Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақстандағы жаппай қуғын сүргін /1937-1938/ жауап жоқ



бет39/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

34.Қазақстандағы жаппай қуғын сүргін /1937-1938/ жауап жоқ


35. Қазақстандағы ГУЛАГ.
ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.


Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақгандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды. 1921-53 ж.ВЧК(БТК), ОГПУ, НКВД (ІІХК), МВД (ІІМ) органдары соттаған 4,1 миллион адам сонда қамалды. Олардың 800 мыңдайы атылды, 2,6 млн-нан артығы түрмелер мен лагерлерге қамалып, 400 мыңдайы жер аударылды. 1930-53 жылы КСРО еңбекпен түзеу лагерлерінде болған 6,5 млн адамның 1,3 млн-ы саяси тұтқындар деп есептелген. Тағы бір, 1938 жылы 1 сәуіріндегі, деректе осындай зұлмат қамытын киген 2 млн адамның көбі дерлік не саяси, не қылмыстық айыпкер емес, қарапайым еңбек адамдары, отбасы мүшелері, үй шаруасындағы әйел адамдар, бала-шағалар, 1937— 38 жылдардағы «Үлкен террордың» құрбандары еді. Олардың көбі дерлік, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардықтан, «халық жаулары» саналды. «Тәртіп бұзушылар» қатаң жазаланды. Құқықтары аяқ асты етілді. 1956 жылға дейін Гулаг лагерьлерінде жалпы саны 22 млн адам, оның ішінде - 830 мың орыс, 181 мың украин, 44 мың белорус, 25 мың татар, 24 мың өзбек, 20 мың еврей, 18 мың неміс, 17 мың қазақ, 16 мың поляк, 12 мың грузин, 17 мың армян, 9 мың түрікмен, 5 мың башқұрт, 4 мың тәжік, басқа да 100-ден астам кеңестік ұлт өкілдері осындай зұлматтан өтті. «Халық жаулары», тегін жұмыс күші ретінде, сол кездегі «үлкен» өндіріс пен халық шаруашылығының әртүрлі саласын «өркендетуге» жегілді. Тұтқындар, соноу Қиыр Шығыс, Сібірден бастап, барлық солтүстік өңірлерді қамтып, Қазақстанның да өндіріс орындарын игеруге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы басталып, аяқталғанға дейін олардың күшімен 640 зауыт іске косылды, 842 аэродром, 8 мың км автомобиль жолдары, көптеген домна, мартен пештері, т.б. салынды. Сғгыстан кейін атом, сутегі бомбаларын шығарып, оларды сынауға, сынайтын шахталарды ұңғылауға да сол (Қазақстанда) тұтқындар айдап салынды. КСРО-да мұндай жалпы саны 53 легерь болды. 1934-56 жылы барлығы бірдей жазалаушы органдардың ерекше қатаң бақылауында болды. Осындай Гулаг 20-дан астамы Қазақстан жерінде орналастырылды. Олар: Шығыс Қазақстан облысы Ермаклагта - 14.05.1951 - 1.08. 1953 жылы Түркістан-Сібір темір жолы бойындағы Аврора станциясында қорғаныстық өнеркәсіп, теміржол төсеу, тиеп түсіру, бетон заводтары, құм карьері, электр жүйелері құрылыстарындағы жұмыстарда 3000 адам; Павлодар. 28.05.1955- 03.09.1956 жылы комбайн (трактор) зауыты құрылысында 8700 адам; Майқайыңлаг-та (Баянауыл ауданы) 14.07.1947 - 29.04. 1953 жылыалтын өндіруде 1000 адамга дейін; Екібастұз пое, (Павлодар облысы) Дальный лагерьде (Особый лагерь №11 Особлаг №11. Дальлаг) 24.04 1952-08.04.1954 жылы көмір разрездерінде 3100 адам; Ақмола, Көкшетау өңіріне қарасты Степняклагте 14.07.1947-29.04 1953 жылы Жолымбет-көмір руднигінде 1700 адам; Атбасар ЕТЛ-де 10.02.1955-06.09.1956 жылы ҚазССР тың және тыңайған жерлердегі совхоздар мен астық қоймалардың құрылысында 2000 адам; осы сияқты Ақтөбе облысы Кемпірсайлаг-те 250(1 адам, Ақтөбе ЕТЛ-де (Ақтөбелаг, Ақтөбекомбинат, Ақтөбеқұрылыс) - 15000; Гурьев (Атырау қаласы) Астраханлаг-те 7900; Прорвин ЕТЛ-де (Прорвлаг) - 10400; Жезқазғанға қарасты Степной лагерьде (Особлаг №4. Степной ЕТЛ) - 29000; Жезқазған ЕТЛ-де - 13000; Қарағандыға қарасты лагерлерде 138200 адам тұтқында әртүрлі жүмыстар істеді. Барлық лагерлерьдің аймақтық басқармасы Алматы қаласы орналастырылды.

Алматы қаласы (Қазлаг, Қазулон) өзінде және оның төңірегінде 16000 адам басбайлы жұмысқа тартылды. КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный ЕТЛ, ОсобЛАГ т.б.


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы' деп жариялады. Осыған орай республика азаматтарының көптеген қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өтініштерін ескере отырьш, жалпы ұлттық татулықты, қогамдық саяси тұрактылықты нығайту мақсатында Жарлық шығарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет