46. 1940-1950 жж. білім беру, ғылым, мәдениет.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.
47.Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.
Соғыстан кейінгі жылдарда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамға өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл – әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын сүргін науқаны біраз баяулады. 1953 ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар , жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі , Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтылы бастады. 1954 ж Қазақстандағы тың жане тыңайған жерлерды игеру дің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын , ұлттық табиғи ресурстардың ерекшелігін білмейтін. Сондықтанда наукан нәтижесі экалогиялык демографиялық , рухани зардаптар алып келді.
Қазақ ауылдарының құлдырауы , қазақ мектептерінің жабылуы , жердің эрозияға ұшырауы ,семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынық аймағына айналуы жане оның халық денсаулыгына кері әсері , ұлттаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды. Кеңес одағы бойынша 1954 ж 13,4 мл н гектар тың жане тыңайған жерлер жыртылды . оның 6,5 млн гектары , яғнии 50 пайызын . Қазақстанда тен 1954-1955 ж 1 жыл ішінде қазақ өлкесінде жана 337 совхоз құрылды . Ақмола Көкшетау Повлодар Сол. Қаз. Жерлерінде совхоз қурылды . тың жане тыңайған жерлерді игеру зардаптары да болды . 1960 жылдарга карай қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн гектар жер жел эрозиясына ұшырады . Республикада қазақ халқының улесі 30 пайызға дейін төмендеп ұлттық тіл , салт- дәстүр, мен халықтың әлеуметтік инситуттарының жойылып кету қаупі туды .
1962 ж Н.Хрущев бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп , Ақмола қаласы Целиноград деп озгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылыгын нығайту жолдары да қарастырылды. 50 ж соңында қазақстанда 36.4 млн нан астам мал басы болды . Сонымен * Хрущев онжылдығы* 1953-1964 ж бір жағынан ХХ съездегі *Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы * қаулы кабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшкленуге, екінші жағынан , валютаристік жане субективтік шешімдер аркылы эканомиканы экстенсивті жолымен дамыту әрекетімен тарихта қалды
Достарыңызбен бөлісу: |