поскейнсиандықтың пайда болуы.
70-ші жылдардағы құрылымдық және циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-75 жылдардағы дағдарыс және созылмалы сипаттағы инфляция экономикалық саясатты дағдарысқа алып келді. Тура осы кезеңде стандартты антициклдық кейнсиандық схемалар әрекет етуін тоқтатты. Егер, бұрын инфляция экономиканың көтерілу сатысымен сәйкес келіп және сұранысты шектей отырып, оны ұстап тұруға тырысса, ендігі жерде үкімет алдында тіпті көтерілу сатысы кезеңінің өзінде экономикалық қиындықтарды қалай шешуге болады деген мәселелер аса өткір түрде тұрды.
Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы – мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі қарсыластары – неоклассиктер тұрғысынан ғана емес, Кейнс теориясына берілгендедердің өздері - посткейнсианстар мен монетаристер тарпынандада сынға ұшырады.
Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған реттеу өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ГТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді қиындата түсті, нарықтық реттеу арқылы басқарудың объективті өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге сұраққа берілер жауап. 80-90 жылдардағы КСРО және шығыс Европа елдеріндегі орталықтанған жоспарлаудың марксистік тұжырымда-маларының құлауы осыған ұқсас дағдарыспен түсіндіруге болады.
Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл кейнсиандықтар, ал екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.
Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.
Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты.
Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.
Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора, П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.
80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.
Кембридж мектебінің мүшелері, Дж. Кейнстің шәкірттері мен серіктері – Дж.Робинсон, Н. Колдор, П. Сраффа және басқалар ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарының өзінде, Кейнс теориясын сындық тұрғыдан қайта бағалау жөнінде сөз көтерді, олар оның теориялық зерттеулеріңің дамуына басқа ағымдардың синтез базасы мен байланыстыруға дамытуға талпыныс жасады. Оларды, “классиктерді” – бәрінен бұрын Д. Рикардо мен К. Маркстің идеялары мен методологиясын жақтаушылары ретінде жиі “солшыл кейнсиандықтар” деп атады. Олар тиімді сұраныстың өсуі үшін, монополияны шектейтін және әлеуметтік реформалары жүргізу факторлары ретінде, еңбек ақының өсу проблемаларын зертеді.
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден бас тарту.
Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп, шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.
Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:
-
инвестициялық тауарлар секторы (І);
-
тұтыну заттар секторы (ІІ);
Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.
І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2
Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:
-
экономикаға мемлекеттің араласуының жоқтығы;
-
тек қана екі таптың болуы – жұмысшы және кәсіпкерлердің;
-
тұтастай капиталды жинақтауға жұмсалатын пайдалардан түсетін тұтынудың жоқтығы.
Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.
Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.
Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.
Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.
Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.
Кембридж мектебі өзінің экономикалық саяси дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар. Оның тиімді сұраныс пен сырттан және іштен экономиканы тұрақтандыру, экономикалық өсуді ынталандыру, мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы еңбектерінің аса үлкен маңызы болды, және ғылымның маңызың, оның рөлін жеке көтерді
ТҮЙІН
ХХ ғасырда экономикалық теорияны дамытуда Дж. Кейнстің жұмыстары терең із қалдырды. Ол А. Смит, Д. Рикардо және К. Маркспен қатар, экономикалық ойлардың дамуына шешуші әсер еткен, ұлы зерттеушілердің бірі болып саналады.
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегіне жататындар: баға талдауын нақты өнімге ауыстыру; процент нормасына жаңа келіс (көзқарас); инвестициялық мультипликатор идеясы; қазіргі капиталистік экономиканы өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы ереже; “тұтынуға бейімділік” және “өтімділікте ликвидке артықшылық беру” түсіндіктерін енгізу және т.б.
Тиімді сұраныстың тапшылығы, оны қоректендірудің (бюджет үшің шығыс есебін қолдау, мемлекеттің белсенді несие-ақша саясаты) қажеттілігінің неден шығарылатындығын кейнсиандықтар капиталистік экономиканың негізгі проблемалары деп санады.
50-60-шы жылдардағы кейнсиандықтың бөлінуі, Кейнстің макроэкономиасы мен неоклассиктердің микротеориясын біріктіруге ұмтылыс, ортодоксалды кейнсиандықтардың (Э. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хинс, П. Самуэльсон және басқалар) пайда болуына әкелді. Мұндай ыдыраудың нәтижесінде “неоклассикалық синтез” – тұжырымдамасы микро деңгейіндегі ең жоғары көлемдегі жеке меншік инвестицияларының дамуымен мемлекеттің экономиканы қолдау тұжырымдамасы қалыптасты.
Негізгі терминдер
Шынай ұсынылатын сұраныс
Макроэкономикалық тепе – теңдік
Трансакциялық себеп
Алдын – алу (сақтық) себебі
Тиімді сұраныс
Жинақ жасауға бейімділік
Өтімділікке артықшылық беру
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
Жанжақты тұрақтандарғыш
Жетілмеген бәсекелестік
Практикум §1 Енді Сіз білесіз: -
Дж. Кейнс ілімінің пайда болуының тарихи жағдайы;
-
экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегі;
-
толық жұмыспен қамтылушылықты Кейнс қалай түсінді;
-
экономиалық өсу үшін тұтынуға бейімділіктің қандай маңызы бар;
-
тиімді сұранысты ынтыландыру да мемлекеттің қызметі;
-
хансенның, Харродтың, Хикстің, Робинсонның және т.б. экономистердің ілімінің мәні;
-
“Неоклассикалық синтездің” ортодоксалды теориясы дегеніміз не;
-
кембридж мектебінің өкілдері;
-
Посткейнсиандықтың мәні;
§2 Қайталау үшін сұрақтар -
Қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайында Дж. Кейнстің ұсыныстарын пайдалану мүмкін бе?
-
Макроэкономика теориясын дамытудағы Кейнстің негізгі сіңірген еңбегі қандай?
-
“Ловушка ликвидности” “Ликвидтік қақпан”дегеніміз не?
-
Сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеу теориясының негізі.
-
Дж. Кейнс ілімін дамытудағы Харродтың сіңірген еңбегі қандай?
-
Жетілдірілген және жетілдірілмеген бәсекеле-стіктердің ерекшеліктері неде?
§3 Біліміді өзіндік тексеруге арналған тестер: -
Атағын шығарған “Қамтылу, процент және сұраныстың жалпы теориясы” атты еңбегінде Дж. Кейнс, қандай негізгі мәселелрді қарастырды?
-
1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқырау (дағдарыс)
-
зардаптарына үн қатты;
-
Тиімді сұраныс пен оның өсу проблемаларын неғұрлым
-
толық зерттеді;
-
Тиімді сұранысына, тұтыну табысы мен инвестицияға анықтама берді;
-
Макроэкономикалық тепе- теңдік;
-
Мемлекеттің несие-ақша саясатын анықтада.
-
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сөзсіз сіңірген еңбегіне не жатады?
-
Бағаны талдаудан нақты өнімді талдауға ауысу;
-
Өндіріс пен табыстар деңгейінің ауытқуына қарағанда, жинақтар мен инвестициялардың деңгейіне аз әсер ететін процент нормасына жаңа көз қарас;
-
Қазіргі капиталистік экономиканың өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы;
-
“Тұтынуға бейімділік” және “өтімділікке артықшылық беру” түсінігін енгізу;
-
Инвестициялық мультипликатор идеясы;
-
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшелігі неде?
-
Неоклассикалық теориядан, шекті өнімділік пен шекті пайдалылықты алшақтуда;
-
Капиталды жинақтаудың жаңа теориясын әзірлеуде;
-
Экономикалық өсуді және өнімдерді бөлуді талдауда;
-
Рикардиандықты қайта жаңартуға негізделген құн теориясынын жаңа келістімін дамыту әдістерінде;
-
Жетілмеген бәсекелістік шаруашылықта;
-
Жүйесінің бұзылуы мен жалдамалы еңбекті қанауды көрсетуде.
-
Ортодоксалды кейнсиандық теорияны жасағандар:
-
Р. Харрод, Е. Домар;
-
Н. Калдор, Дж. Робинсон;
-
П. Сраффа, П. Самуэльсон;
-
А. Филлипс, Дж . Хикс;
-
П. Дэвидсон, Х. Минекки.
-
“Неоклассикалық синтез” қандай блоктардаң тұрады?
-
Кейнстің қысқартылғн немесе кесілген үлгілерінен;
-
Хикс – Хансеннің “кірістер – шығыстар” схемаларынан;
-
Толық жұмыспен қамтылушылықтың себептерін түсіндіруден;
-
«Синтезден» - еңбек құн теориясы мен шекті пайдалық теорияның келісімінен;
-
Барлық жауаптар шынайы емес.
-
Робинсон бойынша жетілдірілмеген бәсекелестіктің сипаттамасы:
-
Монополиялардың қассиетері;
-
Сұраныстың аз қолдануы;
-
Еркін бәсекелестік үшін жағдайдын жоқтығы;
-
Жалдамалы еңбекті қанау.
Достарыңызбен бөлісу: |