АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет14/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

ЖӘнібек батырдың туы

Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді.

Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.52

Алтай үкіметінің бастығы Гау Бауиға қағаз жібердік. “Біз ұлттық езгіге қарсы күресеміз. Өз тәуелсіздігімізді алмай қоймаймыз. Шынжаң деген бүкіл территорияны босатып аламыз. Өз алдымызға Шығыс Түркістан мемлекетін құрамыз. Бүгіннен тартып бандит Шың Сысай жеріне қайтсын. Шың Сысай өз сөзінде тұрмады. Шың Сысай 1933 жылы таққа шыққаннан бері жазықсыз 15 мыңнан астам қатын-баламызды қырды. Қазақтарды, ұйғырларды езуді бандит Шың Сысай өзінің меншікті мүлкіне айналдырып алды. Шынжаңдағы мұсылман халықтарын құлдыққа айналдырып барады. Сұмырай Шың Сысайдың 1934 жылы жариялаған алты жолы Шынжаң мұсылмандарына пәле мен қаза әкелді. Онан біз әбден сабақ алдық. Біз Шынжаң халқы Жын Шурын атты қасқырды есіктен қуып шығып Шың Сысай атты жолбасырты шаңырақтан түсіріп алғанымызды әбден түсініп болдық. Біздің өлкеміздің негізгі аты Түркістан еді.

1919 жылы Коминтерн құрылғаннан кейін Шығыс Түркістан деп атап кеткенбіз. 1923 жылы Ян Зы Шың Құлжадағы сауда тоқтамын Түркістан – Шынжаң саудасы деп атап Шұй Го Жын қол қойған еді. Сол Түркістанның Шығыс Түркістаны біз едік. 1932 жылы сәуірдің 5 күні Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап жарнама шығарып Қожаниязға (77) халықаралық үлкен жәрдем берілді. Бандит Шың Шысай 1942 жылы қыркүйекте Коминтерннен қол үздім деп жариялағанда 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз халық республикасы” деп жарнама жариялады. Соңғы кезінде Оспан тобы осы жарнаманың негізгі орны болып қалды. Бұның барлығы кешегі тарихта еді. Осы тарихи құжаттардың қазірге дейін сиясы кепкен жоқ.

Сонау өткен заман тарихын алып айтсақ оны қытайдың өзі белгілеп 17 өлкесін кесіп 300 жылдық жасаған ұзын қорғаны бар еді. Осы қорғанның сыртының барлығы Түркістан жері, Шынжаң деген сөз 1738 жылы Манчу Хандығының Шынжаңға жіберілген Генералы Зо Зұ Таң қойып алған есімі еді. Сол кезден бұрын да, және кейін де осы біз айтып отырған Шығыс Түркістан өлкесі Жұнғария – Қашқария болып екі әкімшілік район арқылы іс жүргізіп келді. Қашқария, яғни Алтышар ұйғыр халқының мекені, ал Жұнғария Қазақ халқының атамекені болып келе жатыр. Сонау 552 жылы қазақтардың Үйсін Хандығының орталығы қазіргі Жемсары ауданындағы Қағанбұт қаласы еді. Сондықтан біздер Шынжаң деген жер атын танымаймыз. Ол кездегі Жұнғария – Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Құмыл, Гансудың Жу жуан аймағы еді. Біз төңкерісшілер осы жерлерді дауламай тұра алмаймыз. Үкіметтеріңізге жоғарғы қолбасшыларыңызға жеткізіп қоясыздар” деп Момынбай би, Сәдуақас молланы жібердік.

Осы өкілдерді қорғап Бүркітбай батыр алып барып Сарсүмбе қаласына енгізіп жіберді. Қайтарында Ертіс бойлап Шібеті өрлей келе жатып жау қолына түсіп кетіп 13 адамды бандит Шың Шысай 1943 жылы 18 қыркүйекте Сарсүмбе қаласына апарып атты.53 Осы жылдың жазында 12 адамдық бір шолғыншы жіберілді. Сарсүмбеге дейінгі екі арадағы жер тазалығын тексеруге кетіп еді. Шың Сысай бандылары Алтайдағы монғолдан Бурыл бастық 19 адамды Шаңырақты Қызылдағы қарауылға жіберіп ол жердегі Оспан қарауылын талқандап келуге бұйырыпты. Кәмел, Қапас қатарлы адамдар (78) бұл қарауылды қиратып 18 мылтық, ат-көліктерін түсіріп келді. Тек Бурыл дейтін бір монғол қашып құтылған болатын.

Осы кезде бандит Шың Сысай Үш Арғылтай құйғаны, Келеңсай, Дабысын, Көктоғай қаласы, Қаратүнке, Күміс құйғаны қатарлы алты жерге мыңнан астам армияны әкеліп орналастырды. Қытайлар елдің етекке түсуін күтіп аңдып жатты. Қар жаумай Арғылтайдағы әскерлермен екі рет шайқастық. Алтай жақтан жау келмеді. Осы барыста Шіңгіл елінен Әсеннің шешесі Жәукен келді. Үрімжіден келген екі мың әскер Шіңгілдегі қыстауымызға түсіп алды. Ел ішінен Тілеулінің ауылы, қатын-бала ішінде жүзден артық адамды өлтіріп Ноғайбайға қарасты ел қашып тауға шықты. “Осы жаудан құтқар” деп бұл әйел Оспанға қағаз әкепті. Бұл хатты Әсен жазған екен. Әсен маған Ноғайбай үкірдайдың мөріні жіберіп “әскерді өзіңіз бастап келіңіз”, - деп баса айтқан екен. Оспан жүз әскер беріп мені баруға бұйырды. Ел бастықтарына Сәли Ақын тәйжі, Жанат зәңгіні қосып берді. Мен бес жорға ат, 25 кілем, 30 лаң алтын топтап алып ол нәрселерді халыққа тарту бермек болдық. Менің бір міндетім осы еді. Біз күнді түнге жалғап жол жүріп Шіңгіл ауданына жетіп келдік. Үш Қобыдан келіп өзен бойына түстік.



Монғолиялық Өкілдер

Үш Қобы аяғында Баянбай, Қызыл Шілікіндегі кең қолтықтан қоныс алып отырған 300 үйлік Әсен үкірдай аулына келдім. Соларды сол жерден айдап шығып едік. Қала ішінен 200 әскер шығып еді. Олармен азырақ шайқасып едік. 7-8 адамдары оққа ұшқан соң қашып қайтадан қала бекінісіне кіріп кетті. Елді айдап отырып Бұлғындағы Моншық Қызыл түбіне апардық. Елді әскерге күзеттіріп қойып Әсен, Сәлиақын, Жанаттарды алып 14 кісімен Бұлғынды өрлеп Жарынтының басындағы Қалқа шекарасына бардық. Қызыл қыяға барғанда алдымыздан Қалқа әскерлері пропуска (белгі) сұрады. Біз өзіміздегі белгіні бердік. (79) Белгіні алғаннан кейін қарауыл бізді ертіп Жалпаққа бардық. Ол жерге екі киіз үй (қазақ үйі) тігіп қойыпты. Бізді Монғолия өкілдері қарсы алды. Генерал Мәжік сонда келіпті. Мәскеуден жоғарғы лауазымды адамдар келеді деп сегіз күн тостырып қойды. Олар, қорғаушыларымен келген орыс азаматы Генерал Богдонов пен қасындағы Яман дейтін полковник (бұл монғол) екен. Бұл генерал тегінде Алтайда жұмыс істеген, Көктоғайда бөлік командирі болып тұрған адам екен. Азырақ қазақ54 тілін де біледі екен. Ол адамды біздің қазақтардың бір талайы танитын болып шықтық. Ол адам бізге:

- Мен қазір Ұланбатырда істеп жатырмын. Чойбалсан сіздерге мені жіберді. Сіздер Үш Бұлақ жастабындағы барған өкілдерге көптеген пікір айтқан екенсіздер. Сол жайында мен екі үкіметтің және Коминтерн қарарларын ұқтырайын деп келдім, - деді. Ол сөзін одан әрі жалғастырып:

- Халықаралық Коминтерн Шығыс Түркістан тәуелсіз ел деп танып жарнамасын жариялап қойды. Шығыс Түркістан Бұлғын, Шіңгіл, Ақ Үй Соғыс Комитеті құрылды. Соғыс Комитеті сіздерге көптеген іс жүргізіп беретін ғылыми қызметкерлерімен көшіп келеді. Соғыс Комитеті жанынан сіздерге қоныс берілетін болды. Шығыс Түркістан азат болғанша қару жарақты Коминтерн тегін береді.55 Сауда жұмыстары халықаралық заң бойынша жүргізіледі. Шикі заттарыңыз сыртқы Монғолия, сап моңғол-түрік атынан Ресейге өткізіліп малға айырбасталады. Түркістан 9 юаны Ресейдің импорт ақшасына бір сом есептелетін болды. Оспанға көп сәлем айтыңыз. Сіздерге Чойбалсан 30 мылтық бесатар, төрт мауазер сәлемдеме жіберді, - деп ол құралдарды бізге (Сәли, Әсен, Жанат, маған) берді.

Төрт мауазерді жоғарғы төрт адам алдық. Төрт түйе бұл, шай берді. Біз

- Өзіміз құрған соғыс комитетіміз осы жерге көшіп келсе, - деп талап етіп едік.

- Есігіміз ашық, - деп жарнаманы оқып берді. Тоқтамды оқып берді.

- Оспан өкілін жіберсе, тоқтамға қол қойыңыздар, - деді.56 (80)

Оспанға берген сәлемдемені алып қайттық. 30 мылтықты Әсенге бердік. Олар өзін өзі қорғап тұратын болды. Осы жолы 15 адаммен Шыбарайғыр Қапас бізге еріп жүрді. Күн түн демей жүріп Бурылтоғайға келдік. Оспан осы кезде Бурылтоғайдың Дүресіне көшіп келген еді. Оспан үйінде жиын болып Генерал Богданов, Генерал Мәжік, Генерал Қасеннің барлық пікірлерін жеткіздім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет