263
Семантикалық жағынан алғанда “адам” мен “кісі”
синонимдер
іспеттес және қазақ дүниетанымына тән синкретизмнің көрінісі
(Тәңірі, Құдай, Алла сияқты). “Адам” – мұсылмандық мәдениеттен
келсе, “кісі” – түркілік атау. Абай бойынша, жақсы кісіде үш қасиет:
ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек болу керек делінеді.
Адамгершілік құндылықтары қашанда кісілік қасиеттерде көрініс
табады. “Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі”, – деген Махмұт
Қашқари.
“Кісілік қасиеттер” ұғымы Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Т.
Ғабитовтардың
“Әдеп
негіздері”
атты
кітабында
арнаулы
талқыланған: “Қазақ тілінде ”кісі” – адам
деген ұғымның мәнді бір
атауы, ал “кісілік”, “адамгершілік” дегендер ауқымы кең ұғымды
білдіреді. Халықтық атауда кісі атауы кез келген адамға берілмейді.
Мәселен, тілі шықпаған баланы, жан-дүниесі күйзеліске ұшыраған
кем ақылды, өзіндік бағыт-бағдары жоқ адамдарды да “кісі” деп айту
қиын. Кісілік өзіндік іс-әрекеті, мінез-құлқы орнықты, өзге
адамдармен қалыпты қатынас жасауды білдіретін адамға тән атау.
Кісілігі бар адамның мінезінде ұнамды қасиеттер аз болмайды. Ол
ақыл тоқтатып,
жұртқа өнегелі сөз айтып, өзгені де тыңдай білетін
адам. Кісілігі бар адам бір істі бастаса, оны аяғына дейін жеткізіп,
тындыруы тиіс. Оның әрбір қимыл-қозғалысы, әрекеті діттеген
мақсатына бағытталып отырады
1
.
Байқап отырғанымыздай, жоғарыдағы мәтінде “адам” мен “кісі”
синонимдар сипатында қолданынады. Жүсіп Баласағұн “кісі-адам”
мен “кісі-киікті” ажыратқан. Бұл қисын бойынша, тек әдепті кісі ғана
адам бола алады.
Кісіні көрсең, есікке,
Жүгіре шық кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар нәсіпке,” – депті, Үмбетай жырау
2
.
Біздің пайымдауымызша, “адам”, “тұлға”
тәрізді ұғымдармен
салыстырғанда “кісі” қазақ мәдениеті өрісінде экзистенциалдық
мазмұны айқын түсінікке жатады. Кісінің басты кісілігі оның
басқалармен қарым-қатынастың субъектісі деңгейіне көтерілуімен
көрініс табады, көпшіліктің назарын өзіне қарата алады. Бұл үшін ол
“жарқын жүзді, шуақ көңілді, ыждаһатшыл, жылы, шуақ және арайлы
жүзді, игі мақсатты, иманды” болуы қажет. Керісінше, кісілігі жоқ
адам “қара бет, суық, көк бет,
қалың бет, т.т.” болып келеді
3
. Ондай
кісіге қарап көңілін толмайды, көншімейді.
1
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. —Алматы: Мұраттас, 1997.
25 б.
2
Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999.
65 б.
3
Мур Дж. Принципы этики. – М: Прогресс, 1984. 8-11 бб.
264
Кісілік қасиеттер әл-Фарабидің “Қайырымды қала” ілімінде
арнаулы қарастырылады. Оның пікірінше, кісілік белгілер, әсіресе,
елбасыға тән болуы қажет. Осындай кісіге қойылатын талаптар:
“Біріншіден, бұл кісінің мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс:
жаратылысынан өзіне айтылғаның бәрін жете түсінетін және істің
жай-жағдайына
сәйкес ұғып алатын болуы керек, алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына
түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт;
өнер-білімге құштар болуы, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай,
осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін
болуы керек; тағамға,
ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде
қанағатшыл болуы керек; шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп,
өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек; жаны асқақ және ар-
намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан
пысық істердің бәрінен жоғары болып, игі істерге ынтазар болуға тиіс;
дирхем,
динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына
жирене қарауы керек; жаратылыстан әділеттілік пен әділеттілерді
сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көру керек; қыңыр болмау
керек; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық
көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану
дегенді білмейтін батыл,
ер жүрек болуы керек”, – дейді
1
. Сонымен, “кісі” шығыстық
мәдениетте инабатты адам мағынасына жақын қолданылатын
адамдық келбет болып табылады.
Қазақтың дәстүрі мәдениетінде “кісі” ұғымы өзіндік Менін және
сөз өнерін жете меңгеру арқылы үлгі боларлық адамды да білдіреді.
Бұл, әсіресе, ақын-жыраулардың перформативтік дискурсына тән (Ә.
Наурызбаева). Бұл дискурста кісілік алдыңғы қатарға шығады. Асан
Қайғы толғауындағы кісі өзінің ерекше әдептілігімен көзге түседі:
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа
2
.
Әрине, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі ”кісілік” ұғымы тек
эпикалық дәстүрден ғана емес, сонымен бірге мұсылмандық әлеммен
қатысты ортағасырлық жазба мәдениетінен де бастау алады. Ұлттық
1
Ақтамберді //Ақиқат. — 1995. — № 2.
336 б.
2
Достарыңызбен бөлісу: