Ағылшын тарихшысы Алэн Боджер 1980 жылы «The Slavonic and East European Revieur»-де жарияланған «Қазақтардың Кіші ордасының ханы Әбілхайыр және оның 1731 жылғы қазанда Ресейге адалдыққа берген анты» деген мақаласында көп ауқымдағы деректемелер мен әдебиетке сүйене отырып, проблемаға өз көзқарасын айтуға тырысады.
Кіші жүз қазақтары бодандығының сипатын А. Боджер Ресей қамқорлығында болуға келісе отырып, олар қажет болған кезде орыс шекарасын қорғауға; Орта Азияға баратын орыс сауда керуендеріне көмек көрсетуге және қорғауға уәде берді деп анықұтайды. Алайда «қазақтар үшін, - деп жазады ол, - ант түгелдей формальды сипатта болды, қолайлы кезде бір жақты бас тартуға болатын, өз еркімен қабылданған ерікті қамқоршы мәртебесін Ошдірді. Қазақтар Ресей егемендігін қабылдаудың есесіне өздерінің сыртқы жауларына қарсы күресте одан қолдау табу, орыс шекарасын бойлай жатқан жайылымдарды пайдалануда артықшылықтар мен мүмкіндіктер алу үмітінде болды. Патша екіметі казактардың етінішіне аса мән бергені сондай, оларды өз еркімен Ресей бодандары қатарына қабылдау ы». Орыс және кеңес тарихнамасында, - деп пайымдайды автор, - осы оқиғаның сипаты мен қазақ халқының тарихындағы рөлі жөнінде қарама-қайшы көзқарастар бар. Патшалық Ресей тарихшыларының басым көпшілігі қазақтар шынында да өз көршілерінің қысымы өсе түскенімен, Әбілқайыр мен Сәмеке сияқты көшбасшыларының приниипті дәлелдері ең алдымен олардың билік жолындағы ішкі күресіне байланысты деген пікір ұстанды. «Олар (орыс тарихшылары. ) мінез-құлқы жағынан Әбілкайырдың өз уәдесін орындауға күші адам болғанына, оның ант беруі «шығыстық айла-шарғы» екеніне, ал патша үкіметінің онымен одақты қазақтарға ықпал ету үшін пайдалану саясатының босқа кеткеніне көз жеткізді» - деп жазады А. Боджер. С. Асфендияров пен B. Лебедевтің еңбектеріне сілтеме жасай отырып, ол кеңес тарихшыларының да Әбілқайыр мен қазақ феодалдары билік басындағыларының Ресеймен одақ жасауға барғанда тек өз пайдаларын, қазақ еңбеккеріне өз билігін нығайту жолдарын іздестірді деп санағандығын керсетеді.
Бұдан әрі А. Боджер тарихнама дамуының негізгі кезеңдерін, оның проблемаларын, атап айтқанда, Қазақстан тарихына қатысты «ең аз зұлымдық» дейтін теорияның пайдаланылуын баяндайды. Осы формуланы пайдалана отырып, - деп жазады ол, - кеңес ғалымы М.П. Вяткин XVIII ғасырдың басында қазақтардың еңбекші бұқара үшін азапты да ауыр болғанымен, оларға Жоңғарияға бағынудан гөрі неғұрлым перспективалы орыс бодандығын таңдаудың қиын жағдайында тұрды деп пайымдады.
Достарыңызбен бөлісу: |