Практика
1.
|
Кіріспе сабақ
|
1
|
1
|
|
|
|
2.
|
«Айгөлек» бөлімі - 7 сағат
|
1.
|
Айгөлек
|
|
1
|
1
|
Екі сызық. Жүгіру
|
Әдебиет,
тарих, еңбек
|
2.
|
Аңшылар
|
|
Шеңбер, доптар
Лақтыру
|
3.
|
Арынды арқан
|
|
1
|
1
|
Арқан. Секіру
|
4.
|
Домалақ ағаш
|
|
Қақпа таяқ, домалақ шар (ағаш)
Жермен домалату
|
5.
|
Қамалды қорғау
|
|
1
|
1
|
Көздеу, лақтыру. Доп
|
6.
|
Түйілген орамал
|
|
Жүгіру, лақтыру, қағып алу
Орамал(тас түйілген)
|
7.
|
Ойындарды ойнату
|
|
|
1
|
Оқушылардың тілегі бойынша үйренген ойындарынан жарыс ұйымдастыруға болады.
|
|
3.
|
«Асық ойындары» бөлімі - 4 сағат
|
1.
|
Алшы
|
|
1
|
|
Асықтар. Көздеп ату
|
Тарих
|
2.
|
Атбақыл
|
|
1
|
|
Асықтар.
Көздеп ату, көтеру
|
3.
|
Хан ату
|
|
1
|
|
Асықтар.
Көздеп ату.
|
4.
|
Асық ойындарынан жарыс өткізу
|
|
|
1
|
Асықтар.
|
|
4.
|
«Алтыбақан» бөлімі - 7 сағат
|
1.
|
Ақсүйек
|
|
1
|
|
Ақсүйек(ағаштан жасалған болуы мүмкін)
Жүгіру, қуып жету
|
Тарих, еңбек
|
2.
|
Жаяу тартыс
|
|
1
|
|
Арқан, белдемше.
Күшпен тарту
|
3.
|
Арқан тартыс
|
|
1
|
|
8-10 м. Арқан, меже
Күшпен тарту
|
4.
|
Таяқ жүгірту (қыста ойналады)
|
|
1
|
|
2-3м. таяқшалар, жарқабақ қар.
Көздеп ату, лақтыру
|
5.
|
Белбеу тастау
|
|
1
|
|
Белбеу(екі бүктеліп есілген қол орамал)
Жүгіру, қуып жету
|
6.
|
Қарагие
|
|
1
|
|
2-2,5м. сырық, мешен
Сырықпен ату(лақтыру)
|
7.
|
Ойындар ойнату
|
|
|
1
|
Ойыншылардың қалауы бойынша қажетті заттарды оқушылар өздері дайындайды
|
|
5.
|
«Бәйге» бөлімі - 7 сағат
|
1.
|
Аударыспақ
|
|
1
|
|
Қол күшімен аударып жығу
|
Тарих, еңбек
|
2.
|
Жамбы ату
|
|
1
|
|
Садақ, жамбы
Көздеп атып тигізу
|
3.
|
Күміс алу
|
|
1
|
|
Орамалға түйілген күміс тиын, 2 көмбе.
Атпен шабу немесе жүгіру
|
4.
|
Тұмақ ұру
|
|
1
|
|
Көмбе, 1-1,5м. қазық,тұмақ, көз байлайтын орамал, қамшы. Дәлдеп тигізу
|
5.
|
Жігіт қуу
|
|
1
|
|
Көмбе, сырық таяқ, тұмақ, белбеу(есілген орамал)
Жылдамдыққа жүгіру
|
Еңбек
|
6.
|
Көкпар (жаяу)
|
|
1
|
|
Жүні бар теріден жасалған зат, аттың бейнесі. Жүгіру, қолдың-аяқтың күші
|
7.
|
Ойындардан жарыс ұйымдастыру
|
|
|
1
|
Қажетті құралдарды оқушылар өздері дайындайды
|
|
6.
|
«Қазақстанның танымал спортшылары» бөлімі -2 сағат
|
1.
|
Д.Тұрлыханов, С.Қонақбаев, Б.Александров, В.Смирнов,
А.Храпатый
|
|
1
|
|
Кітаптар,
журналдар, слайдтар
|
|
2.
|
Ә.Тұяқов, А.Парыгин, В.Тихоненко,
Н.Ким, В.Вохмянин
|
|
1
|
|
Кітаптар, журналдар, слайдтар
|
|
7.
|
«Тоғызқұмалақ» ойыны - 3 сағат
|
1.
|
Ойынның шығу тарихы
|
|
1
|
|
Кітаптар, суреттер, слайдтар
|
Тарих
|
2.
|
Ойынды үйрету
|
|
1
|
|
Ойын тақтасы
|
3.
|
«Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс
|
|
|
1
|
Ойын тақталары
|
|
8
|
Қорытынды бөлім - 3 сағат
|
1.
|
Аз қимылды ойындар ойнату
|
|
|
1
|
Эстафета
|
|
2.
|
Көп қимылды ойындар ойнату
|
|
|
1
|
Эстафета
|
|
3.
|
Ұлттық ойындар спартакиадасы
|
|
|
1
|
Жарыс
|
|
Барлығы : 34 сағат.
|
Ойындардың ережесі.
Айгөлек
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасына ең көп тарағандарының бірі осы айгөлек ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде,күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардыңсаны неғұрлым көп болса, кеш те соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасына кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы дауыспен өлеңдетіп:
Айгөлек-ау, айгөпек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізден саған кім керек?-десе,
екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:
Айгөлек-ау, айгөпек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар
Ақтерек пен көктерек
Бізге мұнда Бекбай керек.
Осы аты аталған ойыншы жұгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек, Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қай ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса блгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.
Аңшылар
Атына қарағанда бұл ойынжазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдында,аула ішінде,кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойын жүргізуші күні бұрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы тұрғызады. Бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы тоқта деген бұйрық береді. Бұйрық берілген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптраымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.
Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша «үйрек» атып алады. Ойын соңында оқ тигізбей орнында қалған «үйректер» «аңшының» ролін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.
Қамалды қорғау
Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы да ойнай алады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғас береді.
Достарыңызбен бөлісу: |