Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және xixғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі Жоспар



бет7/8
Дата19.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470969
1   2   3   4   5   6   7   8
сөж4-5

Н.Шаяхметовтың зерттеулері Қазақстанның тарихи географиясының бағыттарын анықтау мен əдіс-тəсілдерін дамытуға бағытталған. Автор отандық зерттеулерде «кенже қалып отырған салалардың бірі - тарихи география» екенін айта отырып, оның себептерін ашқан. Автор ғылыми саланың маңыздылығына тоқтала келіп, бес түрлі қажеттілігін айқындайды: 1) «Тарихи география» мамандығы бойынша мамандар даярлау;
2) «Елтану» мамандығындағы тарихи-географиялық өлкетану бағытын жүргізу;
3) көршілес елдермен мемлекетаралық шекарамыздың мəселелерін анықтау; 4) тақырыптық карталарды толықтыру;
5) жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету .
Сондай-ақ автор «картографиялық əдістің тарихи географиядағы жетекші əдіс болып қала беретінін» жəне электронды карталар жүйесін жасаудың маңызын көрсетеді.
Сондай-ақ А.Ш.Алтаев пен Г.Н.Ксенжиктің зерттеулерінде тарихи география мəселесі қазақ даласындағы XVIII–XIX ғғ. бекініс шептерінің ұйымдастырылуына жəне орналасуының тарихи географиясына, ХІХ ғасырдағы əкімшілік-территориялық бөлініс жəне басқару мəселесін анықтауға арналған.
Сонымен қатар, өлкетану бұл жаңа құбылыс емес, оның тамыры адамзат тарихының көне дәуірінен басталады. Бұл жұмыстар ХVІІІ-ғасырдың басталу кезеңі, сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан орыс және жергілікті зиялылардың демократиялық бөлігінің прогрессивті ролінің күшейген кезеңі.
Сондай-ақ, Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХVII ғ. Өлкетану ХVIII ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді.
Яғни, 1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.
Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер ХІХ- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.
Жоғарыда айтылған деректерге сәйкес, ХVIIІ ғасыр бойында қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық материалдар молайған үстіне молая түсті. Орыс және Орта Азиялық елшіліктер өз кезектерінде қазақтар көшіне соғып, Ресейге қазақ халқының өмірі туралы мәліметтер жеткізіп тұрды. Бұл ең алдынмен сауда жүргізу қауіпсіздігіне қажет болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет