Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет50/88
Дата11.12.2022
өлшемі328.42 Kb.
#467026
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
аза станны азіргі заман ы тарихы курсы бойынша мемлекеттік ем

50.1958 ж. Теміртау оқиғасы.
Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды


51.. Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы.
1960—64 жылы КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының төрағасы, СОКП ОК-нің 1-хатшысы (1964), Бас хатшысы (1966) болып сайланған. Брежнев басшылық еткен жылдары “Кеңес империясында кемелденген социалистік құрылыс жеңді” деген негізсіз ресми тұжырым жасалды. Осыған қарамастан КСРО экономикалық және саяси қайшылықтар мен тоқыраудан шыға алмады. Брежнев ішкі саясатта әкімшілдік-әміршілдік жүйені орнықтырды. Кадрларды іріктеуде және тағайындауда сыбайластыққа, парақорлыққа жол берілді. Ел ішінде армияның, қауіпсіздік органдары мен СОКП-ның бақылаулары үстем болды. 1968 жылы Кеңес Армиясы Чехословакияға, 1979 жылы Ауғанстанға басып кірді. Халықартардың қарым-қатынас мейлінше шиеленісіп кетті. Варшава шартындағы мемлекеттерге зымыран қару-жарақтарын орналастыру, әскери әлуетті күшейту жолындағы бәсекелестік елдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Брежневті мақтау, орынсыз мадақтау әрекеттеріне кеңінен жол ашылып, ол 220-дай кеңестік және шетелдік ордендермен, медальдармен марапатталды.
1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет