410
әлеуметтік беделінің рәмізіне айналады. Француз социологі Г.
Лебонның
пікірінше,
тұтынушы
адамда
интеллектуалдық
қабілеттіліктің орнына, еліктеу мен бейімделу
инстинктері жетекші
қызмет атқарады. Мемлекет, дейді ол, осы бұқара инстинктерін өз
мақсаттарына пайдаланады
1
.
Соңғы онжылдықтарда "тұлғалық нарық" деп аталатын бағдар
қалыптасты. Ондағы және тауар нарығындағы бағалаулардың
принциптері бірдей: біріншісінде тұлға сатуға ұсынылса,
екіншісінде
– тауар. Табыс көбіне адамның өзін нарықта қаншалықты жақсы сата
алуына, оның "қорабының" қаншалықты тартымдылығына, оның
қаншалықты сергек, берік, жіті және сенімділігіне, оның отбасылық
жағдайына, қандай клубқа жататындығына, керек адамдармен
таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы
ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды.
Ұтымды тауар
сияқты адам да тұлға нарығында сәнді болуы тиіс, ал сәнді болу үшін
тұлғаның қандай түрінің сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай
үлгілердің картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино,
теледидар, радио береді.
Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де
қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы
өзінен тыс жағдайларға
бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса - құны бар, ал олай болмаса – ол
құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртұтас емес, өйткені
оны қолдану процесіндегі өзін көрсету емес, оларды сату процесіндегі
оның табысы маңыздырақ
2
Қазіргі
технологияларды
қолдану
дәстүрлі
қоғамның
иерархиялық құрылымын шайқалтып жіберді. Мысалы австралиялық
аборигендерде тас балтаны жасау еркектердің үлесінде болған, кейін
миссионерлер тас балталарды үлкен көлемде әйелдер мен балаларға
таратқаннан кейін, еркектердің әлеуметтік статусы біршама төмендеп
кетіп, дәстүрлі құндылықтарды шайқалтып жіберді. «Теледидарлық
балта»
3
, дейді М. Маклюэн, бүкіл Шығыстың дәстүрлі өнерінің
тамырын шапты, «ыстық» джаз, тыныштық пен табиғатқа еліктеуге
негізделген Шығыс өнерін өртегендей болды. Теледидар батыстық
ықпал кең мәтінінде
адамның парасатына емес, ал оның сезімдік-
тылсымдық қатпарларына бағытталған және сол арқылы түрлі
дәстүрлі мәдениеттерді өз мақсаттарына сай өзгертуге болады.
Бекерден бекер батыстандыру үрдістерінде неше түрлі шоу, комикс,
детектив, триллерлер жетекші рөл атқармайды. М. Маклюэн өзінің
«Механикалық
қалыңдық»
деген
кітабында
эротиканы
1
Алимжанова А.Ш. Эстетическая культура // Философия: Раритет, 2006. С. 159
2
Сонда, 291-301 бб.
3
Маклюэн М. Культурная коммуникация: срелства «горячие» и холодные» культура // Кукаркин
А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985. С. 47.
411
мифологияландыру арқылы, соны жарнамамен күшейту нәтижесінде
бизнесмендер автокөлікті сатуды кең жолға қоя білді дейді.
«Жарнама, - дейді ол, - ХХ ғасырдың үңгірлік өнері. Үңгірдегі тасқа
салынған суреттер сияқты, ол адам
миының терең қатпарларында
өшпес ізін қалдыруға ұмтылады. Бұл - жаңа трайбалист,
корпоративтік адам жігерінің құйыны. Жаңа ақпараттық ортада
бизнес пен мәдениет ажырамас күшке айналды»
1
. Осының көрінісіне,
мысалы, Қазақстандағы алып корпорациялардағы бизнес этикасы
туралы кодекстері жатады. Олар тура әлемдік ұйымдардан көшіріліп
алынғандай.
Батыстандырудың
көптеген
ерекшеліктерін,
мәнері
М.Маклюэннен бөлектеу, Дэниел Белл өзінің «Постиндустриялық
қоғамның жақындауы» деген еңбегінде көрсетеді және оның біршама
қағидалары қазіргі қазақстандық қоғамды түсіну үшін де маңызды.
Оның пікірінше, табыс пен пайдаға
негізделген Батыс қоғамының
анық байқалып тұрған қайшылықтары протестанттық этика және
Батыс пен Шығыстың рухани дамуының түйіні ретінде алынған жаңа
рухани мәдениет арқылы шешіледі. Мәдениет түрлі конвенциялар
жасап шығарудың құралына айналады. Осындай мәдениетті, ірі
корпорациялар жалдап алған, маман теоретиктер жасап шығарады,
сосын олар Голливуд сахналарынан өткізіліп,
кейін тұтынушыға
жеткізіледі. Әр жыл сайын кемінде 40 млн. комикс кітапшалары
сатылады, 70 млн. адамнан артық комиксстрипс деп аталатын
газеттерді оқиды. Егер бұрын әдеби қаһармандар ретінде түрлі әскери,
саяси мәдени қайраткерлер ұсынылса, қазір олардың орнын неше
түрлі құбыжықтар мен «суперадамдар» алып кетті. М. Вебер ұсынған
«әмбебап
рационалдықтың»
орнына
постмодернизмдегі
симулакрумдар (елестің елесі) келе жатыр. Жер бетіндегі «алтын
миллиардтан» (батыс адамы) басқасы қарапайым тұтынушы мен
шикізат өндіруші болып қалуы керек.
Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде,
адамдар бұрын
партиялық беделдің басқаны құрметтемеген жағдайында, батыстық
құндылықтар бұқаралық мәдениет барынша дәріптейтін «имидж»
(тұлға бейнесі) және «престиж» (бедел, артықшылық) түсініктерімен
таралады, солар бойынша неше түрлі социологиялық зерттеулер мен
«рейтингтер» жүргізіліп отырылады. Әдетте бұл дайын үлгі-
модельдердің түбінде американдық мұраттар мен құндылықтар
тұрады.
Батыстандыру үрдістері, қазіргі батыс идеологиясы да,
философиясы да, ұстанымы да – постмодернизм жариялағандай,
бейрационалдық,
плюралистік, реалистік, орталықсыздандырылған,
1
Достарыңызбен бөлісу: