Қазақстанның ежелгі тарихы қазақстанның КӨне және ежелгі тарихы


Ежелгі жазба тарихи деректер



бет5/5
Дата23.02.2016
өлшемі360 Kb.
#6675
1   2   3   4   5

Ежелгі жазба тарихи деректер. Қазақтар туралы ежелгі парсы, грек, қытай жазбаларындағы мәліметтер. Ежелгі жазба түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу және түсіндіру.

Орхон-Енисей жырлары. Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі, маңызы және орыны. Орхон жырларын тарихи дерек көзі ретінде зерттеудің негізгі проблемалары.

Араб деректері, ІХ-ХІІІ гг. ал-Жахиздің, ибн-Фадлан, ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал-Масудидің ("Ахбар-аз-заман"), Худун ал-Алемнің (Дүние шеңбері. Хғ.), Ибн-Хордабектің ("Шет аймақ кітабы"), Ибн-Рустенің ("Асыл алқалар кітабы") т.б. тарихи-географиялық еңбектер мен географиялық карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасау жолдары.

Батыс Европа саяхатшылары палано Карпиниди (1182-1252), Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.



Жылнамалар және жылнаматану

Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу тарихы. Негізгі кезеңдері. Хронографтар. Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың орыны мен маңызы.

Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау. Жылнамаларды ғылыми зерттеу. А.А.Шахматовтың (186-1920) жылнаматану ісіне қосқан үлесі мен пайдаланған тәсілдері.

Қазіргі жылнаматану проблемалары: жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру, жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың өкілеттілік проблемасы.



Орта ғасырлық жазба ескерткіштер

Жүсіп Баласоғұнның "Құдадғу біліг", Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" (түркі сөздерінің жинағы), "Кодекс куманикус" - ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

Рашид-ад-диннің "жылнамалар жинағы" қазақ тайпалары тарихының құнды дерек көзі. Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551) "Тарих-и Рашиди' Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Дулатитану ғылымының қалыптасуы - "Тарих-и Рашидидің" деректік маңызы. Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы". Деректанулық талдау. Әбілғазы Баһадурдың (1603-1663) "Түріктер шежіресі", "Зафарнама" және "Бабурнама".

Заң актілері - тарихи дерек көзі. Заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы, орыны, ерекшелігі. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеу методтары. «Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Жеті жарғы" – қазақ қоғамы тарихының дерегі.


ХЊІІІ-ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
Батырлар жыры - қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі. Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. "Абылай хан", "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", "Наурызбай батыр", «Өтеген батыр" т.б. жырларға.

Іс-қағаздық құжаттар. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және дамуы. Оларды құрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды сыныптау. Іс-қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы.

Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және Санкт- Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының қорлары.

Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті мекемелер: Батыс-Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.

Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процесстерінің материалдары қазақтардың ұлт-азаттығы үшін жүргізген күрес тарихының дерегі. Саяси қуғын-сүргін және сот процесстерінің құжаттарының жалпы сипаттамасы. Саяси іздеу және бақылау органдарының материалдары. Олардың негізгі түрлері. Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының, Омбы сот палатасының, Орынбор губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихының деректерін сыныптауы және олардың сипаты, деректік ерекшеліктері, шынайылық деңгейі туралы.

XX ғ. басындағы қазақ зиялыларына және "Қазақ" газетіне қатысты пайда болған бақылау және сот құжаттарының өткен ғасырдың басындағы еліміздегі азаттық үшін жүргізілген күрес тарихының деректері. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының деректері.



Заң актілері. Ресей империясының қазақтарға қатысты заң актілерінің қабылдануының негізгі кезеңдерін зерттеу. Оларға деректанулық талдаудың негізгі методикалық ерекшеліктері. Ресей заң шығарушылығының ерекшеліктері. Сібір қырғыздары туралы Устав (1822ж. 22 июнь), Жетісу және Сырдария областарын басқару туралы уақытша ереже (1867 ж.), Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереже (1868ж.), Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы 1891 жылғы 25 марттағы "Дала ережесі" 1885 ж. "Қарамола Ережесі".

Мерзімді басылымдар XIX ғ. соңы XX ғ басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі. Мерзімді басылымдарды сыныптау. Оларды деректанулық талдаудың негізгі принциптері және проблемалары. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің пайда болуының алғышарттары мен тарихи жағдайлары. Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары.

«Түркістан уалаятының газеті» және "Дала уалаятының газеті" Ресейдің Қазақстанды отарлау тарихының дерегі. "Айқап" журналы және "Қазақ" гезітінің деректік маңызы.



Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Анықтамасы. Сыныптау. Жеке адамдық құжаттар эволюциясы. Хаттар, күнделіктер, естеліктер және заман хаттардың деректік ерекшеліктері. Жеке адамдық құжаттарды дерек көзі ретінде талдау методтары. Қазан төңкерісіне дейінгі жеке адамдық құжаттардың негізгі топтары.

Статистикалық деректер. Статистикалық ұйымдастыру. Ф.А. Цербина дайындаған қазақтар шаруашылығының статистикалық мәліметтері. Щербина, Румянцев экспедицияларының қорытындылары. Статистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі жолдары. Толықтық және шынайылық деңгейі. Өкілеттілік проблемасы. Демографиялық статистика және оның деректік маңызы.


КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
КОКП құжаттары Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен тоталитарлық жүйенің қалыптасу тарихының дерегі. XX ғ. басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі типологиялық өзгерістер. Кеңестік деректердің пайда болуы және ерекшеліктері. КОКП құжаттарын сыныптау. КОКП көсемдерінің еңбектерінің деректік маңызы. КОКП құжаттары мен көсемдерінің еңбектеріне деректанулық талдау жасау методтары.

Іс қағаздары. Кеңестік мекемелердің іс қағаздарының пайда болуын сынау және сыныптау. Олардың деректік ерекшеліктері мен орны. Кеңестік атқарушы органдары құжаттарының деректік маңызы. Оларды зерттеу методикасы.

Кеңестік мерзімді баспасөз. Большевиктік мерзімді басылымдардың пайда болуы, сипаты, бағыт-бағдары, мақсаты және ерекшеліктері. Большевиктік басылымдардың дамуының негізгі кезеңдері. Кеңестік газеттер мен журналдардың деректік маңызы және оларды талдаудың методтары. «Ақжол», "Еңбекші Қазақ", «Социалды Қазақстан», газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Қазақстан Коммунисі» журналы.

Кеңестік зан актілері. РСФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Кеңестік заң қабылдау жүйесінің ерекшеліктері. Кеңестік заңдар мен заң актілерінің деректік орыны мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде талдаудың методтары.

Жеке адамдық кұжаттар. Кеңестік кезеңдегі жеке адамдық құжаттарды сыныптау. Қоғам қайраткерлерінің хаттары тарихи дерек ретінде. Күнделіктер, естеліктер, заманхаттар. Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешуі". Куәгерлер меліметі Зұлмат тарихының дерегі ретінде. Жеке адамдық құжаттарды зерттеу методикасы.

Саяси қуғын-сњргін књжаттары. Кеңестік кезеңде пайда болған саяси қуғын-сүргін құжаттарын сыныптау. Олардың пайда болуын сынау. Деректік орыны мен маңызын анықтау. ЖВД, ОГПУ, КГУ құжаттарының тарихи дерек ретінде. Сот процесстері мен өкімдері дерек көзі. Саяси қуғын-сүргін құжаттарын дерек көзі ретінде зерттеу жолдары. XX ғ. 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы тђуелсіздік үшін күрес тарихының деректері.

Кеңестік статистика. Кеңестік статистика жүйесінің қалыптасуы мен мақсаты. Статистикалық мәліметтердің жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп статистикасы. Демографиялық статистика және оның Қазақстан трагедиясының тарихының дерегі ретіндегі маңызы. Халық санағын алу статистикасының міндеттері мен методы. Статистикалық материалдар мен жұмыс істеу методикасы. Математикалық талдау тәсілдерін қолдану.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

(1991-2001 ЖЖ.)
Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Сыныптау проблемасы. Маңызы мен ерекшелігі.

Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихыныц дерегі. Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені, түрлері және сипатындағы өзгерістер. ҚР конституциясы, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі. Заң актілері еліміздегі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасу тарихының деректері.

Кино, фото, фоно және бейне фильмдер және олардың деректік ерекшеліктері мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде зерттеу проблемалары.

Мерзімді басылымдар және олардағы болған озгерістер. Ресми басылымдар. Тәуелсіз басылымдар.



Жеке адамдық құжаттар: Заманхаттар, естеліктер, хаттар. Жеке адамдық мұрағат құжаттары. Ш.Мұртаза мен К.Смайыловтың хаттары тарихи дерек ретінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет