ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет86/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Сонда, 61 б. 
3
Сонда, 83 б. 
4
Сонда, 150-151 бб. 


282 
әдейі таңып отырғанымыз жоқ. Бұл жерде құндылықтар сабақтастығы 
туралы айтуға болады. Мәселе тек терминде емес, ол осы терминмен 
белгіленетін ұғымның мағынасында. Қазіргі философияда “дискурс” 
деген термин бар. Түсініктемелері көп. Біз оны қысқаша 
“мәдениеттердің мағыналық деңгейінің сұхбаттық табиғаты” деп 
аударар едік. Егер төзімділікке келсек, онда С. Айдарбаев оған 
мынадай түсіндірме береді: “саяси төзімділік (толеранттық) деп 
өзгеше көзқарасқа жол беруден тайынбайтын белгілі бір саяси 
күштердің тұрғысын (позициясын) түсіну керек. Егер бұл күштер 
билік басында болса, саяси төзімділік барынша кең түсінілетін 
конституциялық шеңберде оппозицияның қызметіне жол беру 
саясатынан көрініс табады. Жеке тұлғаға келетін болсақ, саяси 
төзімділік терминін саяси қарсыластар пікіріне құлақ асуға дайын 
болуды, оларды логикалық дәлелдеу арқылы өз жағына тартуға 
тырысуды білдіреді”
1

Төзімділік тек саяси ұстаным ғана емес, оның діни, этикалық, 
мәдениеттанулық және тағы басқа қырлары бар. Қазіргі кезде кейбір 
саясаткерсымақтар ислам төзімділікке қарсы дін деп пікір айтады. 
Қазақ ақын-жырауларының исламдық дүниетаным шеңберінде 
болғаны белгілі. Көп талқылауға бармай-ақ қасиетті құрандағы 109-
шы сүреден бір үзінді келтірейік: “Мен сіздердің табынатындарыңа 
табынбаймын ғой, сіздерде менің табынатыныма табынбайсыздар. 
Сіздерге – өзіңіздің дініңіз, маған болса – өз дінім”. Бұл жолдарда 
төзімділіктің негізгі қағидасы анық әрі дәл тұжырымдалған. 
Оған қоса төзімділік адамгершіліктің “алтын ережесімен” де 
(өзіне не тілемесең, басқаға да оны тілеме!) тығыз байланысты. Қазақ 
халқына төзімділік ерекше тән болған. Оның негіздері ретінде қатал 
далада тіршілік етуге қажетті жоғары табиғи және моральдық 
төзімділік, меймандостық, іштесу мен сұхбатшылдық (Қ. Нұрланова) 
және тағы басқаларын атап өтуге болады. 
Қазақ халқына тән төзімділіктің көрінісін “таспен ұрғанды аспен 
ұр” деген мақал береді. Халық даналығының мағынасы төзімділік 
танытып, мәселелерді зорлық-зомбылықсыз шешуге шақыруда. 
Осыған ұқсас мағынаны “сабыр түбі – сары алтын” деген мақал 
береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзімділіктің 
негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу 
қажеттілігі көрсетіледі. Атап өткен және басқа да қазақтың мақал-
мәтелдері қазақтың халық философиясы негізінде төзімділік пен 
зорлық-зомбылықты болдырмау идеяларының жатқанын жарқын 
көрсетеді
2

1
Бейбіт мәдениет жолында / редактор Нұржанов Б.Ғ. – Алматы: ҚазҰУ — ЮНЕСКО, 2000. 176 б. 
2
Сонда, 179 б. 


283 
Жалпы адамзаттық құндылық болып саналатын сүйіспеншілік, 
қайырымдылық, еркіндік, имандылық, ар-намыс, ар-ождан, ерлік, 
инабаттылық сияқты кісілік қасиеттерді тұлғаның адамгершілік 
өлшемі деп санасақ, кісі бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге 
баулуда қазақ этикасынан аларымыз өте көп. Әдептілік кісілік 
қасиеттің айшықты белгісіне жатады. Әдептілік, ибалылық, ізеттілік 
пен түзулік сияқты жақсы қасиеттерді, тәлім-тәрбиені, біздің ата-
бабаларымыз өз баласының, немересінің құлағына сәби күнінен құя 
береді. Олар кісілердің алдында беделі өте жоғары, сүйікті 
адамдардың өсиеті сәбиінің жадында ұзақ сақталатынын жақсы 
білген. “Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа” дей отырып, 
“кісілік қымбат емес, кішілік қымбат”, “тіліңді бақ, басың аман 
болады”, “сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады” сияқты нақылдарды 
кісілік бағдар деп айшықтаған. Шынайы әдептілік сезімі өз 
қылығыңның өзге біреудің жанына бататыны мен қуанышқа 
жетелейтінін түйсінуді, басқа біреудің қажеттерін ұғынуды, уайым-
қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық 
тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін 
өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамның орнына қоя білу керек. 
Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін байқатпайды және 
шамадан тыс ұнатқандық сезімін де білдірмейді, мұның өзі 
айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. 
Ғылыми әдебиетке соңғы жылдары ғана ене бастаған, қазақ 
дәстүрлі әдебінде этикалық ұстаным ретінде қолданылатын кейбір 
әдептік ұғымдарға назарымызды аударалық. Осындай ұғымдардың 
бірі – нысап. Нысап – әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол 
әділдікті, турашылдықты, уәдесіне адалдықты, өзінің және 
басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын 
мойындау мен құрметтеуді қамтиды. Нысаптылық адамдардың 
іскерлік іс-қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен 
әрекеттерін қадағалап, әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар 
арасындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да нысапқа 
байланысты. Сондай-ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен 
әлеуметтік ахуалының үйлесуін, кісілігі мен оны бағалаудың құқылық 
және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттық ұғым 
түсінігіне сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің өз мүддесіне 
бағып әділдік, туралықты бұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі 
ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа көзі тоймай 
алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды 
“нысапсыз” дейді. Сонымен, нысап кісіліктің өлшемі, адамдықтың 
құндылық деңгейіне жатады.


284 
Ақын-жыраулар жырларының заман жүгін көтерер мәселелерінің 
бірі – ар, адамгершілік туралы ой-толғаулары. Бұл жырлар қазақ 
философиясында кісілік қасиеттің бірі адамгершіліктің қазығы 
екендігі даусыз. Қазақ ақын-жырауларының еңбектері негізінен, ата-
қоныс, көшпелілер болмысы, қоғам, адам, батырлық, көркемдік, 
адамгершілік мәселелеріне байланысты болып келеді. Отанды сүю 
ата-анасын сүюден басталады. Бұл нысаптылықтың айшықты 
белгісіне жатады және оған ата-анасының өзін жақсы көріп қоймай, 
тіпті олар жүріп өткен әрбір қадам жердің, әрбір уыс топырағын, тау-
тасын да жан-тәнімен сүйетін азаматтық сезімін мақтаныш, үлгі-өнеге 
ету. Әрбір кісінің туған жерге деген, отанға деген сүйіспеншілігін де, 
оны көздің қарашығындай қорғауы да, “ел басына күн туып, ер 
етікпен су кешкен” замандарда жанқиярлық еңбек жасауы да әке мен 
анаға деген махаббаттан ғана бастау алары сөзсіз.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде нысап, несібе, тәубе негізінен 
имандылық талаптарынан туатын кісілік құндылықтар ретінде 
қабылданған Ислам дінінің қазақ сахарасында нығаюына қатысты 
этикалық ұғымдардың діни мазмұны арта түсті. ХV-ХVI 
ғасырлардағы жырауларда кісілік құндылықтардың көшпелілік, 
тәңіршілдік түсіндірмелері мен суреттемелері басым болса, ХVIII 
ғасыр ақын-жырауларында “обал”, “сауап”, “тәубе”, “несібе” сияқты 
мұсылмандық мағынадағы түсініктер жиі қолданыла бастады. Әрине, 
бұл ұғымдарда жалпы адамзаттық нормалар да көрініс тапты. Ғылыми 
және оқу әдебиетінде “тәубеге” мынадай түсіндірме беріледі: “Тәубе – 
адамның ағат кеткен іс-қылығына өкініш білдіріп, келешекте оны 
болдырмауға үзілді-кесілді бел байлауы, барға шүкіршілік етуі, жаман 
әдет бойға сіңбей тұрғанда, тез тәубаға келіп, оны қайталамауға, 
жаманшылықтың орнығуына жол бермеуі. Тәубе адамның өзін-өзі 
тәрбиелеудің бір жолы. Кімде-кім қателікке барып, теріс жолға түсіп 
қалса, дереу өзін-өзі жазғырып, адамшылық жолға түсуге бел байлап, 
бойын тез жинап алып, ар намысы алдында таза болуы жағын 
ойластыруы тиіс. Сонда ғана ол “менің ожданым (ар-намысым) таза 
деп қысылып-қымтырылмай айта алады”
1
Әрине, бұл анықтамаларда дидактикалық және педагогикалық 
ұстанымдар бірінші орында тұр. Бірақ, қазақ әдебіндегі кісілік 
құндылықтардың тізбегі көптеген ұғымдарды қамтиды. Олардың 
арасында қазақ әдеп жүйесінің маңызды ұғымы “қанағат” ерекше 
орын алады. Қанағат нысапсыздық, нәпсіқұмарлық, екіжүзділік 
антиподы ретінде қарастырылады. «Қанағат – барға риза болу, місе 
тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Қанағат – ашкөзділікке 
жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет