АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр


Бұлғында құрылған ақ үй соғыс комитеті



бет16/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Бұлғында құрылған ақ үй соғыс комитеті

Біз енді бір жаңа дәуірдің есігін аштық. Бізден бұрын бұл жерде “Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитеті” атты мекеме әлдеқашан құрылып болыпты.57 Профессор Қасен деген кісі Қазақстандық (Кенесарының төртінші немересі екен) сол Ақ Үй Соғыс Комитетінің бастығы екен. Төрт жылдың алдында қырқысқан жаумен тағдыр бүгін бізді достастырып қойды. Соңғы күндердің кімнің бағы, кімнің соры екенін білмейміз. Тарихты еске алсақ, біздің сорымыз болар деп межеледік. Өйткені сонау 1932 жылы Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап Қожаниязға төрт мың мылтық, 12 кәдір әкеліп берген еді. Орыстар сол қозғалыстың артын қалай тоздырған еді? Бүкіл Шығыс Түркістанның жер байлығы мен шикізатын орыстар жалмап жұтып жатқан еді. Орыстар қазір Шың Сысай бандиттерінен айрылды. Енді Шың Сысайға бізді салып айтпақшы болып отыр. Бізді сендіру үшін “Шығыс Түркістан сыртқы Монғолия сияқты мемлекет болып кетеді”, дейді.58 1942 жылы 20 қараша күнгі жарнамасы мен 1943 жылы 6 қаңтар күнгі сырттан жар салған тоқтамды көрсетіп жүріп бізді сендірді. (86) Біз өз басымызға төнген ауыр жағдайдан құтылу үшін:

- Ресей-Монғолия тағы сол секілді елдердің көмегін алып көрелік. Оның соңғы нәтижесін қазақтар өзі көзімізбен көргеніміз жөн ғой. Тәуекел, - деп бекіндік.

Сөйтіп өз ішімізде пікір бірлігін сақтап қалдық. “Ақ Үй Соғыс Комитеті” жақсы тынығуды көбірек айтты.

- Елге қай мезгілдерде барасыздар? Қытайға қашан шабуыл жасайсыздар? - деп қояды.

- Оның бәрін сіздер белгілеп беріңіздер. Біз тоқтам бар, жарнама бар деп сіздерге келдік. Ал біздің осы тәуелсіздікті қалай қолға келтіру керек? Бұның саяси басшылығы сіздерден болсын. Әскери міндет өтеу бізден болсын, - дедік.

Ақ Үй Соғыс Комитеті:

- Біз істейтін жұмыс көп. Бірақ, сіздер үкімет құрып алып бізге беріңіздер. Біз оны жоғарғы үкімет басшыларына жіберіп бекіткеннен кейін сол үкіметтеріңіз бізбен халықаралық байланыста іс істейтін болады. Үкімет пен арадағы жұмыстар сонда істеледі, - деді.

Біздің үкімет құрылымы жөніндегі ұсыныстарымыз:

1- Біз Шығыс Түркістан ең жоғарғы өкімет бастығы Оспан деп белгіледік. Үкімет Зұңлыйы Сүлеймен Бектұр, Шығыс Түркістан әскерлерінін ең жогарғы қолбасшысы Сұлубай, Шығыс Түркістан әскери сот бастығы Көксеген Би делінді.

2- Төрт соғыс генералы деп Қапас батыр, Келес батыр, Нұрғожай батыр, Манат батырды белгілеп бердік. Осы төрт генералға әкімшілік істерін жүргізіп отыратын кеңсе бастықтарына Қидар, Мұқай, Жақсыбай, Әбшат белгіленді.

3- Қоғам қауіпсіздік басқармасының бастықтары Кәріп зәңгі, Әсен үкірдай, Тескенбай, Ақбай қатарлы төрт адам сайланды.

4- Ел бастықтарына Тіркеш, Әбдірасұл, Сақсайбай белгіленді. (87)

Оспан батырдың сегіз комиссары

Біз осы кезде орыстар мен монғолдардың 1932 жылы Қожанияз қозғалысында “Шығыс Түркістан” деп жарнама жариялап соңғы кезде алдап соққаны біздің есімізде тұрды да қондырманын атын “Шын Түркістаны” деп атап бердік.

Барлық істі жүргізетін тоғыз полковник құрастырылды. Оларға біртұтас батыр атағы беріліп қолдарына құжат та ұстатылды.

Олар Оспан батыр, Сүлеймен батыр, Сұлубай батыр, Келес батыр, Кәмел батыр, Нұрғожай батыр, Қапас батыр, Зарыққан батыр, Қуанышбай батыр болып олардың еңбегі тиянақталып атақ беріліп ең жоғарғы үкімет билігін жүргізетін кеңес, комиссарияттың мүшесі делінді. Комиссарият тоғыз адамның үштен екісі болғанда ғана қаулы шығаруға құқықты деп жазылды. Біздің мемлекеттік туымыз Жәнібек туы деп жазылды. Сонау 1745 жылы бұл тудың атын атақты Хан Абылай (яғни Әбілмансұр Хан) “санжақ” деп атаған еді. Сол санжақтың астына топталдық.

Тұңғыш осы тудың астына Оспан мен Сүлейменді қойып басқа жеті полковник “өзіміздің ақырғы демімізге дейін ұлт үшін күресеміз” деп серт бердік. Халық алдында “Түркістан отанымыздың тәуелсіздігі үшін өз өмірімізді арнаймыз”, - деп уәде бердік. “Басымызға қандай ауыр күндер туса да, жауға тізе бүкбейміз, Құдай аты, Құран сөзі”, - деп ақ сарбас қойды сойып қанына қол матырып тудың алдынан мылтықты серте ұстап өттік. Біз ант беру ісі аяқталган соң, ең жоғарғы басшы деп танылған Оспан мен Сүлеймен:

- Отан мен халық алдында адал қызмет істейміз. Ақтық демге дейін осы қызметті жалғастырамыз. Жауға тізе бүкпейміз. Жәнібек туын ұстап бүкіл Шығыс Түркістан тәуелсіздігі жолында арымай, талмай қызмет істейміз, - деп Жәнібек туының алдынан өтіп қанға қолдарын матырды. (88)

Сонымен ұлт-азаттық қозғалыстарын мәңгі-бақи жүргізуге белді бекем байладық. “Бұлт ала, жер шола” солай болса да тәуекел дедік. Ел ала. Өйткені саяси сатқындар еліміздің ішінде аз болып отырған жоқ. Біреу орысшыл, біреу қытайшыл, біреу монғолшыл. “Болашақ алыс, жол бозаң” бізге түріктен иелік етіп келетін көмек жоқ. Бүкіл Кырым, Кавказ, Түркістандағы 40 миллион түрік тектес халықтар өз алдына қаңғып кетті. Олардың ішінен осынау ұзақ тарих бір саяси қайраткер туғызып бере алмады. Бұл шерміштердің орыстың жемі болып қайта келіп өзіңді алатын болды.

Өз жөнімізден алғанда, қолда қорымыз жоқ. Қару-жарағымыз да аз. Қытайдан тартып алып, келіп беріп кетіп жүрген қаруларымыз бар. Осы замандық соғыс қару жарағымыз да жоқ. Өз арамызда ғылыми жұмыс жүргізетін сауатты адамдар да жоқ. Осы замандық тәртіпті қарулы армиямыз да жоқ. Біздің армиямыз халықтың өзін ру-руға бөліп тізімдеп қойған адамдар ғана. Азығы да, соғысқа мінетін аттары да жеке адамның өзінде.



Коминтерннің бізге қолдауы

Олар, бір тұлып арпа талқанын алып бір ай, екі ай су ішіп кете береді. Қытай жүретін соғыс жолдарын ру-рулардың өзіне бөліп бердік. Тоғыз полковниктің әскерлерді түгелдей өз туысынан, өз руынан, өз елінен құралды. Осындай ұйымдастыру программалық әрекеттерімізді жазып-сызып, “Шығыс Түркістан Ақ Үй Соғыс Комитетіне” ұсындық.

Жазған хатымыздың соңында “ақиқатты оқпен өлшейміз” деп жазып қол қойдық. Жағдай бізді орыс пен монғолға сүйенуге мәжбүрледі. Ентернат жіберген жеті профессордың сөзіне қатты иландық.

Біз 1942 жылы 20 қараша күнгі жарнама, 1943 жылы 6 қаңтар күнгі тоқтамға қол қойсақ та сенім байламадық. Ақ Үй Соғыс Комитеті біздің Қытай Түркістаны деген сөзімізге қосылмады. Оны Шығыс Түркістан деп өзгертті. Біз олардан қауіптеніп Қытай мемлекетіне қарасты Түркістан болсақ тәуір болар деп ойлаушы едік. Өйткені орыстардың бұрынғы ондай саяси жарнамаларының барлығының соңы (89) реніш, біртүрлі қайғылы етіп жын ойнатып уақыт күтіп отырғанын болжайтынбыз. Бірақ, сол кездегі халықаралық жағдайда бізге пана болатын басқа мүмкіндік табылмай қалды.

Орыстар Коминтерн жарнамасын Мажұң қозғалысына дайындап жариялаған еді. Мақсатына жеткеннен кейін, атап айтқанда шаян бақаны мініп көлден өтіп алған соң, Шың Сысайды пайдаға жаратып алып Қожаниязды қайтып Шың Сысайдың қолымен өлтіртті. Осы барыстарды біз ол кезде түсінетін едік.

1943 жылдағы тоқтамдар болып кетті. 1943 жылы 6 желтоқсанда Ақ Үй Соғыс Комитеті (әсілінде Шығыс Түркістан Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитеті) құрылғанда келген адамдар саяси профессор Қасен (Кенесарының төртінші немересі) тарих профессоры Нұрмұхамет, соғыс профессоры Құрмаш, жағрапия профессоры Дүйсебай, сымсыз телеграмма профессоры Алтын Бұлақ Махмұт, ұйымдастыру профессоры Жағпар, атқыштар профессоры Әлихан қатарлы жеті адам еді. Кейіннен олар 28 адамға барып жетті. Алпысбай полковник, Қалқабай полковник, Темірхан полковник, Доскенов полковник, Қаби полковник, Әбділда полковник, Әнуар полковник, Әбдірахман полковник, Есенбай полковник қатарлы адамдар бірінің артынан бірі келіп жатты.59 Олардың сыртында Богдонов, Мәжік атты екі генерал сыртқы жұмыстарға басшылық жасады.60

Осы реткі Ақ Үй Соғыс Комитеті (Бұдан соңгы жазуларда қысқартып осылай жазамыз) 1943 жылы 6 желтоқсанға дейін, яғни көшіп келуіне дейін басынан бір барысты өткізді. 1940 жылғы және 1941 жылғы қозғалыстардағы қимылдарды қоспағанның өзінде, комитетіміз негізінде 1942 жылы сәуір айынан бастап әрекеттенген еді. Басқа сөзбен айтқанда, ол комитет өз басынан бір жыл сегіз айлық барысты өткізіп барып осы дәрежеге жеткен еді. 1940 жылы Есімхан, Ырысхан соғысы бандит Шың Сысайды бір танытқан еді.

Ырысхан мен Шу Силиң тоқтамына қол қойылған болса да, бандит Шың Сысай ата бабасының (90) ескі тәсілін қолданып қазақтарды қайтадан жөнге салып аламын деп ойлады. Қытайлар дүние бойынша өзін саясатшы санайды. Бірақ қытайдың саясатшылары үш мың жылдан бері өз елін өнеркәсіпті елге айналдыра білмеді. Оның саясатшылығы Қытайда көрші болып отырған аз ғана монғол, аз ғана мұсылмандарға өтіп жүр. Басқа дүние жүзінің ешқандай жерінде саясатын кәдеге асырып көрген жоқ. Сонау ғұн түрік тарихынан, Яушылар тарихынан, Үйсін тарихынан, Көктүрік тарихынан, Қараханилар тарихынан, Кидан тарихынан, Шыңғыс тарихынан, Темір тарихынан алып айтқанда, қыз беріп түрік нәсілділерді біріне бірін айдап салып жоғалтып келе жатқан тәсілін қазіргі қытай саяси алаяқтары да өздеріне дұрыс тәсіл деп алып келе жатыр. Бүгінгі түрік, бүгінгі Түркістанның қырық миллион ұрпағы оны әбден түсініп отыр. Ырысхан төңкерісі кезінде, орыстар, монғолдар, бандит Шың Сысайдан қол үзе қоймаған еді. Сондықтан үшеуі бірлесіп Көктоғай, Шіңгіл аудандарындағы бүкіл қазақты қоныс береміз деп алдап Бұлғын жазығына апарып қырып салды. Оның үстіне 2.400 бала бесігімен өртеніп кеткен еді.

Ал 1941 жылғы қозғалыстарда орыс пен Шың Сысай арасында айрылысу себептері туа бастағанда Алтай орыс Консулының орынбасары қазақ азаматы Баймурзин жасырын Бұқатты, Бұқат арқылы Қалелді әрекеттендірді. Олардың қолына берген жарнама жоқ. Тоқтам жоқ. Қару-жарақ жоқ. Қолтықтарына су бүркіп отқа итеріп жіберіп Шың Сысайды құқайлап тұрып қайта қолына түсірмекші болып еді. Бұқат пен Қалел үйде жатып базар іздеп еді. Бұл базарды олар кәдеге жарата алмады. Алдымен Қарақас елі Қытайға адам жіберіп өздері бағынып кетті. Алдыңғы Ырысхан тоқтамынан айрылып қалды.

1942 жылы қыркүйектің басында бандит Шың Сысай Ресейден қолын үзгендігін жариялағаннан кейін 1942 жылы 20 қарашада орыстар Коминтернның тонын жамылып оның атынан “Шығыс Түркістан (91) тәуелсіз Халық Республикасы” деп жарнама жариялауға мәжбүр болды. 1942 жылы мамыр айының басында Коминтерннен Куйшев келіп Алтайдың бас консулы Красилников, оның орынбасары қазақ азаматы Баймурзин, Алтай қаласындағы қазақтардың белгілі адамдарынан ұйым құрып адам тәрбиеледі. Кейін осы ұйымдағы адамнан 1942 жылы 10 қыркүйек күні Дәлелхан Сүгірбайұлын Баймурзин алып кетіп Ресейде тәрбиелеп 1944 жылы шілде айында “Ақ Үй Соғыс Комитетіне” әкеліп берген болатын.

Біздің ІІІ- қозғалысымыз, яғни 1943 жылы 6 желтоқсанда Ақ Үй Соғыс Комитетіне осындай барыстарды басынан өткізіп келген еді. Оқырмандардың бұл істің тарихын түсінуі үшін кейбір тарихи барыстарды әдейі естеріңізге жол жөнекей болса да сала кетейін. Сонда ғана құбылыстардан өтіп мәнді түсінуге, сөйтіп қозғалысымыздың мән мағынасын ғылымдандыруға болады деп үміт етемін.

1942 жылдарда Оспан аз адаммен қашып жүргенде, Коминтерннен талай адам барса да 1940 жылғы Бұлғындағы қырғынның қоламтасы суымаған еді. Және 1940-1941 жылдарда болып өткен шайқастардың бәрі де орыстың, монғолдың, Шың Сысайдың үш жақтан бірдей бірлесіп істеген жұмыстарының салдары еді. Сондықтан үш қолды саяси ұрылардың түпкі мақсаты бір деп қарағандықтан Оспан тобы көп реткі кеңестерге сенбестікпен қарады.

“Жетім қозы тас бауыр, түңілер де оттығар”, деп тұрған едік. 1942 жылы қыркүйекте Шың Сысай Ресейден айрылғандығын жариялады. Оның үстіне орыс-герман соғысы шарықтау шегіне жеткен еді. Монғол-жапон соғысы да ең жоғарғы шегіне келді. Ресейдің көп жерін немістер тартып алды. Орыстар шегініп келе жатыр. Орыстардың өміріне ауыр қауіп төнгенде, “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап, біз де осы орайдан пайдаланып қалуды мақұл көріп жарнаманы тапсырып алып тоқтамдарға қол қойып, ел болып кетуді ойладық. Оспан тобы да сол кездегі (92) жағдайды пайдаланбақ болды. Бандит Шың Сысайдың Ресейден қол үзген күні, біздің Ресей мен Монғолияны қайта тауып Коминтернты қабылдаған күніміз болып шыға келді.

1942 жылы 1 қыркүйекте Шың Сысайдың Сан Мын Жұйды қабылдап Ресейге қарсы жасаған баяндамасы үгіт қағаз ретінде бізге жетіп келді. Шың Сысайдың бұл шарасымен, біз бен тағы да келісім жасауға болар ма? екен деп у тастап қойды. Қан ішіп үйренген әккі Шың Сысайдың мінез-құлқын бұл баяндамасының өзгерте алмайтындығын түсінген едік. Есіктен Жын Шурын атты қасқырды қуып шығып шаңырақтан түсіріп алған Шың Сысай атты жолбарысқа қайта оралуды қажетсіз деп таптық. Шың Сысайдың осы үгітін үгіттеген шпион Мағауия залыңды Оспан атқызып тастады.

Ресейден келген профессорлар бізге кезек-кезек дәріс өтті. Ең әуелі ел билеудің әдіс амалдарын оқытты. Онан соң соғыс жүргізудің саяси тәсілдерін оқытты. Және сол кездегі халықаралық жақтағы орыс-герман соғысын, жапон-монғол соғысын, Қытайдың ішінде болып жатқан соғыстарды түсіндіріп отырды. Сымсыз телефон әкеліп, теледидар әкеліп орнатты. Оларды қорғайтын әскери қорғаныс күштері келіп түсті. Бізге интернационалды үйретті. Оның халықаралық ұйымдық үлкен күш екенін, оған дүние жүзіндегі елдерден 80 неше ұйым бағынатындығын ұқтырды. Ал Коминтернді халықаралық жақта езілген ұлттардың өзін-өзі билеу, яғни тәуелсіздік құқығын алып беретін ұйым деп түсіндірді. Орыстар:

- 1932 жыл 5 сәуірде Шығыс Түркістан тәуелсіз ел деп жариялап Қожанияз танылған болса да, оның соңғы кезде Шың Сысайдың қолына өтіп кетуі сол кездегі саясат белгілеуші адамдардың қателігі. Оның барлығын жарнамаға да, Коминтернге де артпаймыз. Ал, 1942 жылы 20 қарашада Коминтерн тағы да “Шығыс Түркістан тәуелсіз Халық Республикасы” деп жарнама жариялады. Бұл сіздер үшін үлкен бақыт. Осы ғасыр ішінде сіздерге келген үлкен орай. Осы орайды мықты ұстау керек. Шығыс Түркістан өлкесі (93) осы орайдан пайдаланып өз алдына ту тігіп ел болып кетуі керек. Қазір Коминтерн осы жұмысты Монғолия өкілдігі арқылы жүргізеді. Монғолия атынан халықаралық жәрдем беріледі, - деп үйретті.

Біздің жазып берген үкімет құрылымымызды зерттеп көргеннен кейін біздің жазба мәліметтерімізді қайта өзгертіп ғылымиландырып қайта жазып шықты. Біздің негізгі пікірімізді

- “Шын Түркістаны” болса, - деп ортаға қойған едік. Олар “Шын” деген сөзге қосылмады.

- Коминтерн сіздерді “Шығыс Түркістан Халық Республикасы” деп жариялап отыр. Осы есім сіздерге баянды болады, - деп үйретті.

Ең жоғарғы құқықты органға “Шығыс Түркістан Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитеті” деп ат қойды. Оны төменде “Ақ Үй Соғыс Комитеті” деп қысқартып айтамыз.

Республика бастығы Оспан Исламұлы,

Үкімет бастығы Сүлеймен Бектұрұлы,

Ең жоғарғы әскери қолбасшы Сұлубай батыр,

Ең жоғарғы әскери сот бастығы Көксеген Би деп белгіленді.

Ақ Үй Соғыс Комитеті бізге:

- Барлық Шынжаңда жүргізілетін Түркістан қозғалысына бірақ жерден басшылық жүргізіледі. Басшылық бір орында болса да, соғыс жер-жерде жүргізіледі. Соғыс Алтайдан, Тарбағатайдан, Іледен бірдей қозғалу керек. Ал Алтай жөнінен алғанда Шығыс Бұлғыннан да, Батыс Жеменей, Қаба ауданынан да соғысты қозғау керек. Қалаларды қоршау, жолдарды кесу, қаша соғысу, өкшелей соғысу төрт жақтан қоршап жою, бөліп-бөліп әкетіп жауды жою торғай соғыстарын жүргізу керек. Өйткені сіздер үшін барлық жақта партизан соғысының осы әдістерін жүргізу тиімді. Сіздер 1940-1941 жылдардағы соғыстардың бәрін осы тәсілмен жүргізіп келдіңіздер, - деп осы тәжірибені еске салды.

Тарихтағы қозғалыстардың барлығы Алтайдан басталып келеді. Тарих бүкіл түрік тайпаларының барлығының дүние жүзіне осы Алтайдан тарағанын көрсетеді. Алтай бүкіл дүние халқына таныс орын. Алтай бүкіл 23 түрік тайпасының атамекені, ана жұрты, ұлы мекені. (94) Ал таяудағы тарихтардан алып айтсақ тағы да барлық қозғалыстар Алтайдан басталып отыр. Соларды еске алатын болсақ, Асылбек қозғалысы, Жарқынбай қозғалысы, Ызғұтты қозғалысы, Далай қозғалысы, Бөке батыр қозғалысы, Көбен батыр қозғалысы, Шөмшекбай қозғалысы, Шөмішбай қозғалысы, Жантайлақ қозғалысы, Зуқа қозғалысы, Әліп батыр қозғалысы. Бұлардың барлығы Алтайдан туған. Дөрбітқан қозғалысы, Қылаң Қиюбай қозғалыстары да осы қозғалыстармен ұштасып жатқан еді.

- Осы қозғалыстардың ең соңғы қортындысын сіздердің орындауларыңызға тарих жүктеп отыр, - деп бізді онан арман шабыттандырып жіберді.

- “Ерікті Алтай” бүкіл Түркістан қозғалысының жаршысы болуға лайықты, - деп қортындылады. Ақ Үй Соғыс Комитеті өзінің қарауында үш соғыс комитетін белгіледі.

1- Алтай Соғыс Комитеті

2- Тарбағатай Соғыс Комитеті

3- Іле Соғыс Комитеті.

Оның сыртында Алтай Соғыс Комитетінің қарауында Жеменей соғыс комитеті ойымдастырылды. Алтай соғыс комитетінің бастығына Әлихан полковник, орынбасарына кейіннен Дәлелхан Сүгірбайұлын әкеп берді. Жеменей Соғыс Комитетінің бастығына Әліпбай полковник, орынбасары Рамазан залың болып белгіленді.

Тарбағатай Соғыс Комитетінің бастығына Әбдірахман полковник, орынбасарына Қалибек үкірдай белгіленді.

Іле Соғыс Комитетінің бастығына Әкбар батыр, орынбасарына Патих, Саяси комиссары Әнуар полковник тағайындалды. Оспан саяси қолбасшы деп Әлиханды бекіттірді. Оспан күш салып өзінің өкілдігінде дербес жұмыс істеп тұруы үшін Әлиханға арнаулы құқық ажыратып берді. Әлихан жөнінде Ресейден келген адамдар арасында талас болды.

- Әлихан біріншіден діни адам, екіншіден Ресейден қашып келген адам. Тілекке сай жұмыс істей алмас па екен? - десе де, Оспан ол пікірлердің барлығын кері қақты. (95) Оспан:

- Әлихан оқымысты адам, өмір көрген адам, оның үстіне халық беделдісі. Қозғалысымыз Әлиханға сүйену керек, - деп ортаға қойды.

Сонымен Оспан пікірі бойынша бұл қарар алынып Ақ Үш Соғыс Комитеті арқылы Коминтерн өкілдігіндегі Чойбалсанның бекітуіне жіберіліп берілді. Оспан мен Әлихан хат алысып тұрды. Чойбалсан біздің ұйымдастыру жоспарымызды бекітіп Монғолияның 6 қарауылында жатып осы істерге көмек беруге Генерал Мәжікті әкеліп орналастырды. Әлихан 1942 жылдың екінші жарымында Оспан тобымен таныстырылған болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет