280
жақты қарастырылған (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.).
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тектілік
рулық және генетикалық
қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Тектіліктің нақтылы
тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. Қазақтың “жеті
атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді” деген
нақыл сөзі бар. Жеті аталық үрдісті
әдебиетте инцестке тыйым
салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық үрдісті
“туысқандық қоғамның” айқын көрінісі деп қарастырады
1
.
Ақын-жыраулар
шығармашылығында
тектілік
мәселесі
балажанды қазақ үшін текті әйел алумен байланысты қойылады.
Белгілі жазушы-ғалым А. Сейдімбектің атап өткеніндей, миф,
әфсаналардан бастап ортағасырлық жырауларға дейін әйел
тектілігінің маңызы туралы талай ғибрат сөздер айтылған: “Шығыс
халықтарының ішінде қазақ сияқты санаулы ғана халықтың әйелдері
бетіне паранжы салмай, дидарын ашық ұстап, қымсынбай еркін жүруі
де көшпелілер өмірінде әйел баласы ер адаммен бірдей, тең дәрежеде
болғандығынан шығар.
Әйел-ананы құрметтеуге, қастер тұтуға деген
дархан этиканың қалыптасуына не себеп?! Себеп біреу-ақ, ол –
көшпелі өмір салтынан туындайтын әлеуметтік қажеттілік демекпіз.
Талдаңқырап айтқанда, көшпелі өмір салтында
әйел-ана еш уақытта
еңбектен қол үзіп ажыраған емес. Яғни отбасы бақыты, ру амандығы,
ел тағдырына қатысты қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі
ерлерден еш кем болмаған”
2
.
Тектілік кісілік құндылық ретінде қазақ халқының күнделікті
тіршілігіне етене еніп кеткен. Оның нақтылы көріністеріне
жататындары: ата-баба әруағын ардақтау,
ата-ана алдындағы
перзенттік борышын ақтау, ағаны арқа тұту, “құданы құдайдай
сыйлау”, күйеу
баласын туған ұлындай көру, қыз баланы ерекше
құрметтеп, әпке – екінші ана, “келіннің аяғынан, қойшының
таяғынан”, “келін келді – құт-береке келді”, “балалы үй базар”, “бала
бауыр етің”, “бір үйде
қанша болсаң, бір-біріңе қонақсың”, “жақсы
жеңге – анадай абзал”, “әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін”, “төрт
аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату”, “інім де, інім дегенше –
күнім де”, “ағасы бардың жағасы бар” және т.б.
Ақын-жыраулардың осы құндылықтар жөніндегі суреттемелеріне
назар аударайық. Олардағы бұл түсініктің қалыптасуына мынадай бір
қисын бар: тектілік дәстүр жалғастығымен айқындалады және өмір
сүріп отырған әлеуметпен үйлесімдікті талап етеді:
“Өз басыңды зорайтып,
1
Айтматов Ш., Шаханов М. Төрт ана немесе туған жерге табан тіреу // Егеменді Қазақстан. —
1995.- б.
2
Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: Өнер, 1984.
7 б.
281
Теңдес қайдан табарсың?
Қарияларын жамандап,
Кеңес қайдан табарсың?
Қарындасын жамандап
Өзіңе туған табылмас”
1
.
Егер тарихи арғы текке назар аударсақ, онда бұл түсінік “аталы”
сөзімен айқын берілетіндігін байқауға болады:
“Аталының баласы
Жабыққанын білдірмес
Жамандар мазақ қылар деп”.
Текті адам деп құрметті ата-бабалары бар кісі айтылады. Бұл
үшін “ата жұрты бұқара өз қолында болуы қажет”. Қазақы түсінікте
тарихи арғы тек әруақ ретінде құрметтеледі. Алайда тектілік өзімен-
өзі кісілік құндылық бола алмайды. Өйткені:
“Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз”
2
.
Ақын-жырауларда тектілік бірнеше мағынада қолданылады.
Оның бірі – қауымнан, қалың бұқарадан өзінің ерекше қасиеттерімен
бөлініп шыққан текті кісі. Бұл, әсіресе, Темір би, Абылай хан және
батырлар
суреттемелерінде
айшықтана
түседі.
Текті
адам
“көпшіліктен” өзгеше жаралған тұлға. Көпшілік, әдетте, өзінен
суырылып шыққанды ұнатпайды.
“Қоңқалаған көп жаман,
Сол жақсыны көре алмас”
3
.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы түсінік
бойынша көпшілікті аталы
(текті) кісі басқару қажет. Шал ақын жазғандай:
“Атасыздан би қойсаң
Алжастырар еліңді,
Жолды сөзді айта алмай,
Сындырар бір күн беліңді.
Аталы елден би қойсаң,
Бір бұтағы сенімді.
Сылап-сипап құрметтер,
Бетін бұрып оңға еліңді
4
.
Қазақ этикасының басты құндылықтарының бірі – төзімділік
(толеранттылық) мұраты. Біз өткен құндылықтарды жаңа заманға
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.
67 б.
2
Достарыңызбен бөлісу: