ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Жақсы менен жаманның айырмасы



Pdf көрінісі
бет34/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

 
Жақсы менен жаманның айырмасы 
Ер жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,


143 
Көреді бәрін де өз баласындай. 
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады
Қыранның қырдан байқар баласындай
Жақсы парқы жаманмен бірдей емес, 
Жақсының сөзін әркім пайдаланар
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр.
Жүрер жолдан талтүсте адасып-ай! 
Нышаны кем болса да адамдықтың,
Әркім жүр жақсымын деп таласып-ай.
Жамандар өтірікші, есегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай. 
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ
Жылқының қотыр болған аласындай. 
Жақсы адам елдің ерке серкесіндей,
Халқының қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жылы
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей. 
Жақсының айтқан сөзі тиянақты
Түйенің аумайтүғын өркешіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы
Жасынан бірге өскен еркесіндей. 
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай. 
Жақсы адам жатты да жақын етер
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аяң айтып жүрер,
Өзінің білмегенсіп қылмысын-ай! 


144 
Ту алып жауға шықсаң сен 
Ей, Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы мықты деп,
Жатырмысың жабығып?!
Тілеуқабылдың қос шалы
Жылап келді сабылып.
Дулат елі қалыпты.
Сарыкемерде шабылып,
Ей, Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы қаптады,
Қасиетті жерімді
Тозаң қылып таптады. 
Қыспақта қалған елің бар,
Құтылар жолды таппады.
Құдияр хан қағынып,
Қыз-қатын болды баққаны.
Қатын, бала, қарындас
Жауға пенде болғанда,
Сары қымызды сапырып,
Батырдың қалай жатқаны?! 
Ей, Сұраншы, Саурық!
Қоқанның қолы көп болды
Жетісуда жатқалы,
Бар жақсыны талап жеп,
Сүбеңе қолы батқалы.
Бейсенбі күні бесінде,
Гизрат күні кешінде,
Қордайдың биік төсінде,
Қоқанның ханы Құдияр
Зорлық қып алған көп малды
Әндіжанға айдатты.
Қол-аяғын кісендеп,
Көнбеген ерді байлапты.
Қауызын әлі жармаған
Сұлуларды зорлапты.
Араша тұрар пенде жоқ,
Еліңді сөйтіп қорлапты.
Ақтұяқ атқа мінесің,
Бүгін маған ересің.
Қаншама халқың ереді,


145 
Оны да кейін көресің.
Ту алып жауға шықсаң сен,
Іледе жатқан жаныс пен
Шапырашты, көп дулат
Олар да атқа мінеді,
Өздеріңдей болған соң
Сұраншы, Саурық тірегі! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет