ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет72/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Қодар А. Казахстанская культура от миражей к реальности // Тамыр. – № 1 (2). - 2000. С. 7. 
2
Сонда, 7 б. 


227 
- ру-тайпалық және тоталитарлық инерция; 
- мәдениетті пайдасы шамалы сала деп санау; 
- “толымсыздық комплексі” немесе “ұлттық мания”; 
- әлемдік өрекениеттік үлгілерімен салытырмалы зерттеулерден 
үрейлену; 
- шындықты жасыру, жаңа мифтерді, репрессиялық сананы 
қалау
1
.
Келесі бағдарлама әдептік мәдениетті заман талаптарына сай 
қалыптастыруға бағытталған: 
- субъекторталық ұстаным; 
- мәдениетті әмбебапты реттеуші тетік және сұхбат деп 
қарастыру; 
- жеке адам санасына манапуляция жасауды тоқтату; 
- ХХ ғасырдың бейбіт мәдениеті құндылықтарын (демократия, 
адам құқықтары, азаматтық қоғам, орнықты даму, толеранттылық, 
күш көрсетпеу т.т.) қабылдау
2

1
Садыков Н. Культурные смысли культура // Тамыр. –№ 1. 1999. С. 70. 
2
Бейбіт мәдениеті жолында /Нұржанов Б.Ғ. , т.т. – Алматы: ҚазМУ, 2000. 100 б. 


228 
Қуаныш Әлжан 
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМНЫҢ ДҮНИЕГЕ 
ЭТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Дүниетанымдық кеңмәтіндегі этикалық қарым-қатынастар, 
жалпы қазақ философиясындағыдай, жыраулар шығармашылығында 
адам және адамзат қоғамы үшін ең құнды қатынастар ретінде 
қарастырылады. Қазақ жырауларының тәртіпке этикалық көзқарас 
логикалық ойлаудан жоғарырақ дейтін ойлары бұл орайда өте 
түсінікті. Олардың ұғымында әлемнің эзотериялық бірлігі - әлемнің ең 
түпкі негізі  әлемнің бастамасы деп аталатынның жердегі өмірде 
шындыққа айналуы. 
Осылайша 
дүниетанымдық 
контексте 
этикалық 
қарым-
қатынастар адам мен адамзат қоғамы үшін ең зор құндылыққа ие 
қарым-қатынастар ретінде қарастырылады. Олар адам дамуының 
мақсаттарынан 
және 
оның 
қоғамдағы 
мінез-құлықтарының 
өлшемдерінен гөрі ауқымдырақ нәрсені қамтиды және білдіреді, 
өйткені субъект мінез-құлқы оның дамуы мен өлшемдерінің 
мақсаттары, даму құралдары мен салдарлары сияқты рационалды 
сәттерден де тұрады. Этикалық салада субъектінің өздігінен қозғалуы 
және өздігінен дамуы шындығында бастапқы болып табылады. Ол 
Гегель философиясында классикалық түрде ашып көрсетілген. Рас, 
оның философиялық мұрасында субъект пен рух көбінесе объективтік 
дамудың заңдары арқылы көрсетілген. 
Қазақ жырауларының дүниетанымында субъектінің өздігінен 
дамуы эзотериялық кеңістікпен байланыс арқылы ашылған. 
Субъектілік дамуда тек объектілік қана емес, әлдеқандай тылсымдық 
та бар, ол  субъектінің өзіне ұқсастар әлеміндегі еркі. Бұл орайда 
этикалық қарым-қатынастар адамның субьективтік әлемімен тікелей 
байланысатынына орай, бұндай субъективтік, және сонымен бір 
мезгілде объективтік этиканың негізгі объектісі моральдық сана, 
субъектінің өз мінез-құлқы мен іс-әрекеттері үлгісін саналы түрде 
таңдауы болып табылатынына орай. 
Жартылай көшпелі өркениетте әлемге қарым-қатынастар 
жүйесінде белгілі бір рухани тәртіп болды, қазіргі замандағы 
зерттеулерде оларды сыртқы мінез-құлықтың тар шеңберлері және 
дұрыс қарапайым ойлау дағдылары және ұйғарымдар арқылы 
түсіндіру мен шектеу логикаға тіпті жат болар еді. Тіпті керісінше, 
жеке тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлықтары бұл 
жерде бір-бірімен өзара және қоршаған әлеммен қарым-қатынастың 
айрықша рухани кеңістігімен, медитациялардың, құдайға құлшылық 


229 
етумен толғаныстардың айрықша кеңістігімен толығады. Оған 
эзотериялық 
қарым-қатынастарды: 
субъективтік 
өзін 
тануды, 
импровизацияны, мистикалық тәжірибелерді, шамырқанған шабытты, 
ресми мораль мойындаған және мойындамаған әдеттен тыс және 
соған ұқсас құбылыстарды жүзеге асыру үшін қажет бос кеңістік 
ретінде анықтама беруге болар еді. 
Бұл кеңістікте субъектінің бостандығы мен тәуелсіздігі тек өзін 
өзі жетілдіру, даму мен интуицияны жетілдіру арқылы әлемнің 
эзотериялық бірлігін түйсіну қабілеті арқылы, сндай-ақ ойдың өзіндік 
және әлеуметтік жетілу жолдарын жүзеге асыратын тұрақты жұмысы 
нәтижесінде ғана мүмкін болады.
XVІІІXІX ғғ. қазақ халқының көрнекті тұлғалары - жыраулары, 
билері және т.с.с. біршоғыр ой-өнер саңлақтары өздерінің мәдени, 
әлеуметтік, құқықтық және поэтикалық шығармашылығы арқылы осы 
тектес аса мол мұра қалдырды. 
Осылайша, 
“этика” 
және 
“этикалық 
қарым-қатынастар” 
ұғымдарын қазақ жырауларының шығармашылығына қатысты 
пайдаланар болсақ, “жақсылық” пен “жамандық” категориялары 
немесе “әлеуметтік заң” және “мінез-құлық ережелері” ұғымдарын 
мүмкіндік деңгейінен гөрі кеңірек мәнде ұғыну қажет. Сөз, 
біріншіден, бұл қарым-қатынастардың діни астары туралы және 
екіншіден, тұлғаның жеке және әлеуметтік эзотериялық мәнде өзін 
табуы мен өзін іске асыруы туралы болып отыр. 
XVІІІXІX ғғ. қазақ ойшылдарының бүтін нәрсе ретіндегі 
әлемнің мазмұны мен пішіні қатысты көзқарастары, қатаң сын 
тұрғысынан айтқанда, терең дүниетанымдық және логикалық 
мазмұнға ие, ол мазмұнның және қазіргі замандағы философияның 
онтологиялық мәселелерінің аясын кеңейтеді. Әлем мен адамның 
эзотериялық бірлігі, сондай-ақ бұл бірліктің қажеттігі де төмендегідей 
пікірлер арқылы дәлелденеді: 
- егер субъективтік идеализм субъект өзінің қабілеттері арқылы 
өзі үшін объективтік әлем қалыптастырады деп сендірсе, ал 
объективтік идеализм Абсолют, Құдай материалдық әлемді жасайды 
деген және т.с.с. пікір ұстанса, жыраулар философиясында субъект 
сананың, еріктің, іс-әрекеттің, өмірлік қуаттың, сезімнің және т.б. иесі 
ретінде қарастырылады; 
- субъект екінші және ол тек өзін қоршаған объективтік әлемді 
бейнелей алады деген пікірді ұстанатын материализмге қарама-қарсы 
субъектінің 
белсенділігі 
дәлелденеді. 
Мұндай 
ерекшелік 
натурфилософияда орын алады, онда субъект тіпті енжар; 
- бұл сияқты пікірлердің кез келгені субъектіні дара бірдеме, 
жақсы жағдайда айрықша бірдеме ретінде түсінуге негізделген. Шын 


230 
мәнінде, құдай да діндегі жеке және енжар материалдық табиғат 
түріндегі өзінің “өзгеше бірдемесін” жасаушы ретінде және толығуы 
үшін табиғи даму жетіспейтін Абсолют те осындай; 
- әрбір жеке индивид сонымен бірге өзі арқылы жалпыға ортақ 
заңды және әлдеқандай жалпыға ортақ қарым-қатынасты білдіретін 
бірдеңе; 
- субъектінің өздігінен дамуы мен өзін-өзі табуы да осынау 
жалпыға ортақ қарым-қатынастың бейнеленуі; 
- сонымен бір мезгілде бұл – адамның иррационалды бастамасы, 
оның еркінің, оның ой-өрісінің, сана-сезімінің, қуаныш - қайғысының, 
трансценденттік 
және 
субъективтік 
бастамаларының 
және 
қабілеттерінің иррационалдық негізі; 
- барлық жеке субъектілер - әрқайсысы өзінің белгілі бір 
шамасына қарай өз бойына иррационалдылықты да, сондай-ақ 
жалпыға ортақты да сіңірушілер. Олардың эзотериялық бірлігі мен 
әлемнің эзотериялық бірлігі осында жатыр; 
- эзотериялық бірліксіз, яғни жеке заттардың, объектілердің, және 
субъектілердің “бойындағы” жалпыға ортақтықсыз ешқандай – табиғи 
да, рухани да бірліктің болуы мүмкін емес. Сол арқылы жалпыға 
ортақтықтың, ерекшелік пен даралықтың имманенттік бірлігі пайда 
болады. 
XVІІІXІX ғғ. өмір сүрген жыраулардың дүниетанымы түрі мен 
мазмұны бойынша шығыстың классикалық менталитетіне етене 
жақын. Бәрінен бұрын тұтастай қабылдау “архетипін” сақтауы және 
білдіруі арқылы, оның үстіне олар жоғары мәдениетті идеологиялық, 
этикалық және эстетикалық феноменге дейін дамытты. 
Архаикалық санада әлемді түйсінудің барлығын білдіретін 
жаппай бүтіндік сыртқы әсердің ықпалынсыз, ішкі себептер арқылы 
иррационалдық өзін-өзі сезінуді білдіру және сонымен бір мезгілде 
мәдени, моральдық, саяси және басқа (емшілік культі, шаманизм, 
көріпкелдік және басқа культтер) қарым-қатынастарды бейнелеу 
болды. 
Қазақ 
ойшылдары, 
жыраулары 
идеялық-образдық 
және 
поэтикалық шығармашылығына тән құндылықтардың бірі олардың өз 
туындыларында дүниетанымның осындай “аса зор” мінсіз түрін 
сақтай білгендігінде жатыр. Оның үстіне олар бұрынғы дәстүрлер 
рухын дамытып қана қоймай, оны қазақ халқының болашағына да 
бағышталған мүлдем жаңа гуманистік, авторлық, жігерлі, ғибраттық, 
этикалық, идеологиялық және эстетикалық мазмұнымен толтыра 
білді. 
Қазақ 
ойшылдарының, 
жырауларының 
қазақ 
халқы 
дүниетанымын 
қалыптастырудағы 
бұдан 
маңыздылығы 
кем 


231 
соқпайтын 
жетістігі 
ретінде 
олардың 
философиялық 
және 
дүниетанымдық ақиқат іздеулерінде метафизикалық көзқарастардан 
өзге пансубъективизм, метасубъективизм де орын алғандығын есептеу 
қажет. 
Мұндай философиялық көзқарас аясында ең бастысы әлемнің аса 
субъективтік бастамасы идеясы мен жалпыға ортақ заңдар 
шеңберіндегі субъективтік бірлік идеясы болды. Бұл көзқарас 
субъективтік әлемнің жалпыға ортақтығын, субъективтік заңдардың 
қолданбалылығын объективтік әлемге, заттарға, құбылыстарға телиді. 
Философияда бұған рухы жағынан жақын эзотериялық бірлікті әр 
жағынан 
сипаттайтын 
пантеизм, 
панлогизм, 
панпсихизм, 
парапсихология және т.б. мектептер жақсы белгілі. 
Қазақ ойшылдарының туындыларында бұл субъективтік негіз, 
біріншіден, айрықша бірдеме, жерге игілік немесе көктің қаһары, яғни 
тәңірілік билік, тәңірілік эманация (жер асты әлеміне аттану) 
жіберілетін кеңістік ретінде көрсетіледі. Адам бұл кеңістікте рухани, 
моральдық (мейірімді немесе қатыгез) тіршілік иесі болып табылады, 
ал заттар әр алуан заңдар мен қарым-қатынастардың негізін бойында 
сақтайды және өзі арқылы білдіреді. 
Әлемнің көзге көрінбейтін субъективтік негізін ең дерексіз 
мағынада тірі немесе эзотериялық субстанция ретінде атауға болады. 
Ей, айтшы, Алланы айт. 
Аты жақсы құдайды айт. 
Төрт шадияр, Мұстафа, 
Мұсқап ашқан ғаламды айт. 
Тәңірім сөзі бұрқанды айт. 
Кәлим Алла - Құранды айт. 
Тәңірім салса аузыңа, 
Жан жолдасың иманды айт
1

Бұл субстанцияны Аристотель “энтелехия”, Платон “әлемдік рух” 
деп атады. Көптеген көне ілімдерде, біздің пайымдауымызша, ол 
бірыңғай әлемнің субъективтік бастамасы ретінде ұғынылатын Логос 
ұғымымен белгілі бір дәрежеде байланысты. Оның объектілерге және 
объективтік әлемнің құбылыстарына шартты түрде қолданылуында 
И.Кант оны “өзіндік зат”, яғни, құбылыста берілмеген және түйсік 
арқылы сезілмейтін деп атады. Гегельде бұл – абсолюттік рух.
Экзистенциализм 
оны 
онтология 
шеңберіне, 
болмыс 
категориясының 
шекарасына 
көшіріп, 
экзистенция, 
Меннің 
субстанциясы немесе ең жоғары тұрған Мен деп атады. Даосизм 
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, “Ана тілі”, 1993, 101-б. 


232 
философиясында бұл субстанция “бос кеңістік” деп аталған, ежелгі 
материалистік ілімдерге бұл “праматерия” деген атауға ие болды. Ал 
диалектикалық материализмде ол екінші дәрежедегі категориялар 
қатарына қосылды. Бұл философиялық категориялар, бастапқы 
логикалық анықтамалар философия ғылымында ешқандай дамымады. 
Жаңа заманнан бергі Батыс Еуропа философиялық мектебі ақыл-
естің, ойлы адамның күшін паш етіп, аясында заттық, тәжірибелік 
сапаларды және қарым-қатынастарды талдау, рефлексия мүмкін 
болатын дәлелденетін категорияларды зерттеу жолымен жүрді. 
Осылайша Батыс Еуропа философиясы мен ғылымында негізінен 
бірыңғай сезім мен тәжірибенің объективтік мәліметтеріне сүйенетін 
логицизм 
шеңберімен 
шектелген 
зерттелуші 
объектіні 
қарабайырландыру жолы таңдап алынды. 
Еуропаның 
И.Кант 
секілді 
көрнекті 
ойшылдары, 
экзистенциализм 
мен 
иррационализмнің 
өкілдері, 
өздерінің 
рационализмнің тар өрістілігі жөніндегі сындарында бұл зерттеушілік 
бағытта айрықша философиялық көзқарастар ұсынды, бірақ олар 
бытыраңқы, тұтас емес әлемді көрсетті. 
Қазақ жырауларының дүниетанымында әлем, ғарыш эзотериялық 
субстанцияның арқасында толысқан бүтіндікке, жоғарғы, орта және 
төменгі әлемдердің арасындағы байланысқа ие болады. Қазақ 
ойшылдарының 
поэтикалық 
мұрасында 
этикалық 
қарым-
қатынастардың жаңа аспектісі, әлем мен адамның, олардың бірлігін 
және өзгешелігін түсінудің тарихи алғышарттарының бірі зерттелген. 
Сонымен біргі әлемнің мұншалықты аса зор, синтетикалық үлгісі 
қазіргі заман ғылымынан логикалық танымның құралдарының бірі 
ретінде рационалдық ойлаудың да, интуицияның да басын қоса 
алатын айрықша әдістемелік, терең философиялық көзқарасты талап 
етеді. 
Қазақ ойшылары “қоғамадам” қарым-қатынасының идеялық, 
әлеуметтік және дүниетанымдық мазмұнына да маңызды үлес қосты. 
Қазақ жырауларының әлемдік суретінде этика мен этикалық көбінесе 
адамның сәулелендіруші енжар санасынан гөрі жігерлі, белсенді 
бастамасы ретінде түсіндіріледі. 
Олар өздерінің замандастарына, мемлекет қайраткерлеріне, 
батырларға, хандарға, билерге, жауынгерлерге және жастарға еш 
уақытта маңызын жоғалтпайтын моральдық құндылықтарды 
бағалауға және сақтауға шақырып, сөз арнайды.
Жауынгер жыраулардың туындыларында өз ісінің ақтығын тек 
сөз жүзінде ғана емес, егер оппонент автордың адалдығына және ізгі 
ниетіне күмәнмен қарап, ұрысуға бел байласы, қолына қару алып та 
дәлелдеуге дайындық аңғарылады.


233 
Жыраулардың рухани және мәдени құндылықтары әлеуметтік 
өмір мен моральдық сананың жалпыға ортақ контексіне көпшілік 
мақұлдаған дәстүрлер мен жаңа көзқарастардың жаңашылдық бірлігі 
болып табылады. Олар өздерінің халқын діни және адамгершілік 
бастаулар мен дәстүрлерді маңызды, өмір сынынан өткен моральдық 
өлшемдер ретінде сақтауға шақырады. Жалпыға ортақтыққа 
қосылудың дара рухани құралы ретінде өзін-өзі жетілдіруге 
шақырады. 
Көшпелі ер адамның өміріндегі ең басты әлеуметтік 
мақсаттардың бірі - қадірлі тұлғаға айналу, далалық әлеуметтік 
иерархияда лайықты орын алу. Жас жігіт, жас жауынгер өз алдына ізгі 
мақсаттар қоюға: Отанның сарбазы - қорғаушысы, дәулетті ер-
қожайын болуға, және содан кейін мемлекеттік, тұрмыстық және 
отбасылық істерде данышпан басшыға және кеңесшіге айналуға 
міндетті. Жастарға үндеулерінде жыраулар осыған сәйкес ғибратты 
кеңестер айтады. 
Қазақ жырауларының шығармашылық мұрасында қалдырылған 
рухани құндылықтар саласында, поэтикалық суреттерде адамның 
ойланып жасалған таңдауына негізгі акцент жасалады. Мінез-құлық 
пен әлеуметтік қарым-қатынастардың олар теріс деп есептейтін 
ерекшеліктері олардың туындыларында сыналады және рухтың 
әлсіздік танытуының белгісі ретінде бейнеленеді. 
Бұл образдар мен суреттер әсерді ширата түсетін сияқты 
көрінетін арнайы тәсілдің көмегімен көрсетілген. Әлеуметтік өмірдің 
әр алуан ұнамсыз құбылыстары мен қасиеттері, ұнамсыз кейіпкерлер 
мен образдар, салыстырмалы түрде алғанда шағын сюжеттік көріністе 
бейнеленген. “Тығыздаудың” мұндай метафоралық тәсілін жыраулар 
жағымды қасиеттерді бейнелеуде де өте жиі пайдаланады. Ол оларға 
субъективтік түйсіну энергиясын арттыруға көмектеседі, көпшілікті 
субъективтік энергияны бейнелеп отырған суреттің фонындағы дербес 
бірдеме ретінде сезінуге мәжбүр етеді.
Ойластырылған адамгершілік таңдау жыраулардың өздері салған 
әлемнің поэтикалық суретіндегі ұғымдарында өз еркін субъектінің 
рухани тәуелсіздігін оның өзінде, қоғам өмірінде және қоршаған 
әлемде бейнеленген жалпыға ортақ қарым-қатынастарға жігерлі түрде 
талпынушылығын білдіру болып табылады. Мұндай пішінде 
адамгершілік таңдау этикалық анықтамаға дәлірек сәйкес келетін 
императив болып табылады. Бұл терминнің мағынасы дәл осы 
жағдайда 
кеңейтілді 
және 
біз 
өзіміз 
жоғарыда 
сүйенген 
эзотериялықты түсіндіруге түзету енгізу арқылы нақтыланды.
“Этикалық 
императивте” 
субъектілердің 
барлығының 
эзотериялық та, сондай-ақ ерік пен интуицияның иесі ретінде реалды 


234 
қарым-қатынастарындағы бірлігі сәулеленген. Адам сананың, рухтың, 
иерархиялық кеңістіктік статустың иесі, мақсаттар, іс-әрекеттер, 
мінез-құлықтар және ең бастысы, рух арқылы өзін-өзі табу түрінде 
жүзеге асырылған жеке және әлеуметтік қарым-қатынастардың 
субъектісі ретінде ұғынылады. 
Әлемді түгел көрсе де, 
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап, 
Ай нұрын ұстап мінсе де, 
Қызыққа тоймас адамзат
1

Этикалық императивті осылайша толық ұғыну ХVІІІХІХ ғғ. 
мәдени ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі. Түркі халықтарының 
көптеген көне культтері, рухани және әлеуметтік-тұрмыстық 
культтер, Шыңғыс ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның 
ықпалдары, исламның мистикалық бағыттары және басқа культтер 
далалық өмірдің рухани дүниесін толықтырды. Олар жиынтықталған 
түрде “адамзаттан жоғарғы” бастамалардың, өздерінің түпкі тектері 
көктің билеушісінен, аспаннан, әр түрлі тотемдік және анимистік 
символ – ата-бабалардан бастау алады деп санайтын әулеттердің 
әрқилы архетиптерін бейнеледі. 
Рух пен қоғамдық сана қызметінің бұл жағы әлі күнге дейін 
толық зерттеле қойған жоқ, субъектілердің өздерін табуы - 
түсіндірілуі қиын рухани қызмет. Қазақ және басқа халықтардың 
тарихында олар өзін тану, өздігінен даму арқылы білінеді. Танымның 
бұл түрінің жолында ең бастысы олардың өміріндегі өз орнын танып-
білуі, сананы әлемнің абсолюттік бірлігі жүйесінің, “әлемадам”, 
“қоғамадам” және т.б. және т.с.с. қарым-қатынастар жүйесінің ішіне 
“орнату” процесі болып табылады. Сол сияқты адам қоғамының 
танымы жетілуі және практикасы процестеріндегі эзотериялық және 
реалды бастамалардың бірлігі мен дамуы да осында жатыр. 
Жыраулардың көзқарастары бойынша адам мен қоғам дамуының бұл 
жолында іс-әрекетке негізгі басшылықты этикалық императив пен 
тиісінше ыңғайластырылған интуиция атқаруы тиіс. ХVІІІХІХ ғғ. 
қазақ ойшылдарының ауызша және сонымен бірге музыкалық мұрасы 
бірінші кезекте идеялық және образдық мазмұнға негізделетіні 
баршаға аян. Бұл туындылар олар Еуропа философтарының 
еңбектерінде логикалық дәлелдемелерге, логикалық пікірлерге, 
категориялар мен ұғымдарға құрылмаған. Көптеген зерттеушілер 
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, “Ана тілі”, 1993, 104-б. 


235 
бұдан қазақ жырауларының ойлау сипаты мен тәсіліне синкретизмнің 
жасаған ықпалын аңғаруы әділеттілікке жатады. Мұндай түсіндірумен 
сөз поэзияның олар пайдаланған дәстүрлі түрлері туралы болған 
жағдайда ғана келісуге болады. 
Қазақ жыраулары туындыларындағы әлем құрылымдары, оларды 
негіздеу Шығыс және Батыс Еуропа философиясындағы осындай 
көзқарастардан өзгеше. Бұл айырмашылықтың мәні мынада жатыр. 
Еуропаның рационалды философиясы Аристотель заманынан бері 
танымның ойлаудың таза логикалық түрлері арқылы жүзеге асатын 
жолын таңдады. Оның көмегімен философтар негізінде ақыл-
парасаттың, сол сияқты заттық, табиғи әлемнің түрлері мен мазмұнын 
анықтайды, олардың бірлігі мен заңдарын, өркениеттің дамуындағы 
техногендік бағыттарды айқындайды. Логикалық ойлау адамның 
рухани және танымдық қабілеттері иерархиясында алғашқы орынды 
иеленеді. Образдардың рөлі бұл тұста ұғымдардың мазмұндық 
шеңбері енгізілген бағынышты, енжар фигуралар дәрежесіне дейін 
құлдыратылған. Образ мұндай түсіндіруде тек сәулелендіруші, енжар 
бірдеңе болып табылады. 
Шығыстың философиялық дүниетанымы мен танымы арнасында 
іс басқаша сипат алады. Адамның субъективтік қабілеттерінің 
иерархиясында басым және негізгі рөлді интуициялық білім, 
эзотериялық кеңістік және олардың бірлігі атқарады. Субъективтік 
қабілеттер мен объективтік білімнің осы аймағын бұл жерде жалпыға 
ортақтықтар сапына қосады. Осыған орай шығыстың философиялық 
мектептерінің көпшілігінде логикалық ұғымдар мен образдар өзара 
теңестірілген және таным процесінде интеллектуалды бірін-бірі 
толықтыратын түрлер рөлін атқарады. Сондықтан бұл тұста 
адамгершілік көмекші ұғым немесе образдық емес, категорияның 
рөлінде көрінеді. Бұл категория адамгершілікті рух ретінде және 
әлемдік үйлесім бастауларының бірі ретінде айқындайды. 
Сонымен бірге образдар шығыстық дүниетанымда екі түрге 
бөлінеді: бірінші қарапайым түрі – бұл сәулелендіруші, жинақтаушы 
образдар, ал, екінші, күрделі түрі – норма, аксиома ретінде қызмет 
атқаратын және рухты, жалпыға ортақтықтың мәнін білдіретін 
образдар. 
Біздің ойымызша, образды рухани өлшем ретінде шығыстық 
ұғыну, істің шын мәнінде, ойшылдың интуициялық нұрлану сәтін 
сәулелендіру жөніндегі әрекеті болып табылады. Субъект санасының 
өзіне-өзі бүтін мен бөлшектің “архетипі” ретінде назар аударуы 
табылған жаңа арақатысты рухани өлшем ретінде бекіту сәті образ 
жалпыға ортақтықтың таңбасынан әлі арылмаған сәт болып табылады. 
Бұндай сәттерде ол, әлі де болса, жалпыға ортақтықтың сәйкестігі 


236 
жуықтау немесе алшақтау, “басылымы” болып табылады. Образдың 
өлшемдік мазмұны интуиция кеңістігінде және санада әрі қарай 
танудың құралы ретінде сақталады. Таным процесінің бұл аспектісі 
ұғымдар мен образдарды өзара теңестіреді. Бұл тылсым сәт жаңа 
түрдің, жаңа білімнің, негізгі аксиоманың екі теңдігі, бірін-бірі 
толықтыратын жақтары болып табылады. 
Ұғынудың кез келген образы белгілі әлемдік суреттен немесе 
әлем онтологиясынан шығады және таралады. Талданып отырған 
тарихи кезеңнің дәл өзінің жағдайлары мен оқиғалары ықпал жасамай 
тұра 
алмады. 
ХVХІХ 
ғғ. 
аралағындағы 
кезеңде 
оларға 
төмендегілерді жатқызуға болады: 
- қазақ халқының жат жерлік басқыншылармен аса ауыр күресте 
қорғаған аумақтық және экономикалық тәуелсіздігі; 
- қазақ халқының жартылай көшпелі өркениетінің мәдени және 
рухани кеңістігінің дербестігі және салыстырмалы түрде өзімен-өзі 
болушылығы; 
- көптеген көне түркі тайпаларының бір мемлекет туының 
астында бірлесіп өмір сүруі; 
- мемлекет аясында бір статуспен бірігуге ұмтылған көптеген 
діни және әулеттік культтердің бейбіт қатар өмір сүруі; 
- ұлттық бірлікке жаппай ұмтылыс жағдайында қоғамның рухани 
иерархиясындағы орын үшін шиеленіскен бәсекелестік күрес; 
- көшпелі адамның дүниетаным жүйесіндегі өзін-өзі тану және 
рухани өзін-өзі табу процесінде “жалпыға ортақтық  даралық” және 
“даралық  жалпыға ортақтық” қарым-қатынастарын іздеуге 
бағытталған санасы; 
- жеке және топтық импровизацияның (айтыс), жеке поэтикалық 
және музыкалық шығармашылықтың дамыған түрлерінің кеңінен 
таралуы. 
Бұл жағдайлар тарихтың субъектісі ретінде этностың сана-
сезімінің елеулі түрде өсуіне, оның дүниетанымында және ұлттық 
сана-сезімінде субъективтік фактордың күшеюіне, жеке адамның 
сана-сезімінің толысуына мүмкіндік ашты. 
Қазақ жырауларының дүнияуи көзқарастары бұл сыртқы тарихи 
және ішкі рухани жағдайларға тірелмей тұра алмады. Таным мен 
ойлау процесіндегі басты тұлға ақиқатқа ұмтылған субъектінің өзі 
екені мойындалады. Адамның ойлау процесі барысында аксиома 
түрінде жаңа артықшылықтар мен басымдықтарды анықтауға рухани 
қабілеттілігінің маңыздылығы олардың түпкілікті білімге қол 
жеткізуінде емес, оның жетілуге және өздігінен жетілуге 
қабілеттілігінде жатыр.


237 
Жыраулардың дүниетанымында адамгершілік – бұл әлеуметтік 
өмір аясында субъект іс-әрекеттерінің тек жеке бір түрін ғана 
бейнелейтін категория болып табылады. Олардың айтқан пікірлеріне, 
образдары мен идеяларына қарағанда, субъект жанының интуицияның 
нұрлану сәтінде қызмет етуіне мүмкіндік туғызатын, адамның оның 
барлық әлеуметтік байқалуларында, өз өмірінде қадір-құрметке 
лайықтылығын анықтайтын ең басты, белсенді жағдайларының бірі 
болып табылады. Олар үшін ең бастысы – адамгершілігі мол адамның 
есейе келе жеке тұлға, эзотериялық бірліктің субъектісі ретінде 
бұрынғыдан да гөрі қадір-құрмет көруге лайық бола түсетіндігі. 
Бұндай жағдайда ол әлеуметтік өмірде де үйлесімге қол жеткізуге 
мүмкіндік туғызады. 
Адамның теріс пиғылдары бұған кедергі жасайды. Олар субъект 
бойында жалпыға ортақтықтың бұрмаланған, жалған бейнесі 
көрінуіне себепші болады. Бұл ондағы жалпыға ортақ қарым-
қатынастар әлемнің эзотериялық бірлігінің үйлесімі принципіне 
қарама-қайшы келетін ішінара өзімшілдікпен алмастырылуына 
байланысты болады. 
Біздің теориялық талдауымыз барысында оңай аңғарылатындай, 
қазақ ойшылдарының ойлау тәсілі жан-жақты еріктік бастамаға 
негізделген. Олардың түсінігі бойынша ерік - әлдеқандай жалпыға 
ортақтық, өйткені ерік субъективтік, сонымен бірге объективтік. Тәңір 
– аспан ретінде аспанның ерік немесе құдай, сондай-ақ қоғамдық: хан 
әулетінің, халықтың, әлеуметтік топтардың және т.с.с. еркі, сипаты 
болады. Олардың туындыларында ерік образдар мен кейіпкерлердің 
сипаты, қуаты және бірлігі, идеялық-көркемдік, танымдық және 
дүниетанымдық мазмұн мен кеңістіктің бүтіндігі, этикалық және 
рухани контекстер оған тәуелді болып тұратын басым фон ретінде 
көрсетілген.
Бұл тұста жыраулардың ойлауы ұғымдардың, образдардың, 
символдардың және жеке түсініктердің синкретизміне сүйенеді. 
Олардың барлығы жиынтықталған күйде айрықша бірлікті немесе 
бүтіндік түрлерінің жүйесін құрайды. Сондықтан олар интуициямен 
және ойлаумен байланысты және мұнда бүтіндіктің дүниетаным 
аясындағы парадигмасы болып табылады. 
Қазақ ойшылдары танымдық контексте толық негізді түрде 
алдыңғы қатарға кез келген танымның субъективтік негізі ретіндегі 
этикалық максиманы шығарады. Бұл максима адамның жетілуі мен 
өзін-өзі жетілуі, өзін тануының құпиясы болып табылады, ал оның 
этикалық бастамасы, этикалық императиві осыдан шығады. 
ХVІІІХІХ ғғ. қазақ ойшылдары этикалық императивінің одан 
бұрынғы барлық моральдық кодекстерден және әдет-ғұрыптардан 


238 
түбірлі айырмашылығы бар. Көшпелі қоғамда “қан орнына қан алу” 
күштінің күштің артық құқыққа ие болуы сияқты сарқыншақтар бой 
көрсетуімен қатар жауынгер жыраулар жауынгерлік рух пен 
ақылгөйдің, ұстаздың аса ізгі рухын бойына сіңірген жаңа 
дүниетанымның иесі болып табылды. 
Әскербасы жыраулар мен батырлар жаулардың жасақтарымен 
және өз айналасындағылардың сатқындығымен, зұлымдығымен 
күресте қазақтардың бақытына, әлеуметтік және тұрмыстық 
әділеттілік мұратына қол жеткізуге ұмтылды. Олардың арнауларында, 
образдарында және символдарында адам қарым-қатынастарының 
рухани аспектісін дамытуға талпыныс аңғарылады. Олар догмалармен 
мінез-құлықтың қарабайырландырылған стереотиптеріне, адам 
қызметінің бағалануына қарсы болды. 
Соғыстар, алауыздықтар және билік үшін қан төгіс күрестер 
заманында өмір сүрген жыраулардың ізгілігі қарапайым рецептер мен 
жобалар ұсынатын аңғырт ізгіліктен өзгеше. Олардың биік моральдық 
өмір салты мен мінез-құлықты өсиет етуінің, соған үндеуінің негізінде 
тәңірілік көрегендікке, сенім, әлемнің, адамдардың және олардың іс-
әрекеттерінің эзотериялық бірлігіне сену жатыр. Өздерінің 
ерліктерімен, қадір-құрметке лайықтылығымен және әлемдік, 
әлеуметтік және дара кесапатпен күресімен олар эзотериялық 
бірліктің нығаюына мүмкіндік туғызады, өз отбасы мен атамекенін 
қорғайды. Және олардың игі идеялары мен образдарына орай тек осы 
жағдайда ғана олар өздерін “тәңір жаққан от ішіндегі ұшқынға” санай 
алады. Олардың көзқарастарының және әлемнің, қоғамның және 
адамның бірлігіне ұмтылыстарының өздеріне тән ерекшеліктерін 
осыдан да аңғаруға болады. 
Олардың көзқарастары бойынша, кемелденгендік, артықшылық - 
егер олар бір-біріне көмектесу, жетілу, әлеуметтік даму үшін және 
жамандықтың барлық түріне қарсы күреске қызмет ететін болса, адам 
өміріндегі аса қажетті нәрселер. Жетілудің түрі ретіндегі рухани 
артықшылыққа қол жеткізу үшін адамнан ізгілік, адамдар арасындағы 
бірлікті ұғыну, интуицияға ие болу және құдай санасына ерекше нұр 
құйғандар ғана байланыса алатын эзотериялық кеңістікті сергек 
түйсіну талап етіледі. Өздерінің идеялары мен шығармашылығы 
арқылы жыраулар Алланың ерекше нұрына бөленген тұлғалардан 
өзгелерге беймәлім осынау тылсым мәнділікті мүмкіндігінше жалпы 
жұртшылық түсіне алатындай етуге ұмтылды.
Жалпылама сипаттама бергенде, қазақ ойшылдарының тылсым 
сырлы білімі мынаны білдіреді: кез келген танымның, ақиқатты 
іздеудің, іс-әрекеттің, мінез-құлық пен қылықтардың негізінде 
жалпыға ортақ қарым-қатынас жатады, атап айтқанда, субъектінің 


239 
бойында әлемнің күнделікті және эзотериялық бірлігі, яғни жалпыға 
ортақтық болады; оның игі мақсаты бұл бірлік пен өзін-өзі 
жетілдіруге аялы қарым-қатынас және мүмкіндігінше талпыну болып 
табылады. 
Сондықтан: 
- сенің өзіңдегі және өзгелердегі жалпыға ортақтықты үнемі 
басшылыққа алу; 
- жетілушілік және жалпыға ортақ заңдылық ретінде интуицияны 
жетілдіру; 
- кез келген артықшылықтың негізі мақсаты қайырымдылық 
болсын деп іс қимыл жаса; 
- қоршаған ортамен бірлігіңді негізге ала жақсылықтың 
жамандықтан, интуицияның (бүтіннің) бөлшектен басымдығын сақтай 
отырып іс-әрекет жаса; 
- кез келген даралықтан жалпыға ортақтықтың, ақиқаттың 
өлшемін ізде, соған сәйкес іс-әрекет жаса; 
- жетілу сен үшін де, барлығы үшін де, кездейсоқ жағдайларда да, 
кез-келген қарым-қатынаста да көрінетін, байқалатын етіп іс-әрекет 
жаса; 
- моральдық сананың мақсаттары – даналық, ақиқат, адамның 
қадір-құрметке лайықтылығы және қоғамның ізгілікті ілгері 
басушылығы; 
- парасатты жауынгердің мақсаты – жамандықты жазалаудың 
негізі ретінде, өсиет үшін, ру мен барлық халықтың бірлігі үшін және 
Отан үшін жалпыға ортақтыққа қосылу; 
- сенің тағдырың - жалпыға ортақтықтар сапындағы сен жасаған 
таңдаудың тек себебі ғана емес, сондай-ақ салдары да. 
ХVІІІХІХ ғғ. қазақ жырауларының әлемді тану жөніндегі 
ұстанымдарында танымның жолдары мен білімнің ақиқаттығының 
маңызды принциптері анықталған. Білімнің ақиқаттығы зерттелетін 
заттың, кеңістіктің, уақыттың, мекеннің бірлігіне және ол байланысты 
болатын бір ғана қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ осы құрамдас 
бөліктердің субъективтік қабылдаудағы сапалық бірлігіне де тәуелді. 
Олардың барлығы бір мезгілде тек бір ғана интуициялық нұрлану 
актісінде байқалған, демек бір ғана жалпыға ортақ қарым-қатынас 
бүтін мен бөлшектің бір қарым-қатынасы арқылы қосылған жағдайда 
біріге алады. Керісінше жағдайда ақиқаттан алшақ ыдыраңқы, кірме 
құрамалар болып шығуы мүмкін. Бұл мәні жағынан әл-Фарабидің, 
жалпылама мазмұнда айтсақ, айтылғанның ақиқаттығына сену 
сонымен бірге ойшылдың беделіне сенуге негізделуі мүмкін дегенді 
білдіретін пікіріне жақынырақ. 


240 
Құнды қасиеттерге даналықты, шешендікті “сөз сарасын” 
жатқызатын қазақ жыраулары адам күші мен талантының 
пайдаланылатын негізгі саласы әлеуметтік өмір “істің логикасы” деп 
есептеді. Жыраулардың халық игілігі үшін атқарған ізгі қызметі 
нәтижесінде қол жеткізген қоғамдық дәрежесі олар үшін халықты 
ізгілікті өмір салтына басты талап ретінде шақыруын паш етуге 
қажетті бастау тірек қызметін орындайды. Жырау жетілушілікке, 
қазақтардың бірлігіне, адамның табиғатпен, әлеммен бірлігіне 
талпынудың этикалық принципіне негізделген ісі, ойлары және іс-
әрекеттерінің бірлігі олардың аса биік әлеуметтік мен шығармашылық 
жетістіктерінің, қазақ халқына сіңірген еңбектерінің өзіндік 
себептерінің ең бастыларының бірі болып табылады. 
Қазақ ойшылдарының, жырауларының шығармашылығымен 
қатар Далалық өлкеде басқа жанрлар да – аңыз-жырлар, ақындар 
айтыстары, жеңіл әуенді әндер және әдет-ғұрыптарды әнмен орындау 
да кеңінен таралды. Олардың барлығының да түпкі тегі көне 
дәуірлерде жатыр және олардың кез келгені Далалық өлкеде өзінің 
айырықша қызметін атқарды. Еуропа ғалымдарына жиын-тойлар 
кезінде көпшіліктің, бай туысқандарының көңілін көтеруді өз 
міндеттеріне алған ақындар, жыршылар, өлеңшілер, салдар, серілер 
және поэзияның басқа да жанрларының дүлдүлдері жақсы белгілі. 
П.И. Пашино: “Қырғыз (қазақ), немен айналысса да, үнемі ән салады 
және міндетті түрде суырып салушылықпен айналысады”,  деп 
жазады. Өз ісінің шебері болып табылатын әрбір ақын өз жанрының 
заңдылықтарына сәйкес Далалық өлкеде әлемге, табиғатқа, қоғамға 
және өз замандастарына эзотериялық қарым-қатынастың ұлттық 
дәстүрлерін одан әрі дамытты және таратты. 
Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған мемлекет ретінде 
құрылмағаны, бірнеше ұлыстардан – ірі әкімшілік бірлестіктерден 
тұрғаны белгілі. Ибн Рузбихан Исфаханидің мағлұматына қарағанда, 
ХVІ ғ. басында олардың саны он шақты болған
1
.
Мемлекеттің басында азаматтық, әкімшілік және әскери билікті 
бірге жүргізген хан отырды. Мемлекет басқару ісі дәстүрлі құқыққа-
датқа және мұсылмандық құқықтың өлшемдеріне негізделді. Дәстүрлі 
құқықты ХVІІ ғ. соңында Тәуке хан “Жеті жарғы” заңдар жинағы 
түрінде толықтырды. Бұл оқулықтың авторлары одан әрі қарай былай 
деп жазады: 
“Қазақ қоғамы соңғы ортағасырлық дәуірде әлеуметтік-
экономикалық 
қарым-қатынастарының 
дамуы 
бойынша 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет