Кенжалиев К. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы,
1997. 47 б.
2
Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап /ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001.164 б.
288
2. Көптеген қылмыс қатігездік емес, керісінше, ру аясындағы
мәмлеге келумен шешілген.
3. Өзгеше қылмыстар, тіпті кісі өліміне дейінгі айыпты мен
жәбірленушіні татуластырып табыстыру, достастыру, құдандалар ету,
бірінен бала асырап алу секілді ізгі ниетті шешім табатын. Кішігірім
өкпе-араз, жанжал-ұрыс аяққа жығылу, ат мінгізіп шапан жабу, бас
иіп тағзым ету, иіліп ас ұсыну секілді әдетке баулу, бірлікке, достыққа
келтіру, кеңдік пен біліктілік таныту арқылу шешімін тапқан.
Қазақы
дүниетанымда
әдептік,
құқықтық
және
діни
құндылықтардың синкретизмі жөнінде жоғарыда атап өткенбіз. Бұл
мәселені басқа қырынан қарағанда мынадай тұжырымға келуге
болады: дәстүрлі қазақ қоғамында әділеттілік пен еркіндік имандылық
талаптарымен шектелген. Имандылық ұғымын біз бұл жерде арнаулы
қарайық деп мақсат қоймадық. Имандылықтың шыққан тегі дінде
болса, кейін бұл ұғым әдептілік пен кісілікті білдіретін басты
құндылыққа айналды.
Иман дегеніміз ардан аспау, ақылдан алжаспау. Иманның екі
мағынасы бар. Бірі – тіл, сөз. Яғни тілмен жеткізіп, сөзбен сипаттау.
Олар: көркем сөз, куәлік сөз, бірлеу сөз, тойтару сөз, тілеу сөз және
ұлықтау сөз. Екіншісі – илану, шарттық, яғни болмыспен бетпе-бет
кездесу. Алланың қасиеті мен сипатын арлау. Олар: оның барлығы,
мәңгілігі, періштелері, пайғамбарлары, бірлігі, жекелігі, ақырет күні,
тірлігі, білуі, есітуі, көруі, қалауы, күші жетуі, жаратуы, сөйлеуі.
Осылардың арқасында иман пенделерде үш түрлі: тілмен айтып,
жүрекпен бекітетін иман; шешімге келетін қорытынды иман; риясыз
иланатын толық иман, не сенімсіз күй кешетін әлсіз иман өмір сүреді.
Ал аталмыш иманның ақ-қарасын білу үшін адам мен хайуанды һәм
жақсылық пен жамандықты айырып, ажалдың уақыт әмірі екендігін
мойындап, зұлымдық пен өтіріктен сақтанып, мінез мінін кетіріп,
адам өзін өзі таныса құдайын да ұмытпасы хақ. Сонда ғана адам іске
икемді, мінезге бай болары анық.
Адамнаң ең асылы –
Қиянатсыз, ақпейіл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мінез, екі тіл.
Сөз мінезі құбылса
Ар, иманы жоқ деп біл.
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл”
1
, — деп, Шәкәрім айтқандай шығары
шындық. Демек, имандылық – ар өлшемі екендігі даусыз.
1
Шәкәрім. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. 267 б.
289
Имандылық ұстанымы хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың
тек шығармашылығында ғана емес, сонымен бірге олардың
өмірбаянында да айшықты көрініс тапты. Ел шетіне жау тиіп, ер
намысын қайраған сол қилы заманда тұлпар мініп, ту алған біртуар
ұлдар, алдаспанын ата жауының қанына суарып, шөліне орман,
жұртына қорған болумен қатар, суырып-салма ақын, жыраулық өнерді
қатар алып жүріп, қанатты сөздерімен, ақиқат өткір жырларымен
өздерінен кейінгі буынға үлкен үлгі-өнеге бола білді.
Қазақы әдептік құндылықтар жөнінде сөз қозғағанда, отбасылық
игіліктер туралы, айтпай кетуге болмас, өйткені әйелге деген көзқарас
қоғамның жалпы мәдениеттілігі мен әдептілігінің деңгейін білдіреді.
Әр түрлі әлемдік әдебиетте дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел
жағдайы туралы сан алуан көзқарас бар, жүйелеп келгенде мынадай
пікірлерді атап өтуге болады:
1. Көшпелі қазақтарда патриархалдық қатынастар үстем болған,
сол себепті әйелдер басыбайлық, кіріптарлық халде ұсталды.
2. Ислам діні нығайғаннан кейін қазақ әйелдерінің жағдайы онан
бетер қиындап кетті.
3. Қазақ қоғамына тән полигамия, әмеңгерлік пен айттыру әйел
еркіндігін шектеп тастады.
4. Қалыптасқан ережелерді бұзған әйелдерге қатігез (варварлық)
жазалар қолданылды.
Енді жоғарыдағы “қағидаларды” дәстүрлі қазақ қоғамының
айнасы–ақын-жыраулар толғауларындағы әйел суреттемелерімен
және этнографиялық деректермен салыстырып көрелік. Бұл
толғаулардан қазақ әйелінің әлеуметтік статусы төмен болды деген
жорамалдың негізсіздігі анық көрінеді. Мысалы, ақындық дәстүрде
әйел мен ақын айтысы кең орын алған. Ақын тек өзі сыйлайтын
кісімен ғана айтыса алады. Шал ақын адам бақыты өзіңе тең
құрбыңды тауып алу дейді. Ондай әйел “саясы мол бәйтерекпен, алла
жаудырған нұрмен тең”. Керісінше “екі қатын алғанның дауы үйінде,
жаман қатын алғанның жауы үйінде” дейді
1
.
Шал ақын әйелді тек елдің құты ғана емес, оған қоса дүниелік
сұлулықтың бейнесі, рәмізі деп жырлайды:
Дегдар қыз екенсің бір алма мойын,
Ұжмақтан жаратылған жұпар қойнын,
Жарқырап зуһрадай екі көзің
Таранған әр тарапқа созып мойын.
Сіздердің мен таң қалдым жамалыңа,
Ақылға толықсыған кәмалыңа
Елшіге елу теңге бермек мақұл,
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982. 117 б.
290
Арада хат апарған адамына.
Асыл ғой баға жетпес осындай қыз
Әр елдің аты шыққан тарауына”
1
.
Ақындық дәстүрде әйел сыны ерекше орын алған. Өйткені
отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойған қазақ қоғамы үшін
(“балажанды қазақ”) әйел тек эстетикалық ләззат объектісі болмады.
Әйел отбасының тірегі ретінде саналды.
Әйелді құрметтеу дәстүрін тек ақындар ғана емес, оған қоса
жырауларда сақтаған. Мысалы, жорықшыл жырау Ақтамберді:
“Арудан асқан жар бар ма, жылқыдан асқан мал бар ма?!” – деп таң
қалады. Әрине, жаугершілік заманда жырау жаудың “Әлпештеген
ханшасын тегін олжа қылуды” да бекерге шығармайды
2
. Бұқар жырау
өзінің атақты тілектерінде “Ардақтаған аяулыңның біреуге олжа
болмауын, тас емшегін жібіткен анаңыздың аңырап қалмауын” қала
дейді.
“Мұрат” категориясы кез-келген этикалық жүйенің түйінді
ұғымына жатады. Өйткені әдептік нормалар күнделікті күйбең
өмірдің тар міндеттерінен жоғары, болашақпен байланысты
тұжырымдалады. Әлемдік этикалық және әлеуметтанулық әдебиетте
мұрат мәселесі жан-жақты талқыланғанымен, бұл жетекші әдептік
бағдар
қазақ
дүниетанымы
контекстінде
әлі
жеткіліксіз
қарастырылған. Мұрат – тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез-
құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын
“рухани күш, үлгі-өнеге. Арман мен мұрат құстың қос қанатындай
өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылық пен
кертартпа қырсықтың сор батпағынан құтылуды аңсайды. Арман мен
мұрат адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шындық –
бұл іске асырылған арман болса, мұрат – алыстағы көкжиек
3
. Мұрат
туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени контекстіде
қарастырған жөн. Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірінің ақын-
жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін
төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген.
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты мұрат – ел берекелігі
және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін
күрес. Бұл мұратты іске асыратын тұлғаға батырдың сомдалған
бейнесі жатады. Қуаң даланы алғашқы игергендер – номадтар және
басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т.б.) оларды
көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілердің өзіндік санасында дала ол
үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982. 122 б.
2
Сонда, 51 б.
3
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. - Алматы: Мұраттас, 1997. 114 б.
291
балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы
жер деп есептелген. Асан қайғы айтқандай:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Желде кеңес қылмайды
Жемнен де елді көшірдің”
1
.
Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де
шамалай алатынын әсіресе үндестік сазы, үйлесім (гармония)
ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің
белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре
алмайды. Әлде-бір адам болмысын, көңіл-күйі, жан сарайын, қажет
кезінде сыртқы мүсін-келбетін жете таныту үшін де көркем
шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін
сәттері аз емес. Гармония дейтініміздің бір көрінісі сол
2
.
Ақын-жыраулар шығармашылығында көрініс тапқан әдемілік пен
ізгілік мұраттарының тұтастығы қазіргі заман мәселелерін шешуде де
оңтайлық танытады. Жоғарыда аталған ізгілік пен әсемдіктің мұрат
деңгейінде тұтастануы ақын-жыраулар шығармашылығында айшықты
көрініс табады. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге,
сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
Мұрат ретінде қастерленетін туған табиғат дәстүрлі қазақты
дүниетанымда батыстық бағындырылуға тиісті түсінігінен мүлдем
басқаша
қабылданады.
Бұл
ерекшелікке
ақын-жыраулар
шығармашылығын зерттеген философтар мен әдебиетшілер де өз
назарын аударады. Белгілі ғалым ш.ыбыраев өзінің эпикалық кеңістік
концепциясында тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі
қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктерінің ұтымды
болғанына назар аударады: “табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет
пен бірлікте ғана көрінеді.
Батыстың адамгершілік философиясы мен этикасында кісілік
мұрат мәселесімен айналысқан ойшылдар жеткілікті. Олардың
арасында мұрат мәселесімен тікелей айналысқан және батыс
этикасына жүйелік талдау берген Д. Мур (1873-1958) ерекше рөл
атқарады. Сол себепті айшықты үлгі ретінде Д. Мурдың мұрат (идеал)
теориясының негіздеріне көңіл бөлелік. “Этика принциптері” атты
еңбегінде Д. Мур “идеал” ұғымының мағыналылығына назар
аударады. Біріншіден, мұрат шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютты
жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада мұрат діни түсініктегі
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия / құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.64 б.
2
Достарыңызбен бөлісу: |