Американдық Орта Азия танушы М. Ривкин сайып келгенде кеңестік тарихнамада «абсолютті қайырымдылық» салтанат құрды деп пайымдайды. Оған сәйкес Қазақстан тарихы қазақ ғалымдары да қол қоюға тиіс болған мынадай төрт формулаға сыйғызылған: 1) Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқынын ең әйгілі және көреген өкілдері XVI ғасырдан бастап көздеген мақсат болды.
2) Ресеймен бірігу қазақтарды Шығыстың варварлық мемлекеттерінің құлдыққа салуына жол бермеді және оларды барлық азиялық көршілерімен салыстырғанда неғүрлым өркениетті елмен жақындастырды.
3) Қазақстанды Тесейдің аннекциялауы оның жерін Қытай, Ресей және Қоқан арасында бөлуді тыйып, экономиканың прогресшіл нысандарына жол ашты.
4) Қазақтарда бүкіл тарихы бойында өзінің ұлттық мемлекеттігі болған жоқ, Қазақ КСР-ін (Кеңес Социалистік Республикасы) құрып, қеңестік режим ғана осындай мүмкіндік берді.
Шетелдік ғалымдардың зерттеулері халықтың ұлт-азаттық күресіне марксист тарихшылардың таптық көзқарасының келешегі жоқ екенін көрсетеді, атап айтқанда, мұны қоныс аударушылардың патшалық жазалаушы әскерлермен бірге қазақ көтерілісшілеріне сондай-ақ 1917 жылы өз жеріне қайтып оралған босқындарға қарсы шыққаны дәлелдейді.
Бірқатар авторлардың еңбектерінде XIX - XX ғасырлардың басында Қазақстанның көптеген аудандарында егіншіліктің таралуы туралы мәліметтер бар. «Қазақтардың бір бөлігі , көшпелі тұрмыс салтынан отырықшылықты артық көріп, - деп көрсеткен Ж. Б. Пакье XIX ғасырдың 80-жылдарында, - Сырдарияны бойлай орналасады да, бидай және басқа да дәнді дақылдар өсіреді». С. Грехам, швейцариялық ғалым Н.А.Дингельштедт Қазақстанның оңтүстігінде суармалы егіншіліктің жер-жерде дамығаны туралы айтады К.Оланьон «қазақтардың ерте заманнан бері малшы халыққа тән жартылай көшпелі тірлік кешкені» туралы айта келіп, Қазақстанның солтүстік облыстарындағы егіс көлемі және жиналатын бидай туралы деректер келтіреді.
Дж. Уорделлдің, К. Оланьон мен басқалардың еңбектерінде Орталық және Шығыс Қазақстандағы пайдалы казбалар мен тау-кен өнеркәсібінің дамуы туралы бірқатар қызықты мәліметтербар.
Осы айкын фактілерге қарамастан, XIX-XX ғасырдың басындағы зерттеушілердің көпшілігі «қазақтардың егіншілікке» және көшпеліліктен басқа кәсіптің өзге түрлеріне «өте жиренішпен қарайтыны» туралы қате тезис ұстанып келд.
Зертгеушілер көшпелі қоғамды бейне бір дербес әлеуметтік организм, оның дамуын өзінің ерекше табиғи жаратылысы мен тарихи үрдісінің заңдары билейді деп қарастырды (Р. Груссенің «көшпелілердің нақты мезгілдік көші-қон» теориясы, А. Тойнбидің «шағын өркениет» тұжырымдамасы және баскалар).
XIX гасырда көшпелі мал шаруашылығын қазақтардың материалдық. өндірісінің негізгі саласы деп суреттеу, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін белгілі бір жағынан тереңдеп түсіндіру Қазақстанға келіп кеткен батыс авторларының барлық еңбектерінде кездеседі деуге болады. Маусымдық көші-қон тақырыбы неміс этнографтары Карл Нейманн, Фридрих Фурман, Вольфтанг Кениг, француз этнографы Фредерик де Рокк және басқалар арнайы мәселе болды.
XX ғаырдың 60-жылдарынан бастап, әсіресе американ тарихшылары мен этнографтарының зерттеулерінде номадтар қоғамына көшпелілердің қоғамдық ұйымы мен олардың өндіріс жүйесі, күнделікті тұрмысы мен мәдениеті біртұтас дүние ретінде көрінетін күрделі әлеуметтік құбылыс деген көзқарас басым бола бастады. Осыны негізге ала отырып Э. Бэкон. Оның ізінше Л.Крадер көшігелі қоғамды зерттеуге кешенді түрде қарау қажеттігін ұғынып, оған дәстүрлі қазақ номадизмін өзек етіп алды. Бұл орайда Э. Бэкон қазақтардың көшпелі қоғамы тарихын мәдениет тарихы ретінде қарастырды, ал Л. Крадер өзінің назарын көшпелілердің экологияға, сондай-ақ монғол-түрік халықтарының әлеуметтік ұйымдасуына, олардағы этногенездік үрдістер мен мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты проблемаларды жан-жақты зерттеуге шоғырландырды.
Тарих ғылымында дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық табиғатын анықтау проблемасында әр түрлі көзқарас орын алған. Батыс зерттеушілері ол патриархаттық сипатта болды, қазақтарда жерге жеке меншік болған жоқ деп санайды Дж. Фокс-Холмстың мақаласына редакциялық алғысөзде кеңістік тарихшылар «қазақ қоғамының көмескі және бұлынғыр құрылымыныың өзін маркстік терминологияның қатаң аясында көрсетуге» тырысты делінген. Ағылшын кеңестанушыларының органы «Ортаазиялық шолуда» жарияланған «Қазақстандағы феодализм: маркстік тарихнаманың кейбір қиыншылықтары» деген мақалада В.Ф.Шахматовтың «Қазақ патриархаттық-феодалдық мемлекеттілігінің негізгі белгілері» деген мақаласына оның проблемаға көзқарастарын С.В. Юшков. М. П. Вяткин, Т.М.Күлтелеев. Н. Г. Аполлова еңбектерінің тұжырымдарымен салыстыра отырып, егжей-тегжейлі талдау жасалады. Рецензенттің пікірінше, аталған маша кеңестік тарихнаманың маркстік кезеңдерге бөлуді «өркениет деңгейіне және географиялық орналасуына қарамастан» барлық халықтарға қолдануға тырысудың сипатты мысалы болып табылады.
XVIII-XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихын шетелдік зерттеушілердің еңбектері өздерінің мазмұны жағынан оның Қазақ даласының Ресейге «қосылуына», патша екіметінің Орта Азия аймағындағы отарлау саясатына және қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына байланысты саяси қырларына бейім тұрады.
Қазақстанның Ресей отарына айналдырылу үрдісінің бастапқы кезеңі туралы Джон Кэстльдің «Күнделігінде» айтылады, ол Кіші жүздегі ішкі саяси жағдайға, Әбілқайыр ханды қолдаған ықпалды сұлтандарға, билер мен батырларға, қазақтардың жайық қазақташқұрттармен, еділ қалмақтарымен және Орынбор әкімшілігімен өзара қатынастарына назар аударған.
Шетелдік нарративтік әдебиетте орыс әскерлерінің Орта және Ұлы жүз қазақтарының жерін жаулап алуының, дала өңірінде нығайтылған шептер мен бекіністер салудың негізгі кезеңдері егжей-тегжейлі суреттелген (Ч. Котрель, Феррье, Ф. Барнаби, Л. Ланье, Ю. Скайлер, Я. Мак-Гахан, Х. Стамм, және басқалар). Бұл орайда күнделіктер мен жолжазбатардың көпшілігі суреттелетін оқиғаларды көзімен көрген немесе орыстар мен жергілікті тұғындардан сұрау арқылы олардың ізін суышай жазып алған авторлар болып жатқан оқиғаларды калайда ой елегінен өткізуге, XIX ғасырдағы орыс-қазақ қатынастарының мәніне бойлауға ұмтылған. Ресейдің Қазақстанға басып кіру себептерін олар «I Петр заманынан бастап орыстардың орасан зор шығыстық империя құруға ұмтылысында», «олардың татарлар мен түріктерге дәстүрлі жаулығында», «жартылай жабайы номадтар арасына заңдылыкқ пен тәртіп енгізу қажеттігінде» және басқаларда деп білді.
XIX ғасырдағы Ресейдің Орта Азиямен жөне Қазақстанмен өзара қатынастарының тарихы жөніндегі қорытындылаушы зерттеулердің авторлары - Д. Бульджердің, А. Краусстың, Ф. Скрайнның тұжырымдары тұтас алғанда, олардың інтірінше, XIX ғасырда батыс баспасөзінде әр түрлі нұсқада жарияланған «I Петрдің өсиеті» деп аталатын құжатта жазбаша түрде рәсімделген «орыстардың ежелгі агрессияшылдығы» туралы идеяларға негізделген.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қазақ жеріне еміне, ентелей енген орыстарға ілесіп батысаяхатшылары, көпестері мен дипломаттары да келе бастағаны белгілі. Солардың ішінде Кіші жүз қазақтарының тарихы мен этнографиясын зерттеуге аса зор үлес қосқан, 1735-1737 жылдары Орынбор экспедициясының құрамында орыс қызметінде болған ағылшын суретшісі Джон Кэстльді ерекше атап өткен жөн. Д. Кэстльдің баяндауымен жазылған және суреттерімен мол өрнектелген саяхат күнделігі неміс тілінде «Орыс тарихының материалдары» атты жинаққа қосымша ретінде 1784 жылы Ригада жарық көрді. Бүл күнделігінде суретші қазақтардың тіршілігі мен түрмысынан өте құнды материалдар жинақтап, оларды суреттермен қамтамасыз еткен. Онда Кіші жүздегі саяси ахуал, бұл жағдайға аймақтың әлеуметтік топтарының көзқарастары, қазақ халқының қолөнері, киім-кешегі, тұрмыс салты, шаруашылығы, Орта Азия халықтарымен сауда, материалдық және рухани қарым-катынастары кеңінен көрініс тапкан.
Кэстль қазақтарды «орта бойлы, қара шашты, өткір жанарлы, денсаулығы мықты да төзімді, қонақжай халық» санатында сипаттайды.
Осы уакытка дейін еңбегі ғылыми ортаға, айналымға енбей келе жатқан шығыстанушы О. Прицактың Қазақстан жерінде өмір сүрген ертефеодалдық мемлекеттер мен олардың тайпалық құрылымы жөніндегі ізденістері ерекше тоқталуды қажет етеді. Бұл түрғыда оның орта ғасырдағы «Еуразия тарихы туралы зерттеулері» айрықша маңызды. Прицакараханидтер, қарлұқтар, түркештер, ұйғырлар қағанаттары жайлы қызыкты деректер келтіреді.
Мәселен бұл кітабында автор қараҳанидтердің саяси тарихына және бұл тақырыптың таласты мәселелеріне арнайы мақалалар арнайды. «Мұндай зерттеуді. қажеттігі, - деп көрсетті Прицак, - бұрынғы еуропалық ғалымдар, олардың ішінде орыстар да, осы дәуір тарихын зерттеуде ираноцентристік тұғырнама ұстанып келді. Олар назарларын негізінде саманидтер мен салжұқтар, Ғазнауи, Хорезмшах елдеріне бөледі де, ал караханидтер мемлекетіне мұсылман әлемінің шеткергі аймағы, артта қалған өлкесі рөлін береді. Ал сайып келгенде қараханидтер мемлекеті көне түркілер мен ұйғырлар көшпенді империясының құқықты мұрагері болып табылады».
Қазақстанның маңғол шапқыншылығынан кейінгі тарихы мен мәдениеті де шетел ғалымдарының назарынан тыс қалмады. Оның ішінде ерекше көңіл бөлінген тақырыптар мыналар: XYIII XIX ғасырларда қазақ даласының отарлануы, Ресейдің Ұлы Петрден кейінгі кезеңдегі империялық саясаты. У. Бульджер, А. Краусс, Э. Росс және тағы басқалары, кейін бұл зерттеулерді А. Резис, C. Беккер, Ф. Гольчевский, П. Хопхрикжалғастырды.
Ресеймен шекаралас аз халықтарды жаулап алуда белсенді рөл атқарған, әсіресе қазақ жерінде отаршылдық тәртіптің қарулы сақшысы болған Орынбор, Сібіp, Орал, Жетісу казактарының қандыбалақ тарихының жылнамасы іспеттес американ профессоры Роберт Макнилдің «Патша мен казактар: 1855-1914 жылдар» және ағылшын ғалымы Альберт Ситонның Р. Пирс, М. Равкнн, А. Беннингсон, Коррер д'Анкос, Д. Гейер, М. Ферро, P. Суни және басқалардың еңбектерінде нанымды баяндалған. Қазақ қоғамынын күн тәртібінде отаршылық қанаудан құтылу мәселелері тұрды. Орыс қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды қазақ қоғамына күштеп таңу, жарлығы - байға, халықты -құдайға қарсы қою әрекеттері қазақ еліне зор қайғы-касірет әкелді. Американ ғалымы Р. Смаль-Стоцкийдің: «1917 жылы Ресейде шындығында екі революция басталуы. Оның біріншісі этнографиялық жағынан алғанда орыс жерінде орын алған, ең алдымен саяси, сонан кейін әлеуметтік мақсаттар көздеген орыс революциясы да. ал екіншісі этнографиялық жағынан орыстарға қарамайтын жерлердегі каналған халықтардың орыстарды өз жерлерінен қоныс аудартуды көздеген орыстарға қарсы революциясы болды» - деуі қазіргі кезеңнің талаптарымен астасып жатқан пайымдаулар.
Сондай-ақ, 1930 жылдың жазында өткен партияның XVI съезінде И. Сталин: «Халықтың жыл сайынғы өсімі 3 миллионға жуық" деп мәлімдеді. Ал XVII партия конференциясында Кеңес Одағының халқы 160 миллион болғандығы хабарланды. Ең бергі есеп бойынша, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Одақта халық саны 190 миллионға жетуі керек екен, бірақ 1939 жылғы санақтың қорытындысы бойынша бұл цифр 170 миллионды ғана құрады. Сонымен жаппай репрессия, ұжымдастыру кезіндегі аштық Сталиныің басқа да «шұғыл шаралары» салдарынан кемінде 20 миллнон адамның бейбіт өмірде қүрбан болғанын көреміз. Егер бұл сұмдық цифрды үлттарға шақсақ, ең ауыр соққыға қазақтар душар болған. Р. Конквестің, американ ғалымы М. Олкоттың және кеңестік тарихшылар мен публицистердің еңбектерінде келтірілген мәліметтерді салғастырғанда 1931-1933 жылдар аралығының өзінде қазақтардың саны 40-50 пайыз ойсыраған. Бұл - 2 миллион халқы бар бір мемлекеттің із-түзсіз жойылып кетуімен пара-пар.
Қорытындылай келгенде, XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сним тағы оқиғаларға толы. 1730 - 1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей мемлекетінің құрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII - XX ғасырлардағы) ең көкейтесті жақтары зерттеушілер назарынан тысқары қалмады. Осынау қиын - қыстау кезеңдерде қазақ жерін еуропа және орыс ғалымдары әр салада зерттеулер жүргізген. Енді осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянактауды талап етеді.
2. Отандық зерттеушілер мен орыс саяхатшылары және тарихшыларының қазақ өлкесін зерттеудегі маңызы Қазақстанда тарихи географияның арнайы ғылым саласы ретінде қалыптаспағаны белгілі. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін арнайы түрде тарихи-географиялық зерттеулер жүргізілмеді. Белгілі зерттеуші Г.Ф.Дахшлейгер «Қазақстан тарихнамасында шығыстану, деректану, палеография, нумизматика, геральдика, метрология, тарихи география жəне т.б. қосымша пəндер жеткілікті деңгейде көрініс алмай жатыр» деп, 70-шi жылдарға дейінгі жағдайды шолып өтті .
Дегенмен, Қазақстан тарихына байланысты тарихи география мəселесі мүлдем қарастырылусыз қалған жоқ. Отандық ғалымдардың зерттеулерінде арнайы немесе жанама түрде болсын тарихи- географиялық тақырыптар көтерілді.
Қазақстан тарихының Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнамасы, Қазақстанның тарихи өлкетануы жəне оның зерттелу тарихнамасы Г.Ф.Дахшлейгердің, Э.А.Масановтың, сонымен қатар С.Ш.Ахметованың еңбектерінде қарастырылған болатын . Мұнда ХІХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи өлкетануының қалыптасуын қарастыруда автор көбінесе жоғарыда көрсетілген тарихнамалық еңбектерді қайталағанмен, біріншіден, Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысына, екіншіден, мұржайлық өлкетанудың жəне ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы мəселелеріне жан-жақты тоқталады .
Қазақстанда жарық көрген археологиялық, тарихи-этнографиялық, өлкетанулық зерттеулердегі тарихи-географиялық мəселелерге шолу жасау -нəтижесінде мəліметтерді жинақтап, зерттеулердің даму динамикасын көрсету. Қазақстан тарихының тарихнамасында мəселе арнайы түрде қарастырылмағаны белгілі . Себебі тарихи география арнайы ғылым саласы ретінде дамымады.
Алдымен отандық зерттеулердегі қандай мəселелер мен сұрақтарға назар аудару қажет. Ресейлік маман В.Яцунскийдің жіктемесіне сүйене отырып, тарихи география тұрғысына жататын келесі мəселелерге назар аудару қажет:
- халықтардың, ру-тайпалардың нақтылы территорияларда орналасуы;
- мемлекеттердің шекаралары;
- сауда жəне қатынас жолдары;
- əкімшілік-территориялық бөлініс мəселесі;
- тарихи оқиғалардың болған жерлері;
- жорықтардың маршруттары;
- тарихи-мəдени ескерткіштердің орналасуы .
Тарихнамалық ізденісте, кезеңдерге бөліп қарастыру арқылы ең маңызды мəселелерге шолу жасалды. Қазақстанның тарихи географиясының мəселелерін үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынылады.Біріншіден, бұл Қазан төңкерісіне дейінгі кезең - Қазақстан тарихын зерделеуге бағытталған қазақ зиялыларының еңбектері. Екіншіден, кеңестік кезең - отандық зерттеулер мен еңбектер, отандық тарихнамада үлгілі тарихи зерттеу санатына жататын, тарихи-географиялық еңбектер. Үшіншіден, қазақстандық кезең - тəуелсіздік алғаннан бергі зерттеулер.