Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігінен тысқары шығып, ауыл шаруашылығының жайлы ортасымен танысуы Ауылдық туризм немесе «агротуризм» қала тұрғынының әдеттегіден тыс, ауылды жердің ерекше ортасымен танысуына бағытталған. Туризмнің мұндай түрі күнделікті бірқалыпты жұмыстан демалып, ауыл өмірімен танысуға, таза ауада тынығуға және үлкен қала тұрғынына жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. «Өркениеттен» алыс аймақтардағы күнделікті өмірдің ерекшелігі – дене және психикалық денсаулықты нығайтып, күш-жігер беріп, ұзақ жылдарға көтеріңкі көңіл күй мен жылы естелік сыйлайды.
Ауылдардағы, әсіресе бірегей табиғи туристік орындардың маңында орналасқан жерлердегі туристерді қабылдайтын үйлер жыл он екі ай жұмыс істейді. Олар тек үй-жай беріп қана қоймай, ұлттық тағамдар ұсынылған дәмді дастарханмен, қазақи қонақжайлылықпен қонақтарын қуантады.
Еліміздегі түрлі этноауылдар да агротуризмнің бір бөлігі деуге болады, себебі олардың мақсаты – қазақ даласының тұрмысы мен салт-дәстүрімен таныстыру.
Діни туризм Шынайы қызығушылық танытып, сенетін, таза ниетті жандар үшін Қазақстанның қасиетті мекендерінің есігі әрдайым ашық. Діни түризмнің сапарларларды ұйымдастырумен байланысты дәстүрлі екі бағыты бар: зиярат туризмі – сенушілердің қасиетті орындарға табыну рәсімін жасау мақсатында, ал экскурсиялық-танымдық тармағы өңірдің мәдени және рухани әлемімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Қазақстанның кең аумағында орналасқан мыңдаған киелі орындардың көбі мұсылмандар үшін де, басқа дін өкілдері үшін де қасиетті саналады. Дегенмен, тарихи ескерткіштердің басым көпшілігі қазақ халқына ата-бабаларынан қалған діни сенімі Исламмен байланысты. Сол себептен, мешіттер мен кесенелерде дұға оқуға, мазарларда рухтарға ғибадат етуге Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен зиярат етушілер келеді. Қазақстанда зиярат етудің басты орталығы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Сондай-ақ, елімізде бірегей иконалар, ерекше естелік элементтер сақталған аса әдемі православиелік және католик шіркеулері орналасқан. Қазақ жерінде кезінде Будда храмдарының да болғанын ескере кеткен жөн, олардың бірінің ізі Орталық Қазақстан өңірінде табылған.
Қазақстан Республикасының саясаты толеранттылық пен дінге еріктілік сипатында, сондықтан мұнда кез келген дін өкілдеріне діни турларға аттануға болады - шынайы қызығушылық танытқан түзу ниетті әр адамға қасиетті жерлердің есігі әрдайым ашық.