187
сонша тіпті осы жоғалтқан мәдениетіміз бен әдет-ғұрып, салт-
санамыздың орнына «интернационализм» деген даурықпа ұран
шықты.
Үсен. Интернационализм жалпы
адамзаттың өзара бірлік
қатынасының ең жоғарғы белгісі ғой.
Асан. Әрине ол дұрыс. Бүл сөздің мағынасы өте терең жатыр.
Бірақ осы ұғымның әбден сілікпесін шығара пайдаланып, қисыны
келсе де келмесе де интернационализм деп, кім ұлты үшін жаны
ашып, халқы үшін қабырғасы қайыса, мәселе қозғаса оны ұлтшылдық
дедік-ау.
Үсен. Интернационализм әрине ұлт мүддесін; оның мәдениеті
мен
әдет-ғұрпын, салт-санасын жоққа шығармай, қайта оларды
бойына терендетіп сіңіре береді. Бірақ ең жаман нәрсе біз
интернационализм деп басқа жақтан, буржуазиялық
батыстан келген
көптеген келеңсіз нәрселерді үйрендік-ау деймін.
Асан. Дәл солай. Тағы да Оралхан ағаға жүгінейік. Оның
жоғарыда аты аталған повесінде мына сөздер адамды ойлантады:
«Ішімдікке салыну, ана тілінен жеріну, дәстүр мен салтты саудалауға
солай... үйретеді, үйренеді».
Үсен. Өз ұлтымыздың ана тілін, дәстүрін, өнері мен салт-санасын
білмеген соң басқа ұлттың модаға айналған жөн-жобасын қабылдау
әдетке айналып барады. Біздің құрбы жастарымыз жаман, тәрбиеден
тыс нәрселерді көп үйренеді. Еліктеушілік — жігерлі еріктен
айырушылықтың бір түрі емес пе?!
Омар ақсақал. Ғасырлар
бойы қалыптасып келген ата-
бабамыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын жаңаша жаңа өмірге сәйкес
неге жандандырмасқа. Әрине, ондай салт-саналардың озығы да
тозығы да бар. Бізге керегі сол озығы, күні бүгінге
дейін сақталып
келген қажетті жақтары емес пе?
Алдымен, меніңше, барлық халықтарға тән адамгершіліктің
жалпы өрнектері — адамды сыйлау, ең алдымен үлкенді, қарияны,
елге еңбегі сіңген қадірлі адамдарды сый-құрметке бөлеу. «Үлкенге
құрмет, кішіге ізет» демей ме халқымыз. Сонда ол адамдар өзінің
қызметінің жемісін көріп, өмірге риза болып,
болашақ ұрпаққа сенім
арта қарар еді ғой.
Ал қазір шет елдерден бе, әлде өзіміздегі басқа халықтардан
үйрендік пе оны құдай білсін, о алла тілімізде айтуға келмей тұр,
«қарттар үйі» деген сұмдық сөз шықты. Әрине, үлкен-үлкен қалаларда
жетім-жесір, панасыз, ешбір ағайын туысқаны жоқ (қазақта
ағайын
туысқаны, жамағайыны жоқ дегенге кім сенсін, қарға тамырлы қазақ
емес пе?!) қарттарды мүмкін осында әкеліп, орналастыруға болатын
шығар? Әй, қайдам?
Ал бала-шағасы бар, немерелері жүгіріп жүрген
188
қария әжелер мен ақсақалдарды әкеліп, осы үйге тастап кету қандай
қиямет! Ондай қатыгез адамдарға болашақ ұрпақ қарғыс жаудырудан
басқа не айтар дейсің?! Әлгі айналып кетейін Алтынбек Қоразбаевтың
«Қара кемпір», «Қара шал», «Қара бала» деген әндері іші-
бауырыңызды елжірете езгілеп, не түрлі сұмдық, адамгершіліктен
безген жанның бейнесін көз алдымызға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: