Экологиялық туризм
Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі, ұлттық саябақтары мен көне дәуірден сыр шертетін табиғи ескерткіштері.
Қазақстанның байлығы – оның табиғаты, яғни экологиялық туризмге жарамды мыңдаған шақырымға созылған адам қолы тимеген аумақтар. Экотуризм сүйер туристер елдің сұлу жерлерінде серуендеп қана қоймай, еліміздің табиғи көрікті орындары туралы білімін жетілдіріп, қоршаған ортамен үйлесімді байланыс құра алады.
Еліміздің әрбір өңірінде өзіне тән ерекше орындары бар, олардың ішінде бірегей табиғатымен ерекшеленетін ұлттық саябақтар, резерваттар мен қорықтар. Шетелдік туристер үшін Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер әлемі, шексіз жазық далалары мен ауасы таза кең аймақтары қызықты. Оның үстіне, қорғалатын аймақтар бойынша ұйымдастырылатын турлар, ол жақтарда тұрудың жайлы жағдайлары және ұлттық ерекшеліктермен танысу секілді қызметтер бұл туризм түрін жандандыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |