Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестелердің ойынын жатқызуға болады. Ол ойындар көбіне жырлы-қимылды болып келеді.
Екінші топқа баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады.
Үшінші топқа жасөспірімдердің қозғалмалы ойындары жатады.
Төртінші топқа жігіттердің ойындарры мен ұлттық спорт түрлері топталады. Мен өз авторлық бағдарламамды оқушыларды үшінші және төртінші топтағы орта мектептің оқу бағдарламасына кірмеген ұлттық ойын түрлерімен таныстыру үшін алдым.
Бағдарлама бір жылдық жоспармен 34 сағаттан тұрады. Кіріспе және қорытынды сабақтардан басқа бірнеше бөлімдерден тұрады. Әр бөлімде әр түрлі қимылдағы ( баяу қимылды, тез қимылды, күшті керек ететін), ойлауды, басқа пәндерден алған білімдерін қажет ететін ойын түрлері бар. Негізінен әдебиет, еңбек, тарих, саз сабақтарымен пәнаралық байланыс жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар Қазақстанның танымал спортшылары туралы деректерден бірнеше сабақ дәріс алады.
Бағдарламаның мақсаты – қоғамымыздың жастарын өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін бағалай білетін азамат етіп қалыптастыру. Қазақ халқының ұлттық ойындарын үйрете отырып, ойын арқылы әдет-ғұрыпынан деректер беру. Қазақстанның атақты спортшыларымен таныстыру, оларға еліктеу. Бойына адами жақсы қасиеттерді сіңіріп, өз халқын, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеу. Оқушылардың денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын дәріптеу.
Бағдарламаның міндеттері:
1.Қазiргi жастарға, өзге ұлт өкілдеріне қазақ ұлттық ойындарынан терең білім берудi жүзеге асыру:
---бағдарламалық материалдарды толықтыру арқылы;
---қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын оқыту арқылы;
---сыныптан тыс жұмыстар,үйiрмелер арқылы қазақтардың мәдениетiмен, тұрмысымен таныстыру.
2.Оқушылар бойында ұлттық ойындарға қажетті құралдарды өз қолдарымен жасау арқылы еңбексүйгіштік, шеберлік қасиеттерін арттыру.
3. Ұжымшылдық, өзара көмек, жеңіске ұмтылу сияқты қасиеттерді дарыту.
Достарыңызбен бөлісу: |