ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет134/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
etika-i-estetika-kazahov

Мырзалы Серик. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали. – Костанай: КГУ, 
1998. С. 268. 


414 
қойған жоқ. Осы факторларға сәйкес кітапхана мен музей ісіндегі 
қордаланып қалған мәселелерге мыналар жатады:
- ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы;
- қазақ тіліндегі қоғамдық ғылымдар әдебиетінің жеткіліксіздігі; 
- кітапхана қызметіндегі ақпараттық және интернеттік каталогтар 
жүйесінің дамымауы;
- ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі;
- кітапханалардағы ұлттық кітап қор жинақтарының тапшылығы 
және қаржылай қолдаудың жеткіліксіздігі т.б.;
- музей мекемелерінде білікті ғылыми мамандардың аздығы;
- осыдан келіп, мұражай ісі мен мұражайтану ғылыми-әдістемелік 
орталықтарының жоқтығы; 
- мұражайлық жәдігерлерді, өнер туындыларын жинақтайтын 
қаржының таршылығы және т.б.
1

Мәдениет негізі мен этностық жады арқылы ұрпақтан ұрпаққа 
беріледі. Бүгінгі таңда, БАҚ арқылы жарияланатын материалдар мен 
ақпараттар батысшылдық сипатқа ие болып отыр. БАҚ халықты, 
әсіресе жастарды мәдени-рухани басқа арнаға түсіруге себепші болып 
отыр. Ақпарат жүйесі бойынша басқа елдермен салыстырғанда 
Қазақстан сияқты телеарна хабарларының 60 пайызы жат тілде 
берілетін бірде-бір ел жоқ. (Қазақ елі. 1999, 19 – наурыз). 
Қазақстандағы БАҚ жүйесіндегі телеарнаның үлесі – 90-95 пайыз. Ал 
мәдени-рухани институттары дамығын елдерде БАҚ-тың соның 
ішінде телерадионың үлес салмағы – 40-45 пайызды құрайды. 
Мәселен, Францияда француз тіліне аударылғанына қарамастан 
шетелдік материалдардың 15-20 пайыздан аспауы заң жүзінде 
белгіленген.
Қандай да бір ұлт мәдениетінің түп-тамыры тіл екенін ескерсек 
жоғарыда аталған және төменде аталмақ мәселелердің барлығында да 
тіл мәселесі кезек күттірмес өзектілігімен айқындалады.
БАҚ саласындағы және жарнама мен телекоммуникация 
саласындағы негізгі мәселер:
- баспа телерадио ақпарттары бойынша ашық түрде эротикалық 
суреттер «бәсекелері», қатыгездік және қыру-жою сияқты психикаға 
кері әсер беретін фильмдер, поп музыкаларының таралуы;
- қазақ тіліндегі басылымдардан орыс және басқа тілдердегі 
басылымдардың көптігі. Егер қазақ халқының ұлттық болмысының
тілінің басқа жерде қалыптаспайтындығын ескерсек, бұл процесті де 
тілдегі экспансия деп бағалауға болады.
- Қазақстанда БАҚ және интернеттік жүйеде, мәдени-руханият 
саласында өзімшілдік, жауапсыздық, талғамсыздық таралуда;
1
Қазақстанның мәдени мұрасы.- Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2005. 964 б. 


415 
- жарнамалардағы 
қазақша 
мәтіндердің 
дұрыс 
жазылуы 
ескерілмеген, қала безендіру мәселесінде ұлттық нақыш пен қазақ 
тілінің халі мүшкіл;
- теле және коммуникация жүйесінде қазақ тілін қолданудың 
заңдық нормасы сақталынбаған (телефон байланысы, әуе, теміржол, 
авто бекеттерінде) т.б., ұлттық парк, демалыс орындары, қонақ үйлер 
қызметтері қазақы болмыс-бітімнен ада дерлік;
- мемлекеттік 
ұжымдардың 
іс 
қағаз 
және 
құжаттарды 
ресімдеулері қазақ тілінде толықтай жүзеге асырылмаған (Әділет 
министрлігі, ІІМ, Сыртқы ІМ, қорғаныс саласы т.б.). 
Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге 
«орыстілді қазақтарға» ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ 
қазақтың қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан тыс қалған, қазақ 
тілін білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана 
түсінбейді емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-
түсінігін де білмейді. Жалпы оларға қазақ стихиясы жат. Ал 
түсінбейтін нәрсе әрқашан қорқынышты, құбыжық болып көрінеді. 
Ауыл қазақтарын олар «артта қалған, ескішіл» деп түсінеді.
Осы топ, яғни ана тілін білмейтін қазақтар тобы бизнесте де біраз 
табыстарға жетті, мемлекет басқару ісінде де лауазымды орындарға 
қолы жетті. Оған себеп олардың халықтың басқа топтарына қарағанда 
нарық экономикасын терең түсінуі, арнайы білімдерінің жоғары 
болуы, әрі біздің елімізде мемлекетті басқарудың, іс қағаздарының, 
өндірістің орыс тілінде жүргізілуінен болып отыр. Әліге дейін жоғары 
оқу орындарында дәріс берудің 70 пайызы орыс тілінде. Арнайы 
оқулықтар да сол тілде. Бұның өзі қазақтың экономикалық, 
техникалық ойын қатты тежеп отыр.
Ал іс қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуі осы қазақша 
білмейтін қазақтардың экономикадан және мемлекет басқарудан 
шеттелуіне алып келуі мүмкін деген пікір бар. Міне, олардың 
қостілдік, қазақ мемлекеттілігінің ұлттық сипатын жою үшін 
жанталаса күресуінің негізгі себебі де осы – қара бастың, топтық 
мүдденің қамы ғана.
Осындай топтық мүдде үшін қазақ халқының ұлттық мақсат-
мүддесі, ары мен ұяты, болашағы саудаға салынып отыр. Осы 
ұлтсызданған қазақтар тобының кейбір өкілдері өздерін «прогресшіл, 
ойы озық жаңашыл, нарық экономикасын қолдаушы, реформаторлар» 
деп біледі. Ал ауылдан шыққан қазақтарды «артта қалған ескішіл, 
ұлтшыл, коммунистер, экономикада бұрынғы іске аспай қалған 
жоспарлы, әкімшілдік әдісті қолдаушылыр» деп есептейді. Дегенмен 
қазақ тілінің экономикалық, техникалық мемлекет басқару 
аспектілерін барынша тез дамыту, ұлттық қаны бар басқарушы 


416 
элитаны тәрбиелеу қажеттігі айдан анық. Өткенге жармаса беруіміз 
жетер. Бүкіл ақыл-ойды, парасат пен білімді келешекке бағыттайық.
Аталмыш топ аз да емес. Халқымыздың 25 пайыздайы ана тілін 
нашар біледі не тіпті түсінбейді деген дерек бар. Оның үстіне, әліге 
дейін 400 мыңдай мектеп оқушылары өзге тілде оқиды. Жоғары оқу 
орындары студенттерінің 50 пайызы ғана қазақша оқиды. Демек, бұл 
топтың саяси өмірге ықпалы алдағы уақытта да үлкен болмақ. Өз 
мәңгүрттеріміз үшін орыс тілін екінші мемлекеттік тіл қылып, 
масқара болып жүрмейік
1

Дегенмен, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуден 
аулақпыз. Олардың негізгі бөлігі саяси жағдайды дұрыс ұғынып, қазақ 
мемлекетінің бекуі, нығаюы үшін адал қызмет етуде. Осы бір ұлт 
тағдыры үшін өте күрделі мәселенің екінші қырынан қарайықшы. 
Қалың көпшіліктің миына кез келген идеологияны сіңіруге болады. 
Тарихты 
алып 
қарасаңыз, 
миллиондардың 
миына 
кезінде 
коммунистік, 
фашистік, 
христиандық, 
либерал-демократиялық 
идеялар сіңірілді. Миллиондар осы идеяларға кезінде жан-тәнімен 
сенді, соған қызмет етті. Ал қазақша білмейтін қазақтардың санасына 
біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? Олар қазақша газет оқымайды. 
Қазақтың ұлттық идеологиясын білмейді. Қазақ өмірін қараңғы әрі 
қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия ретінде ғана қабылдайды. Ал 
оларға 
өзіміздің 
ұлттық 
мүдде-мақсатымызды, 
қазақ 
мемлекеттілігінің, тілінің, мәдениетінің маңызын ұқтыру үшін не 
істедік? 
«Қазақтың 
ұлттық 
ой-арманын, 
мақсат-мүддесін 
орыстілділерге жеткізетін газет керек. Қазақ басылымдарындағы 
мақалаларды орысша аударып басу керек» деген идеяны бүгінде 
Президент Н. Назарбаев та қолдап отыр. Лайым да сол ұсыныс іске 
асып, мәңгүрттерімізді қайта тәрбиелейтін, бауырымызға қайта 
тартатын, түсінбегендерін түсіндіріп, мәселенің мән-жайына көзін 
жеткізетін заман туса дейміз.
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси процестерді бағыттап 
отыру туралы қадау-қадау идеялар ұсынылды. Оған құлақ түрген жан 
шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады. Қажетті идея заңға 
немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына әсер етеді. Ал 
сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, біз саяси 
процесті басқарып емес, оны стихияның еркіне беріп, соңына ілесіп 
қана жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп ұлтты еліміз үшін 
қаншалықты қауіпті
2

Әр адамда өз анасынан басқа да, 
Ғұмырына етер мәңгі астана, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет