежеп, экономикадағы ахуалды қайтадан" оңға бұруға қажетті алғышарттар туғызды. Осындай қажеттілік КСРО қуатты экономикалық және ғылыми потенциалға ие болған 60-жылдардың, бас кезінде-ақ пісіп-жетілді деуге болады.

Кеңес Одағы континентаралық баллистикалық ракетаны бірінші болып аттандырды, ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық бюролардың қауырт жұмысының нәтижесінде дүние жүзіндегі тұңғыш жасанды жер спутнигі бірінші болып ғарышқа жіберілді, Айға, Шолпан планетасына ғарыш кемесі ұшырылды, Күннің жасанды серігі жасалды. Бортына тірі хайуандар мінгізілген ғарыштық кеме-спутниктері бірінен кейін бірі ғарышқа аттанып, одан Жерге оралды. Әлемнің тұңғыш ғарышкері атанған Ю.А.Гагариннің 1961 жылғы сәуірдің 12-сі адамзат тарихында алғаш рет ғарыш әлеміне қанат қағуы ғылым дамуындағы революциялық дүр сілкінудің символына айналды. Мұның өзі экономиканың ҒТР жетістіктеріне негізделген ғылыми-индустриялық өңдіріске кеше бастау қажеттігін көрсетті. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми техникалық комитет республиканың Мемлекеттік жоспарлау комитетімен бірлесіп Қазақ КСР-інің өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Мұндай жоспарлар тиісінше әрбір кәсіпорында да түзілді. Техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі комиссиялар құру шұғыл түрде қолға алынды. Олар өндірістік прогрестерді механикалаңдыру мен автоматтандыру жоспарының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсатта ғылыми-техникалық қоғамдар, конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы серпінділік алды. Олардың қызметін жандандыру үшін сыйлық қоры құрылды.

Іздеу-барлау, мұнай өндіру, мұнай өңдеу технологиясы түбегейлі түрде өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтиды. Техникалық прогресс негізінде республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендей бастады, Қазақстанда титан, магний синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар, т.б. өндірісі қолға алынды. Электротехникалық машина жөніндегі ірі көсіпорындар пайда болды. Олардың қатарында Өскемен конденсатор, Кентау трансформатер және Семей кабель зауыттарын атауға бола Павлодар машина жасау зауыты трактор зауытта болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды, Маңғыстаудағы мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 ж Өзен кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді.

Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жаңа кәсіпорындармен толықтырылды. Алматы мен Піымкентт — мақта-мата кәсіпорындары, Жезқазған, Семейде және Ақтөбеде трикотаж фабрикалары іске қосылды. Жамбыл мен Теміртаудағы азық-түлік өнеркәсібі кәсіп орындары өнім бере бастады. Бесжылдық ішінде республиканың экономикалық қүш-қуаты екі есе, өндірістің қорлары, екі еседен астам артты.

1965 жылғы шаруашылық реформасы аясында жасалған қадамдар техникалық қайта жарақтандыру мәселелерінің шешілуіне, еңбек пен өндірісті ұйымдастық руды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенутілік доғарылып, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделілігіне баса назар аударылды. 1966-жыл ішінде Қазақстан бойынша 11 өнеркәсіп кәсіпорны, олардың ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы "Жетісу" аяқкиім фабрикасы және т.б. жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшірілді, Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорында жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Осыдан кейін басқа кәсіпорындарды да шаруашылық жүргізудің осындай формасына көшіру ұйғарылды. 1967 жылдың аяқ шенінде бұл жүйе бойынша 193 кәсіпорын, яғни республиканың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарының 10 проценті жұмыс істей бастады.

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы едәуір артты. Республика жалпы одақтық қорғасын, мыс және титан өнімдерінің басым бөлігін беріп отырды. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Өнеркәсіптің 60-жылдардағы қауырт дамуы республика картасында жаңа қалалардың пайда болуына әсер етті. Жаңа қалалардың дүнмеге келуі пайдалы қазбалардың ірі кен орындарының ашылуыиа тікелей байланысты. Жұмысшы қалашықтары қалаларға айналды немесе, мысалы, Қостанай облысындағы Рудный қаласы, Маңғыстау облысыңдағы Шевченко (Ақтау) қаласы сияқты қайтадан тұрғызылды. Қала тұрғызу ісінде әр түрлі ведомстволар шешуші рол атқарды. Пайдалы қазбалар өндіру орындарын жұмысшы кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында елдің түкпір түкпірінде ұйымдық жинақтау деп аталған шаралар жүргізілді. Мұндай жинақтаулар салдарынан республикадағы демографиялық - жағдай бұрынғыдан да қиындап кетті. Мәселен, егер 1959-1964 жылдары Қазақстанға жыл сайын орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965—1975 жылдары Қазақ КСР-інің халық шаруашылығына басқа республикадан 115 мың адам келіп қосылады. Жұмыс күшін сырттан тарту үшін оның өзіне лайықты идеологиялық астар да ойлап табылды. Адамдар «бұрын ешкім қоныстанбаған» жерлерді игеруге келіп жатыр деген тұжырым ұдайы қайталанып отырды. Ал шындығында Қазақстан жері есте жоқ ескі замандардан бері жоғары мәдениет өлкесі, қазақ халқының рухани өмірінің тал бесігі болып келген еді. Бұл өлкедегі әрбірі төбешік, әрбір сүрлеу бабалардың қастерлі есімімен аталған, халық зердесі дәл осы жерден бастау алатын. Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйе мұндай мәселелер жөнінде бас ауыртып көрген емес. Соның салдарынан сәулеткерлік тұрғыдан егіздің сыңарындай ұқсас көбінесе сол аймақтың географиялық және тарихи төлтұлғасына мүлде кереғар, ведомстволар тұрғызған жаңа қалалар бой көтерді. Көптеген қалаларда экология тазалығын корғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және жою жөніндегі шаралар жүргізу ойластырылмады. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді, ал адамдар ондаған жылдар бойы пәтерге жете алмады.

Күрделі қаржы жұмсау көлемнің ұлғаюы, өндіріске қазіргі заман техникасының енгізілуі байланыстың түр-түрін өркендетуге мүмкіндік берді. Қалалық телефон станцияларының сыйымдылығы екі есе ұлғайды. Республиканың тоғыз облыс орталығы фототелеграф байланысымен қамтылды. Хат-хабарларды өңдеуді механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде хаттар, газет-журналдар иелеріне бұрынғысынан едәуір жедел жеткізілетін болды.

Шаруашылық реформасы белгілеген шаралар басқару механизмі тұжырымдамасын жасау жолындағы алғашқы қадам еді. Жаңа құрылған экономикалық басқару-жүйесі реформаның өрістеу барысыңда қол жеткізілген шептерден бірте-бірте айырыла бастады. Жоспарларға түзетулер, дәлдемелер енгізу, толықтыру жиіледі, кәсіпорындар құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді. Олар реформаның мәнін аяусыз бұрмалағаны соншалық ол (реформа) іс жүзінде жұмыс істеуден қалды.

Ауыл-шаруашылығы. КОКІІ ОК-нің 1965 жыл наурыз пленумында тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті талпыныс жасалды. Пленум шешімдерінде колхоздар мен совхоздар экономикасын көтеруге-бағытталған шаралар жүйесін-жүзеге асыру көзделген. Бірнеше жылға арналған-берік жоспарлар белгіленді, ауылшаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасы 2 есе өсіріліп, жоспардаң тыс сатылған өнім үшін үстеме-ақы төлеу енгізілді. Колхоздардан табыс салығын алу шарттары өзгертілді. 1965 жылдан кейін ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Сегізінші бесжылдықта Қазақстанның ауыл шаруашылығына 7,1 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды. Шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы да нығайды. Ауылшаруашылы паркіндегі тракторлар саны 198 мыңға, егін жинайтын комбайндар ондаған мыңға жетті.

Аймақтардың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымда орналастыру мақсатымен өндірісті мамандандыру процестері қанат жайды. Мұның үстіне шаруашылықтарды мамандандыру, олардың тұрақты қайтарымдылығын және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету тұрғысынан да маңызды болды. Мәселен, құрғақшылығы мол аудандарда азайтылған денді дақыл алқаптары республиканың табиғаты қолайлы аудандарында көбейтілуі есебінен есе теңестірді. Оңтүстік-шығыс облыстарда мал басының өсірілуі жайылымдары тапшы. Қысы қатал-солтүстік аудандарда мал басып азайтуға мүмкіндік берді. Дәнді дақыл өсірумен шұғылданған барлық 1893 шаруашылықтың 783-і сегізішні бесжылдықта тауарлы астық өндіруге мамандандырылды.
№20. Лекция тақырыбы: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Лекция жоспары:


  1. 1986 жылғы Қазақстан Компартиясының пленумы. Д. Қонаевтың орнынан алануы.

  2. Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова т.б. айыпталуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Талас Омарбеков “Зобалаң” А “Санат” 1994ж

2. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. - А., 1991.

3. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2, 3-кітап. - А., 1992.

4. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. - А., 1994

Қосымша:

1. М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты”. А.,1992ж



2. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. – А., 1992.

3. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. – А,.1996.


Лекция мәтіні:

Түпкі себептері: 1. Әміршіл - әкімшіл жүйе, тоталитаризм, орталықтың өктемдігі;

  1. Ел экономикасының отарлық – шикізаттық құрылымы;

  2. Ұлттық мүдденің аяққа басылуы, ұлттық мәдени дәстүрлерімізден, тарихымыздан, ана тілімізден айыру. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің басталуына себеп болған – 1986 ж. Желтоқсан пленумында елді ширек ғасыр басқарған Д.А. Қонаевтың қызметінен алынып, орнына Орталық жіберген, Қазақстанды білмейтін Г.В.Колбиннің тағайындалуы.

Сипаты:Әміршіл - әкімшіл жүйеге, орталықтың өктемдігіне қарсы демократиялық қозғалыс.

Қозғаушы күштері: Бойында ұлттық рухы мен намысы атойлаған студент және жұмысшы жастар.

Болған жерлері: Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Арқалық, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Сарыөзек, Талғар, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент т.б. қалалар.

Басты оқиғалар: 17 – желтоқсан күні сағат 7-8 –де пленум шешіміне наразы жастар Брежнев атындағы алаңға жиналды; сағат 1130 – да олар қала көшелеріне түсіп, шеру жасады; Сағат 1330-да алаңға қайта оралды. Алаңдағы жастар үш қатармен (әскерлер, милиционерлер, жасақшылар) қоршап алынды; 1800-2400сағат аралығында жазалаушылар жастарды қанға бөктіріп, аяусыз жазалады. Жүздеген қазақ жастары сотталды, мыңдаған жастар оқудан, қызметтен қуылды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Оның ішінде халықтың жүрегінде мәңгі сақталатын, қазақтың батыр ұлы Қ.Рысқұлбеков те бар.

Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы зор:

1. Ол Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне жол ашты; 2. Кеңес империясының темір құрсауын тас – талқан етіп, өзге де кеңес халықтарының тәуелсіздігіне жол ашты.

1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған "партия сарбазы" Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 минтан арыға созылмады. Бірақ бүл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

17 желтоқсаңда қазақ жастарының көптеген студенттері және жүмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шүғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды үрып-соғып, суык су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі қүғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, -758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.

Желтоқсан оқиғалары қазақ халқының жүрегіне ауыр жара салды, республикада тұратын өзге халықтардың да дегбірін кетірді. КСРО халық депутаты М.Шаханов басқарған комиссия бағалауы бойынша солкездері тұтқынданғандардың саны 8500-ге жеткен, олардың ішінде әр ұлттың өкілдер ібар. Алматының сот органдары 326 адамға әкімшілік жаза қолданған, қылмысты іс жасады деп 99 адам сотталған, бүгінде олардың 66 ғана ақталды. Осы оқиғаларда байланысты бір Қарағанды университетінің өзінен 25 студент комсомол қатарынан, 11-і оқу орнынан шығарылды.

Екі жас жігіт ату жазасына бұйырылды. Ең жоғары жааға бұйырылған Қайрат Рысқұлбековке жазасын жеңілдету жөнінде әлемдік жұртшылықтың ат салысқанына қарамастан, оны аман алып қалуға мүмкіндік болмады. Мәселен, Венгрияның 41 танымал жазушысы сол кездегі КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Төрағасы атына хат жолдап, Рысқұлбековке кешірім жасауды өтінді. Осы мазмұндас хат Польшаның президенті, ол кезде “Ынтымақ” (Солидарность) кәсіподағының төрағасы Л.Валенсадан да келіп түсті. “Хартия - 77” қозғалысының мүшелері де үн қосты. Қайратқа кешірім жасап, оны түрмеден босату жөніндегі телеграммалар АҚШ, Батыс германия, Польша, Туркия интеллигенциясы өкілдерінен келіп түсті. Бірақ, осыған қарамастан іс қайта қаралмады, ал Рысқұлбеков белгісіз жағдайда Семейдің түрмесіне оқыстан қаза тапты.

