ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет105/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Алтынсарин И. Избранные произведения. С. 79. 
2
Воспоминания об И.А.Алтынсарине Н.Ильминского. С. 4. 


333 
олардың ақылы мен ойларына әсер ететін кітаптар қажет»
1
, – деп 
жазды Ы. Алтынсарин. Қазақ даласында мәдени-ағартушылық 
ошақтарының жоқтығына күйініп және олардың қажеттілігін айқын 
түсініп, Ы. Алтынсарин В.В. Катаринскийге жазған хатында былай 
дейді: «Халық, көшпелі кезеңде тұрғанда, өзіне қандай да бір өнегелік 
азық талап етеді және бұл азықты қажетінде надан қолдан алады, оны 
асыға сіңдіріп өзінің сау организмін құртады»
2
. Бұл жерде ол қазақ 
халқы арасында молдалар таратып жүрген, көпшіліктің санасын 
уландыратын діни кітаптар туралы айтқан. Сондықтан өзінің 
ағартушылық қызметінің мақсаты етіп – қазақ халқын жабысқақ 
молдалар ықпалынан барлық күшін салып және барлық тәсілдерді 
пайдаланып қорғауды қойды. Өзінің бұл ойын ол қазақ халқы 
арасында озық орыс әдебиет үлгілерін тарату жолымен іске асырды. 
Халықты ағарту міндеттерін Алтынсарин қазақтардың өмір сүру 
жағдайларымен тығыз байланыстырды. Ол мектептер қазақтардың 
өмір салтына сәйкес болуы қажет деп санады, олар «көшпелі 
мектептер болуы керек: жазда қазақ ауылдарымен жайлауға көшуі, ал 
қыс мезгілінде – қыстаулар жанында болуы керек»
3
. Осындай 
жағдайда ғана балалардың көбін мектепте оқыту мүмкін. Жүйелі 
түрде қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін 
танып, Алтынсарин өз жұмыстарында
4
қазақ этнографиясының 
көптеген мәселелерін зерттеді әрі қорытындылады. 
Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты кітабында қазақ халық 
ауыз әдебиетінің үлгілері: «Сәтемір-хан», «Ізбасты», «Байұлы», 
«Жәнібек батыр», «Қара батыр», «Жиренше шешен», «Қара қылыш», 
«Лұқпан дана» және көптеген басқаларын жинады, жүйеледі және 
жарыққа шығарды. 
Алтынсариннің қазақ халқының эстетикалық мәдениетін 
дамытудағы рөлі оның әдебиет саласындағы қызметінде айқын 
көрінеді. Ол ұлы ұстаз ғана емес, сонымен қатар этнограф, жазушы, 
ақын және аудармашы болған. Өз уақытында оның этнографиядан 
жазған мақалалары Ресей географиялық қоғамының назарын аударған, 
ал қазақтардағы құда түсу мен үйлену тойы, жерлеу мен ас беру 
салттары туралы жазған очеркі осы күнге дейін өз мәнін жоғалтқан 
жоқ... 
Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінде оның өз халқына 
деген шексіз сүйіспеншілігі және қысым көрсетушілер мен 
қанаушыларға деген өшпенділігі көрініс табады. Бұл әсіресе «Таза 
1
Воспоминания об И.А.Алтынсарине Н.Ильминского. С. 261. 
2
Сонда, 289 б. 
3
Алтынсарин И. Избранные произведения. С.23. 
4
Қар.: Алтынсарин И. Очерки обычаев при сватовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского 
ведомства и Очерк обычаев при похоронах и поминках у киргизов Оренбургского ведомства. 


334 
бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Азған елдің хандары», 
«Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз» және басқа 
шығармаларында айқын бейнеленген.
Оның шығармаларында қазақ халқының өмір сүру жағдайы, оның 
барлық жақсы және жаман жақтары, шынайы суреттелген.
Ауылдағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін ашып, ол былай жазды: 
«Азған елдің хандары, 
Тақ үстінде отырғандары. 
Жарлыдан алып, байларға 
«Сыйлап берсе» керек-ті»
1

Оның өлеңдері гуманизм идеяларына толы, өз өлеңдерінде 
Алтынсарин қарапайым халықты өз қадірін сезінуге шақырады: 
«Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен, 
Кете бар кессе басың шындықпенен! 
Қорек тап бейнеттен де, тәңірім жәрдем, 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен»
2

Алтынсарин шығармаларында өнерге деген өз қатынасын 
білдіреді, қоғамдық өмірдегі әдебиет пен өнердің орны мен рөлін 
түсіндіреді. «Алтынсаринге дейін қазақ әдебиетінде әдебиеттің 
қоғамдық рөлін айқын түсінген қайраткер болған жоқ»
3
, – деп жазады 
Ә. Дербісалин. 
Ол әдебиеттің ең маңызды міндеті ақиқат болмысты шынайы 
көрсету, ал жазушының шығармашылық міндеті – халық пен қоғамға 
қызмет ету деп санады. Өз шығармаларында ол қазақтар өмірінің көп 
қырларын көрсетті. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелері, оның 
табиғат пен адам сезімдерінің сұлулығын қалай түсінгендігін 
көрсетеді. Оның «Жаз», «Көктем», «Өзен» және басқа өлеңдерінде 
адамның әдемі сезімдерімен үндес ғажайып табиғат суреттері 
берілген:
«Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен, 
Құдайым дәрмен бол деп етер кәрмен... 
Бір малы шаруаның екеу болып, 
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан, 
Күлісіп, құшақтасып әділ етер, 
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған... 
Кеш болса күн қонады таудан асып, 
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып, 
Аһ ұрып шүкіршілікпен құшақтасар 
Рақатпен кеш уақытында неше асық ... 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет