417
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы
1
.
Ақын М.Шаханов, олар тарихтың
жол қиылысуында тұрып
қалған, қазақтардың рухани пақырлануына қатты күйзеледі. Жат,
бөтен сыртқы ықпалдардың әсерімен, қазақ қоғамы түрлі
қиындықтарды басынан өткізуде. Әдепке үйлестірілмеген нарықтық
қатынастар ғасырлық берік моральдық қазықтарды шайқалтады,
адамгершілік ұстындарының тамырына
балта шабады және жастарға
теріс ықпалын тигізеді. Билік жылдам баюға мүмкіндік береді және
осыған тез жетемін деген сезім кейбіреулерді азғындық жолына
салады. М. Шахановтың мына жолдары өзекті:
Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек,
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес.
Ақшаң болса «маймылды» да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды – тек өз қамын ойлаған,
Залымдарды – қан төгуге тоймаған,
Ұрпақтарды үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде мүдде-орманнан,
Адамдықтың салтын қайттік, даңқын қайттік қорланған?
2
.
Ақын қазіргі қоғамның, дәстүрлі моральдық
негіздердің әдептік
құлдырауын, қайда пысықтар мен арамзалар салтанат құратын,
сенімділік пен тазалықтың құнсыздануын сынайды және олардан
арылуға шақырады. Бұл үшін қазақ мәдениеті әдептік өлшемдерін
жаңа заманға сай қайта құру қажет.
Адамгершілік мұраттарының
жоқтығы және моральдық нормалардың тұлғасыздануы халықтың
рухани күйін күйзелтіп жібереді.
Ұлттық өзіндік сананы оятуды ақын елдің болашағы, жастарды
тәрбиелеуден бастау керек дейді.
Төлтума рухани мәдениетті
жоғалтып алмау үшін өзінің ана тілін, тарихын, тәуелсіздігін баянды
ету үшін ұлттық идеяға жүгіну қажет.
Көркем дүние түйсінудегі негізгі адамгершілік құндылықтары
халық намысы ұғымында түйінделген.
Ар-ұят пен намыс
қазылығынан адам үшін жоғары сот жоқ. Ар жазасы мен тәубеге
1
Шаханов М. Заблуждение цивилизации Сага о нравах эпохи. Алматы, 1999. С. 176.
2
Сонда, 73-74 бб.
418
келуден жоғары тазару жоқ. Бүкіл еуразиялық кеңістік осының
куәгері. Нағыз ақын халықтың ар-ұяты ретінде өзін паш етеді.
М.Шаханов өз поэмасы Қайрат Рысқұлбековтың бейнесін
поэтикалық түрде сомдап шығарады.
Қайрат өз әкесінің, оған жала
жабылған жиналыста үндемей қалған досымен айырылысып кеткенін
еске алады. Қайрат әкесінен ол досымен неге щұғыл ажырасты
дегенде, ол былай жауап берді:
Кім тыныш уақытта тығылып қалса,
Сол міндетті түрде
Шешуші кезде сатып кетеді,
Есіңде осыны сақта, балам
1
.
Тағдыр тәлкегі бойынша, әкесі қауіптенген нәрсе Қайрат үшін
трагедия болып оралды. Оны, ол
өзі жасамаған, кісі өлтірдің деп
айыптады. Осыны оның досы бекерге шығара алатын еді. бірақ досы
үндемей қалды және кінәсіз адам өлім жазасына кесілді.
Намыс туы желбіреген өрінде,
Дүниеге келтірген сан алыпты.
Отырарда,
Менің туған жерімде
Мынадай бір асқақ аңыз қалыпты.
Жігерімен жіберердей тасты үгіп,
Өнер, ой тармақты,
Адал, жайсақ жас жігіт
Ел ырысын шашып өткен
Тосын келген қасіреттен
Жанын салып туған жерін қорғапты
2
.
Ақын жастарға мынадай кеңес береді. Желтоқсан алаңы арқылы
өткенде, көтерілісшілердің ерлігі мен батырлығын және оларды
сатқандардың әлсіздігі мен арамзалығын көру үшін, мүлгіп
тұрған
шыршаларға қараңдар. Адам өзінің әрбір қылығына тиесіліні алады:
батырларға халықтың құрметімен мәңгі есінде қалуы, сатқындарға –
жирену мен түңілу. Ақын зорлыққа, қасіреттілікке және әділетсіздікке
батыл түрде қарсы шығады. Ол мейірімділікке, рахымдылыққа,
махаббат пен бақытқа, кешірімділікке шақырады.
М. Шахановтың түпнегізді жалдпыадамзаттық құндылықтарға –
ақиқатқа, әсемділікке, ізгілікке көңіл аударуы, қазақ халқының рухани
мәдениетіне тән, этикалық пен эстетикалықтың бірегейлігін дәлелдей
түседі.
Ақындарға интеллектуалды адам, кейбір әсіре рационалдық
немесе тар прагматикалық ұстанымдардан өзгеше, руханилықтың
1
Достарыңызбен бөлісу: