АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет38/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

132 Хасан Оралтай осыған ұқсас бір сөздің “Ей байқұс қазақ! Түйеге мініп Америкаға қалай кетпекшісің! Түйе мұхиттан өте алмайды” деп айтылғанына көрсете келіп, кейінгі жылдары Түркияда осы сөзді еске алған және Америкаға барып келген бір қазақтың “Құдайға сенген қазақ түйемен Құмылдан шығып міне Америкаға да барып келді!” дегенін атап өтеді. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 130-бет.

133 Дәлелхан Жанымханұлы қолына оқ тигенін былай деп әңгімелейді: “Менен 100 метр төмендегі жартастың ар жағында Нұрғожай батыр бар. Менің қарсы алдымда Нұрғожайдың ұлы Ахмет және Нәзимен бар. Жартастың арасында жатырмыз. Сол кезде оң жақ қолымнан минометтің оғы тиді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 95-бет.

134 Сүгірбаевтың атап өтуінше, Жанымхан Тілеубайұлы қыркүйектің жиырмаларында Ақбұлақ деген жерде қолға түседі. 1950 жылы желтоқсан айының соңында Үрімжіде оған өлім жазасы берілді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 197-бет.

135 Бұл уақиғаны Дәлелхан Жанымханұлы былай деп әңгімелейді: “Біраздан соң Нұрғожай батыр:

  • Төрт әскер келе жатыр, атайын ба? – деді. Мен:

  • Атпа! Көп әскер бар, бізді басып кетеді, - дегенімше болған жоқ, ол “тағы екеуі жақын қалды” дегенде: “Ат!” дедім.

Біреуінің қолынан оқ тиіп төмен қарай сырғып кетті. Енді біреуі, қарсыдағы жартастың түбінде жасырынып отырған әкемді көріп қалып мылтығын оқтап: “Тұр” дегенде, әкем орнынан тұрған еді. Әкемді танып қойған әскер “жүр” деп айдап кетті. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 95-96-бет. Қолға түскен Жанымхан қажыны алдымен Құмыл, одан кейін Үрімжіге апарып екі қолын байлап, мойнына ажырғы салып көшелерді аралатып халық алдында айыптатады. 1951 жылы 4 көкекте Үрімжіде атылады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 131-бет.

136 Естелікте Нәзима деп жазылған. Нәзиман болуы керек. Дәлелхан Жанымханұлының зайыбы

137 Гансу болу керек.

138 Дәлелхан Жанымханұлы Қалибектерге барған алғашқы күнді былай деп әңгімелейді: “Қалибек үйінде жоқ екен. Жолбарысбектің хабарын естіп жолығып қаламын деп Есекбаттыға кетіпті. Ертесі ақшамда келді. “Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін” дегендей Үрімжіде хош айтып кеткен Қалибекпен бүгін көрісіп отырмыз. Көңілім босап, көз жасымды тыя алмады. Қалибек те жылағандай болды. Нұрғожай батыр:

  • Бір Жанымханнан айрылсам да, үш Жанымханды алып келдім. [Жанымханның үш ұлы Хамит, Дәлелхан және Мәжитті айтып отыр – Ә. Қ.] Жанабы Алла қалғандарына ұзақ өмір берсін. Адам өзі мың жасамайды. Ұрпағы мың жасайды, - деп бізді уатты. Төрт күн жатып, кір-қоңымызды жудырып, сергіп қалдық. Қалибек:

  • Іргелі ел ғой, Құсайын тәйжінің еліне барғандарыңыз жөн болар, - деді.”

Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 100-101-бет. Қалибекұлы Хасан Оралтай осы кездесу туралы былай дейді: “1950 жылдың тамыз айының аяғында біз Гаскөлге жақын Қызылтас деген жерде отырғанда, Жанымхан қажының ұлдары Дәлелхан, Хамит, Мәжит және Нұрғожай батыр, Дәлелханның әйелі Нәзима келді. Әкемді көріп бәрі жылады. Жанымхан қажылар да Абақ Керейдің Жәнтекей ішінде Есентай руынан. Біз қыз алыспайтын жақын рулас, ал екінші жағынан әкем Үрімжіге барғанда көбінесе ол кісінің үйіне түсетін. Әкем Жәкең қажыны өте сыйлайтын.” Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 132-бет.

139 Дәлелхан Жанымханұлы бұл туралы былай дейді: “...Үш көшіп Гаскөлдегі Құсайын тәйжінің еліне келдік. Әбубәкір деген ақсақалдың үйін әзірлеп қойған екен. Сонда жаттық. Ел сау болсын, қазақ сау болсын. Өз ауылымызға келгендей болдық. Әңгімеге жалықпайтын Нұрғожай батыр, Сүлеймен батыр бастан өткен уақиғаларды күндіз-түні айтып жатты. Ел жиналып басымызға алты қанат үй тікті. Қорамызға 500-дей қой қосты. Біреуі ат, біреуі түйе жан-жақтан әкеліп жатты. Үйге төсейтін сырмақ, кілем және шай, шәугім әкеліп, керекті заттармен қамдады. Өз алдымызға бір ауыл болып қалдық. Аллаға сансыз шүкір!” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 101-бет.

140 Далелхан Жанымханұлы Мақайда Оспан батырға амандасып бірге кетуді ұсынады. Оспан батыр “Күш-қуат қалмады. Аз күн болса да демалайық. Жанәбіл батырдың 30-дай адамы, ішінде өзі де бар, жортуылға кетті. Соларды тосып алсақ, жақсы болар ма екен? Олардың ішінде Сұлтан Шәріптің азаматтары да бар. Халықтың оларды тастап кеткісі келмейді” деп ермей қалып қояды. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 99-бет. Оспан батыр шетелге көшіп кету жөніндегі бір ұсыныс та Қалибек Хакім тарапынан жасалған. Гаскөлде тұрған ол 1950 жылы қазан айында қолына бір хат, қасына бірнеше жігіт беріп ұлы Хасанды Қанамбал тауының етегінде Мақай деген жерде тұрған Оспан батырға жіберді. Хасандар бір апта суыт жүріп Оспанға барып Қалибек Хакімнің сәлемін және хатын жеткізді. Бірақ Оспан батыр Қалибектің ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Хасан Оралтай былай дейді: “Сонымен Оспан батырды бізбен бірге Гаскөл жаққа көшуге көндіре алмадық. Марқұм әкеме бір хат берді. Алдағы күндерде үлкен ұлы Шердиманды бізге жіберетінін айтты. Соған Шердиманға қарап:

- Биыл елу бір жастамын. Біз қартайдық, яғни Қалибек екеуміз. Жәкең қажы жау қолына түсті. Енді кезек сендерде. Дәлелхан, Хамза сен үшеуің елді құтқарындар... Шердиман ештеңе демеді жөн жымиып күлді. Ошың сөзін жалғастырды: “Сендер ештеңе істей алмайсыңдар. Бірдеме істесек әлі де біз қарттар істейміз” – деді. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 139-141-бет.



141 Бұл туралы 1951 жылы 21 ақпан күні радио хабарында былай делінген: “Америка ипериалистерінің қол жаулығы, Чан Қайшıдің шпионы Оспан осыдан үш күн алдын азаттық армиясы тарапынан Хынхай аймағында тірі қолға түсіілді” Алптекін И. Doğu Türkistan Davası. İstanbul, 1981, 262-бет.

142 Дәлелхан Жанымханұлы шеқараға келгендері туралы былай деп мәлімет береді: “1951 жылы 8 айдың 15-і күні Үндістанның Чүчіл шекарасына келдік. Шекара әскер бастығы майор Нарансиң жалпылай жағдайымызды сұрады.

- Көп шығынға ұшырадық. Қаһарман батырларымыз: Оспан батыр, Қапас батыр, Кәшапат батыр, Жәмет батыр, Шынжаң өлкелік Қазына министрі Жанымхан және мыңдаған кісілер мал-мүлкімен қолға түсті. Шынжаңнан қатын, бала-шаға барлығы – 25 мың кісі және 5 мың әскермен коммунисттерге қарсы күрес жасаған едік. Амал қанша, жеңіліске ұшырадық. Олардың әскерлері соңымызға түсіп Рудокқа дейін келді. Жол-жөнекей Гирце, Гирже және Тинчо деген жерлерде алдымыздан тосты. Шабуыл жасады. Ат-көлік және азықтарымызды алып қалса да, мойын бүгіп бағынбастан бүгін Үндістан шекарасына келіп отырмыз. Бізге рұқсат беріңіз, Үндістан шекарасынан өтіп отырайық, - дедім.

Майор Нарасин:

- Мен шекарадан кіруге рұқсат бере алмаймын. Бірақ өтініштеріңізді жоғарыға жалғастырамын. Әзіргі жағдайларыңызды жазып беріп, қару-жарақтарыңызды тапсырыңыздар, - деді.

Біз де мал-мүлік және адам санын жазып бердік:

Адам саны 174 (Қатын, бала ішінде)

Түйе 125

Ат 97


Қотазы 253

Қой 2000


Есек 2

Мылтық 31

Тапанша 2

Пулемет 1

Маузер 1

Біз бұларды қолма-қол тапсырып бердік. Олар алып кетті. Бірақ ертеңінде қаруларымызды алып келіп, бізге қайта берді.



-Өздеріңізді қорғап тұрыңдар. Біздің аумағымызға кіргеннен кейін тапсырасыңдар. Сендерді қарусыз тастауға болмайды екен, - деді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 107-108-бет.

143 Дәлелхан Жанымханұлының айтуынша ол шайқас былай болған: “9 айдың 27 күні коммунистердің әскерлері Пангур көлінің солтүстік жағынан тауды жағалай келіп басып қалмақшы болғанда біздің қарауылдар көріп қалып атысыпты. Келген 100-дей әскер екен. Олар ілгерілей алмай тауға қарай ығыса бергенде, көлдің басындағы жазықтан Нұрмұхаммед молла оларды мылтықтың астына алып, алға бастырмай бірнешеуін жаралапты. Тасалап тауға шыққанда Нұрғожай батыр, Хамза, Сабихан, Қиса батыр және Тұрды қариялар баспалап отырып, қаша бергенде біреуін атып өлтіріпті.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 115-116-бет.

144 Дәлелхан Жанымханұлы бұл шайқастың 1951 жылы 10 айдың 10 күні болғанын айтады. Сонда, 116-бет.

145 Қайымдолла болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет