Көтеріспек (Атбақыл)
Халық арасында атбақыл деп аталып кеткен бұл ойынға екі бала қатысады. Олар бұл ойынды өздері келісіп алып ұнатқан жерінде ойнай береді. Ойыншылардың әрқайсысында тек сиырдың асығы болу керек.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойыншылардың екеуі өзара келісуімен біреуі сақасын алысырақ иіреді, екіншісі сол сақа иірілген орыннан тұрып иірілген сақаны атады. Бірінші атқан бала қарсыласының сақасына тигізсе, онда қарсыласы сол атқан жерден оның сақасының жатқан жеріне дейін көтеріп апарады да, сол жерден сақасын қайта иіреді. Ал қарсыласының сақасына тигізе алмаса қарсыласы өз сақасын алып сол орыннан бірінші ойыншының сақасын атады, егер атқан сақасына дәл тигізсе ол да соны істейді, тигізе алмаса қарсыласы қайта атады. Сөйтіп, бірінің сақасын бірі атып екі бала алдыға қарай жылжи береді. Ойынды қанша уақытқа созса да балалардың өз еркінде.
Хан (Хан ату)
Ойынға тек асығы мол 2-4 адам қатысады. Сондықтан да оны үй жағдайында ойнай беруге болады. Ойынның мақсаты-асық ұту.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ойнаушылар стол басына жайғасып отырғаннан кейін, барлығы асықтарын шығарып қосады (айталық 3 адам 10асықтан қосса 30 асық болады). Бір белгілі асықты «хан» етіп тағайындайды да, кезекпенен барлық асықты қос-қолдап алып, еден үстіне иіреді. Ойнаушының мақсаты асық ұту, ол үшін асықпен ханды атады: айталық асықтың бәрін иірген кезде «хан» алшы түссе, онда алшы тұрған асықпен ғана ату керек, бүк түссе бүк түскен асықпен ғана ату керек. Атқан асығын қалтасына салып қойып, ары қарай жалғастыра береді. Егер ойнаушылардың бірі қолындағы асықпен «ханды» атайын деп отырғанда басқа асықты қозғап кетсе немесе «ханды» атқан асығы оған тимесе, «ханның» тұрғысындай тұрған асық жоқ болса, онда ойнаушы атуын тоқтатады. Содан кейін асықты жинап алып келесі кезекткгі ойыншы иіреді, ол да асықты атып ала береді. Бұл ойыншы да жоғарғыдағы тәртіпті бұзғаны үшін ойынды тоқтатады. Келесі кезектегі ойыншы кіреді, сөйтіп асық таусылғаннан кейін ойынды қайта бастайды. Бұл жерде есксртстін мынадай бір жағдай бар. Асықты иірген кезде «хан» асықтардың астында көрінбей қалуы мүмкін, осы кезде асықты иіруші «ханды қарабасты» деп дауыстайды. Мұндай жағдайда байқап отырған ойыншылар бас салып кім қанша ала алады, әйтеуір асықты талап алады.
Осы сәтте күтіп-күтіп, бәрін байқап отырған ойыншылар көндегі асықты бас салып ала бастайды. Кімнің қанша асық алғанында ешкімнің шаруасы болмайды. Әркім неғұрлым көп асық алуға тырысады. Ойын да осынысымен қызықты-ақ.
Ақсүйек
Ежелгі бұл ойын қазақ жастарының арасына ең көп тараған ойындаодың бірі. Ойын түнде ойналатын болғандықтан ай жарықта шөптесін көгалдарда, ал ай қараңғысында жазық алаңдарда жиналған жөн. Ойын жүгіруді, қол күшті керек ететін болғандықтан көпшілік жағдайда оны ер балалар ойнайды. Әрине,ерте уақытта ойынға қойдың асықты жілігін, ортан жілігін немесе кепкен ақсүйекті пайдаланған, ал қазіргі кезде міндетті түрде ақсүйек лақтыру шарт емес. Оны былай да жасауға болады: ұзындығы 20 сантиметр, диаметрі 5-7 сантиметр ағаш алып, оның сыртын ақ сырмен сырлап қойса да болады. Тіпті болмаса ағаштың сыртына бір қабат дәке орап қойса жеткілікті. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтпек.
Достарыңызбен бөлісу: |