Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және xixғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі Жоспар


Қазақстан этнографиясындағы маңызды еңбектердің бірі - В.В.Востров, М.С.Мұқанов



бет6/8
Дата19.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470969
1   2   3   4   5   6   7   8
сөж4-5

Қазақстан этнографиясындағы маңызды еңбектердің бірі - В.В.Востров, М.С.Мұқанов XIX жəне XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың ру-тайпалық құрамы мен олардың қоныстану жерлері туралы зерттеу. Авторлар қазақ жүздерінің ру-тайпалық құрамына тоқтала отырып, ХІХ ғасырдың соңынан бастап, жаңа əкімшілік-территориялық жүйеге сəйкес олардың қоныстанған жерлерін сипаттайды. Мұнда ру-тайпалардың қоныстану мəселесі ХІХ ғасырдың соңында қазақ даласында жерді пайдалануды анықтау мақсатында жүргізілген экспедиция материалдарының негізінде көрсетіледі.
Белгілі этнограф М.С.Мұқановтың зерттеуі қазақтардың этнотерриториясын анықтауға бағытталған жəне онда тарихи география үшін маңызды мəселелер көтерілген. Еңбек негізінен XVIII–XX ғасырдың басы аралығын қамтығанымен, онда қазақтардың XVIII ғасырға дейінгі этникалық территориясының қалыптасуына да шолу жасалады. Автор қазақ жүздерінің территориялық орналасуын көрсете отырып, ондағы рулардың қоныстанған жерлерін де сипаттайды. Қазақ руларының XVIII ғасырдың соңынан бастап қоныстануы нақтылы географиялық территорияларда көрсетіліп жəне олардың сандық көрсеткіштері де берілген.Сонымен қатар ХІХ ғасырдағы Ресей империясының қазақ даласында жүргізген əкімшілік-территориялық реформаларының қазақ руларының қоныстануына əсері де талданады. М.С.Мұқановтың зерттеуі бірнеше тарихи-географиялық мəселелерді шешуге бағытталған деп айта аламыз. Онда негізгі мəселелер ру-тайпалардың қоныстануы мен орналасуы жəне ішкі əкімшілік-территориялық бөлініс көрсеткіштері тарихи-географиялық мəселелердің ауқымына жатады.
Екінші кезеңнің тарихнамасының негізгі ерекшелігі - бұл аралықта отандық тарихнамада ғылыми тұрғыдағы тарихи-географиялық зерттеулердің пайда болуы. Осы кезеңде отандық тарих, археология жəне этнография салалары жаңа зерттеулермен толықты. Б.Е.Көмеков, Ю.А.Зуев, В.П.Юдин, С.М.Ақынжанов, К.М.Байпақов тəрізді ғалымдардың зерттеулері нақтылы тарихигеографиялық мəселелерді шешуге бағытталды.
Үшінші кезең. Бұл кезеңнің тарихнамасы Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді қамтиды. Бұл кезеңнің тарихнамасы тақырыптық, теориялық жəне методологиялық жаңашылдығымен ерекшеленеді. Бұрыннан зерттелмеген тың тақырыптар, жеткілікті деңгейде зерттелмеген мəселелер жаңадан көтерілді. Кезеңдегі зерттеулер өте ауқымды, бірақ бірнеше зерттеулерге шолу ұсынылмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет