Гастрономиялық туризм
Еліміздің тіл үйірер тәтті тағамдарынан дәм ала отырып өзіңіз үшін жаңа деликатес түрлерін ашыңыз
Тіл үйірер дәмді тағамдардан ауыз тиіп, жақсылап тамақ ішуді кім ұнатпайды? Әр халықтың ұлттық тағамдары көпқырлы әрі бірегей болып келеді, сол себептен дәм мен хош иістің жаңа үйлесімін татып көру үшін мыңдаған шақырым асатын туристерге еш таңғалмаймыз.
Қазақстанда гастрономиялық турларға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Бұған себеп – елдегі дәмдердің сан алуандығы және ет пен сүтке негізделген аутентикалық ұлттық тағамдар. Елдегі гастрономиялық туризмнің тағы бір ерекшелігі – оның мәдени алуандығы. Мұның арқасында, шетелдік саяхатшылардың елімізде еуропалықтан бастап паназиялық тағамдарға дейін, түрлі халықтардың дәстүрлі тағамдарының дәмін татуға мүмкіндігі бар. Алайда, олардың назары ортаазиялық тағамдарды дайындайтын мейрамханалар мен дәмханаларда, себебі олар әдетте қонақтарды дүркіретіп қарсы алып, дәмді тағамдардың көп мөлшерімен қуантады.
Оған қоса, гастрономиялық сапар кезінде аспаздық шеберлік сыныптарына қатысып, үйге оралғанда туған-туыстарды жаңа тағамдармен қуантуға болады. Жалпы айтқанда, көшпенділер еліндегі гастрономиялық саяхат әр туристке ұмытылмас жарқын әсер сыйлайды!
Экстремалды туризм
Елімізде сіз үшін қауіпті де қорқынышты сезімдерге бой алдырып, адреналиннің көлемді мөлешерін алуға мүмкіндік беретін, қайталанбас әсер сыйлайтын орындар саны жетерлік.
Күшті сезімдерге бөлейтін, қауіп-қатермен байланысты белсенді демалыс түрлерін таңдау соңғы уақыттары кең таралып келеді. Себебі, қарапайым жайбарақат демалыс кейде жалықтыра бастайды, және дәл осы уақытта жаңа эмоциялар сезіну үшін саяхатқа аттануға кез келеді.
Елімізде адреналиннің көлемді мөлшерін алуға болатын орындар көп. Мысалы, бэккантри, фрирайд, хелиски секілді, таудан экстремалды сырғанауға жарамды, адам аяғы баспаған тау бөктерлерінде арнайы турлар ұйымдастырылады. Жүрек жұтқан альпинистер мен жартасқа өрмелеушілер де Қазақстан таулары мен жартастарында өз сүйікті ісімен айналыса алады. Альпинистер арасындағы ең танымалы – биіктігі 7010 болатын Хан-Тәңірі шыңы. Су күшін сынап көргісі келетіндер долы өзендермен ағып жүзу турларына қатысса, ал қалықтап ұшуды қалайтындар парапланеризм (параглайдинг) арқылы өзіне бүкіл аспанды «сыйға тарта» алады.
Осылайша, Қазақстанда уақытты экстремалды өткізудің көптеген түрі бар, және осының арқасында тіпті ең талғампаз экстремал да бұл жерде максималды сапалы, үздік демалыс өткізе алады.
Ғарыштық туризм
Күллі ғаламға бір елі жақындап, миллиондаған галактиканың бөлшегі ретінде оның шексіздігін сезінуге деген зор мүмкіндік.
Ғарыш қашан да әркімнің қызығушылығын тудыратын, бұл шексіз кеңістік ғасырлар бойы түрлі өркениет өкілдерінің арасында қарама-қайшы көзқарас пен көптеген пікірталастар тудырған.
Қазақстан аумағында орналасқан тұңғыш әрі әлемдегі ең үлкен «Байқоңыр» ғарыш айлағын шынымен де әлемдегі ғарыштық туризмнің отаны деуге болады. Алғашқы «ғарыш туристі» бұл жерден 2001 жылы ұшқан болатын, алайда мұндай саяхат үшін зор денсаулық және күш-жігер қажет. Ал отандық ғарыш туризмі Байқоңырдағы мұражайлық және старттық кешендерге шолуды, қондырғылардың старт алаңында орнатылуын және зымыранның ұшуын тамашалауды қамтиды. Алайда, Байқоңыр әрекет ететін ғарыштық база болғандықтан, барлық құжаттарды дайындау және қажетті тексерістерден өту себебінен турдың басталуын біраз күтуге тура келеді.
Адам әрқашан қиял шегінен асып түсетін нәрселерге құштар болған, сондықтан ғарыштық туризм – дәл сол «зерттелмегенмен» бетпе-бет кездесуге, бүкіл әлемге қол ұшын тигізуге және миллиондаған галактикалардың ұлылығын сезінуге нағыз мүмкіндік.
Достарыңызбен бөлісу: |