1986 жылы желтоқсан оқиғасы бүкіл әлемді елең, еткізді, әрі қазақ жеріндле халқының намысын ту етіп көтерген қайратты да табанды өскелең ұрпақ өсіп жетілгенін дәлелдеді. Қазақстанның 70 жыл бойы тартқан тауқыметіне, орталық жүргізген әміршіл де әңгіртаяқ саясатына жас ұрпақ тарапынан лайық ты тойтарыс берілді, бұл үрдіс бүкіл Кеңес Одағындағы демократиялық қозғалысқа бастау болды.
№21. Лекция тақырыбы: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Лекция жоспары:


  1. Көтерілістің себептері.

  2. Көтеріліс жастарының ақталуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Талас Омарбеков “Зобалаң” А “Санат” 1994ж

2. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. - А., 1991.

3. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2, 3-кітап. - А., 1992.

4. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. - А., 1994

Қосымша:

1. М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты”. А.,1992ж



2. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. – А., 1992.

3. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. – А,.1996.


Лекция мәтіні:
“Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.

Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді. 1985-4986 жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар еді.

Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған үшінші қазақ болатын.

Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен “коммунистік идеяға” шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған.

Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің, өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.

Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.

Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.

Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.

17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.

Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.

Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.

Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.

Орын алған іс-әрекеттердің насихаттық мәнінің бұрмаланып берілгендігін атап өту қажет. Мұндай жағдай ұлтаралық алауыздықты қоздырып қана қойған жоқ, сондай-ақ солтүстік аймақ қазақтарын оңтүстіктегі қандастарына қолдан қарсы қойып, республиканың билік салаларына көп орын алып отырған соңғыларына “мафиялық Техас” деген айдар тақты.

1986ж. желтоқсанның үш күні ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды казармалық режимде өмір сүруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы қорқынышты жеңіп шықты. Жастар өз халқы атынан кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс сезімін таптауға енді ешкімге жол бермейтіндігін ашық айтты. Қазақ тарихында есте қаларлық минуттар, сағаттар мен күндер аз болған жоқ. Ұлттың қазіргі заман тарихындағы есте қаларлық минуттардың бірі — 1986 жылғы желтоқсандағы үш күн. Кейіннен маған бірнеше рет көп адамды, оның ішінде М.С.Горбачевті де өз халқымнан ұлтшылдыққа байланысты айыптауды алып тастауға көндіруге тура келді. КОКП ОК Саяси Бюросы өз шешімін жоюға мәжбүр болды.


№ 22. Лекция тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН ГОРБАЧЕВ РЕФОРМАЛАРЫ ТҰСЫНДА (1985-1991 жж.)



Лекция жоспары:

1. Экономикалық жүйдегі дағдарыс.

2. Экологиялық проблемалар.

3. Халықтың әл – ауқатының нашарлауы.



Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. А., 1991.

  2. Алматы. 1986. Желтоксан. 2,3-кітап. А., 1992. Зерттеулер

Қосымша:

  1. Верт Н. История советского государства. 1900-1991. А., 1992.

  2. КунаевД.А. От Сталина до Горбачева. А., 1994.


Лекция мәтіні:

1. 1985 жылы Қазақстанның экономикасы дағдарыстың алдында түрды. 1971-1985 ж. аралығында ендірістік өнімдердщ өсу каркыны 9,3%дан 3,5%ға қысқарды, ұлттық табыс - 10,3%дан 1%ға дейш төмендеді. 1985 жылы өндірілген ұлттық табыс 5,7 млрд. сомға жеткенімен, оны өндірумен және жинақтауына жұмсалған қаржыдан темен болды.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұданда ауыр болды. 1972-1985ж. аралығында басты өндірістік қорлар үш есе, ал азык-түліктер өндірісі бір жарым есе кебейді. Совхоздар мен колхоздардың жартысы шығынға ұшырап, тиімсіз болған. Олардың мемлекетке қарызы 12 млрд. сомға дейін жеткен, ал өнімдердің өзіндік бағасы жоспарланғаннан 7 млрд. сомға жоғарылады.

1985 лшлдан бастап экономиканы кдлпына келтіуу шаралары қолға алына бастады. Бірақ ол экономикалық саясаттың негізіне сеп болмады, сондықтан олда сәтсіздікке ұшырады. Енді шаруашылықты басқару жүйесін өзгерту жоспарға алынды. Жаңа батыстык техникалардың технологиялык өнімдері кебейтілді. Алайда олда нәтиже беріп, үмітті актамады.

1987ж. бастап өндірістердің қарқыны төмендей бастады. 1988ж. шілдеде өкімет кооперативтердің яғни мемлекетгік емес, мепшігі бау кәсіпоуыпдаудыц кызметін легализаииялауга можбуу болды. Бірақ кооператив секторы экономиканың негіздерін қозғай алмады. Қазақстанда 1991 ж. дейін кооперативтердін саны 15 мыңға жетгі, ал оларда 220 мың адам жұмыс істеді. Бүл 10-15 жүмысшысы бар ұсақ кәсіпорындар болды.

1987ж. бастап өкімет меншік ңатынастауын өзгеутетін жоспаулы науыктык экономиканы қууа бастады. 1988-1989жж. Қазақстандықтардың тұрмыс дәрежесі төмендей бастады. Г.Колбиннің үсынған кең көлемді түрғын үй қүрылысы туралы жоспары кеп қаржы бөлінгеніне қарамастан нәтижесіз болды.

1990ж. бірінші рет мамырда КСРО өкіметі нан және нан өнімдерінің бағасы 3 есеге өсетіні туралы хабарлады. 1991ж. қаңтарынан бастап - көтерме және айырма бағалар 0,5-2 есеге өсті. Сураныстар тауарлардын тапшылығын қүшейтті. 1991ж. басында іске асырылған акша реформасы халыктын түрмыс дережесіне тағы соқкы берді. Экономикалық реформалардың сәтсіздігі КСРО екіметінің ендіріс каржыларын жекешелендіру және нарыкпен социализмді үштастыру шараларынан бас тарту әрекеттерінен байкалды. 1990ж. Казақстаннын тәуелсіздік алуы республиканың рынокка ету концепциясынын пайда болуына экелді.

2. Орталық ведомстволардың Қазақстанның табиғи ресурстарына варварлық, жыртқыштық қатынасы 70-90жж. Республикада экологиялық дағдарысқа әкеліп соқты. Кейбір аймақтарда ол апатты сипатта болды.

Күрделі экологиялық мәселелердің бірі Қазақстан территориясының радиациялық ластануы болып табылады. 1949ж. бастап Семей полигонында іске асырылған ядролық сынақтар Орта және Шығыс Қазақстанның орасан зор территориясының улануына әкеліп соқты. Республикада ядролық сынақтар еткізілген тағы 5 полигон болды. Оның шекарасына жақын Лоб-Нор қытай полигоны орналасқан. Радиациялық көрсеткіш Қазақстанда Байкоңыр космодромынан космос кораблін жіберу кезінде озон тесіктерінің пайда болу нәтижесінде көтерілді. Қазақстан үшін радиоактивтік қалдықтар үлкен мәселе. Сонымен, Ульба комбинаты ураи және ториймен ластанған шамамен 100 мың тонна қалдықтарын шығарған. Әрі қалдыктарды сактау орны Өскемен қаласында орналасқан. Дәл радиациялық ластану мәселесінің күрделілігі 1991ж. 30 тамызда "Семей полигонында сынақ өткізуге тыйым салу туралы Заңнын" қабылдануына әкелді.

Іле және Орал езендерінде де қауіпті экологиялық жағдай қалыптасты.

Республиканың жер ресурстарыда дағдарыс жағдайында, жайылымдар шөлге айналуда, қүнарлы егістік жерлер тозуда. 69,7 млн. га астам жерлер эрозияға үшыраған. Сонымен қатар күрделі проблемалардың бірі ауаның ластануы болып табылады. Әсіресе ірі өнеркәсіп орталықтарында.

3. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов облысында қызмет атқарған "партия сарбазы" Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 минтан арыға созылмады. Бірақ бүл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

17 желтоқсаңда қазақ жастарының көптеген студенттері және жүмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шүғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды үрып-соғып, суык су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі қүғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, -758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.



№ 23. Лекция тақырыбы: ГОЛОЩЕКИН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Жоспары:

  1. Голощекиннің “Кіші Қазан” саясаты

  2. Зардаптары мен қасіреті.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Талас Омарбеков “Зобалаң” А “Санат” 1994ж

2. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Книга-хроника. - А., 1991.

3. Алматы. 1986. Желтоқсан. 2, 3-кітап. - А., 1992.

4. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. - А., 1994

Қосымша:

1. М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты”. А.,1992ж



2. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. – А., 1992.

3. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. – А,.1996.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет