Күні:
|
|
Сабақ
|
№10-11
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны: -
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстанның топырақ түрлері
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беру
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады.
|
Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде). Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық өңірлерді әр түрлі топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзіліп, орналасуы географиялық белдемділік заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі көлденең белдемдік заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерін алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тік белдемдік (биіктік белдеулік) заңына сәйкес болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |