ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет137/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
etika-i-estetika-kazahov

Айтматов Ч., Шаханов М. Плач охотника над пропастью. Алматы, 1996. С. 171-172. 
2
Сонда, 132 б. 
3
Сонда, 110-111 бб. 
4
Айтматов Ч., Икэда Д. Ода величию духа. М., 1997. С. 63. 
5
Д-р Найман. Крысиный волк.//Тамыр. 1999. №1. С. 37. 


421 
Д-р Найман игіліктің еуропалық үлгісімен әуестену белең алып 
келеді дейді: «Егеуқұйрық адам емес, ал тек егеуқұйрық бола алады. 
Нәтижесінде қазақ қазақ болып шыққысы келмейді, қазақ адамы өмір 
сүретіннің бәріне немқұрайлықпен қарайтын болады. Осындай 
жағдайда елдің ішкі мәселелері шешілмейді. Және ол тек сыртқы 
манипуляциялардың объектісіне айналып кетеді»
1
.
Батыстың рационалды-прагматикалық философиясынан шығатын 
жеке дарашылдық пен тұтынушылықтың апологиясының орнына
дүниені аңдауға ден қоятын, дәстүрлі шығыстық этностарда 
экологиялық ұстындар, этикалық бағдар мен руханилық айшықты 
көрініс табады. О. Сүлейменовтың «егер біз мәдениетті құтқарсақ, 
онда ол бізді де құтқарады» деген сөздері ақиқатқа жақын»
2

Әдептен тыс адамның жаны да, қылығы да сұрықсыз, кісі 
өлтірушінің, сатқынның және атаққұмардың мақсат үшін құрал 
таңдамайтындығы үрей тудырады. Адамзат әлі күнге дейін өткеннен 
сабақ алмағандығы, қаламгерлерді қатты толғандырады. Қатыгездік 
әлі күнге дейін не адам жанында, не қоғамда жойылмаған, сондықтан 
ол ХХІ ғасырда да өкінішке орай жалғаса береді. Белгілі философ М. 
Орынбеков жазғандай, «олар жас кезінен тазалық пен сенімділік
даналық пен абыройлық мұраттарынан ажыраған жас ұрпақта, 
адамгершіліктің құлдырауы айрықша күйзелтеді»
3
. М. Шаханов 
бейнелеп берген, көзіне қара көзәйнек киген, түнге ұқсас, әдеп пен 
мәдениеттен тыс әсіре адамның сурттемесі философтың ойымен үндес 
техникалық дарынды, бірақ ар-ұяттан арылған бұл «пысық» жаңа 
заманның теріс жақтарын өз бойында жинақтаған: 
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық? 
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт. 
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе? 
«Әрбір қимыл – қарсы қимыл тудырады тірлікте. 
Егер қарын байлығынан рухымыз пән тұрса, 
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса, 
Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын, 
Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін. 
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін 
Қорғамаққа құлшынады аңқау елдің намысын
4
... 
Егер «көз адам жанының айнасы» десек, онда ХХІ ғасырдың 
«көзі» - адамзат рухының айнасы. Сондықтан ақынмен жасалған мына 
бейне түсінікті бола бастайды. 
Ауыр әрі қасіретті болса да 
1
Сонда, 38-б. 
2
Курманбаев Е. Спасет ли культура мир//Тамыр. 1999. №1. С. 42. 
3
Орынбеков М. Философсике взгляды Абая. Алматы, 1995. С. 114. 
4
Шаханов М. Заблуждения цивилизации. С. 115. 


422 
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер 
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. 
Өзге ананың ұлылығын танымас, 
Төрт анасы менсінбеген пенделер. 
Төрт анадан сенім таба алмаған 
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! 
Төрт анасын сыйламаған халықтың 
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған
1

Қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі – ғасырлар бойы 
түйіршіктеп жиналған, адамзаттың рухани байлығының құнсыздануы. 
Қоғамның жаппай азғындануының құрамдас бөлігіне жалпылама 
сатылушылық жатады. Немқұрайлық пен рақымсыздық үстемдік 
ететін қоғамда ізгілік пен мейірімділік біртіндеп ығыстырыла береді. 
Азғындық пиғыл тұлғадағы мүдделер мен құштарлықтарды теріс 
айналдырып жібере алады. Девианттық (ауытқышыл) әрекет тіпті 
осындай қоғамда қалыпты күй сияқты болып көрініс таба алады. 
Садистік әрекетті адамгершілік терминдерімен жеткізу мүмкін 
еместігінен, ол жарнама және тылсымдық стимулдармен ұсталып 
тұрады. 
Шынайы мұраттар үшін күресу қажет. «Арамшөптер әзірше 
жойылмағанынша, жас желеккке тіршілік жоқ. Уақытында 
«тазартуды» 
жүргізіп 
отырмаса, 
адамның 
терең 
тылсым 
бейсанасының қойнауларындағы алғашқы қауымдық инстинкттермен 
арнаулы «өсірілген» садистік бейімділіктерді жұлып тастап отырмаса, 
онда адамзатқа қарсы жасалатын қылмыстардың мүмкін қауіптерден 
заңдалған «нормаға» айналып кетуі ғажап емес»
2

Д. Икэда, Ш. Айтматов, М. Шаханов сияқты жазушылармен 
Батыс өркениетін сынау оны тұтасымен терістеу үшін емес, «артта 
қалып қойған» азиялықтар рухының «өкпесінен» емес, ал шынайы 
адамдық болмыстарды, олардың құндылықтарын «сағынып қалған», 
адамзат рухының қарсылығы тұрғысынан жүргізіледі. Осы жөнінде 
М. Шаханов мынадай ойларын алға тартады: 
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны! 
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны. 
Қол қусырып көнеміз бе, 
Үнсіз жата береміз бе, 
Робот – түйсік арқаланған, 
Мейірімі тұл жарты адамдар 
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?...
3
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет