АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет17/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

Чойбалсан мен Оспанның кездесуі

Біздің құрылысымыз реттеліп болғаннан кейін Коминтерн өкілдік міндетін өз үстіне алып Оспан мен амандасуға сыртқы Монғолия Халық Республикасының І. Секретары Маршал Чойбалсан 1944 жылы 28 ақпанда айырпланмен “Шығыс Түркістан Бұлғын-Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетіне” келді.61 Біз бүкіл Оспанның тоғыз полкі мен адамдары шығып қарсы алдық.62 Чойбалсан жанында бір қанша басшы кәдірлері, 30-дан астам қорғаушы күші63, Авиация генералы атақты батыр, қазақ азаматы Жайсановпен бірге келді.64 Москваның өкілі ретінде арнайы генерал Богдонов келді. Алдымен 6 жастапқа түскен тоғыз комиссармен ел адамдарынан, Жақсыбай, Кәріп, Сақсайбай Әбдірасұл, Кидар барды. Чойбалсан Оспанға көк қасқа тай әкеліп бата қылғызып соны сойды. Қойлар сойылды. Қонақасылар берілді. Ас үстінде Чойбалсан мінбеге шығып микрофон алдында сөз сөйледі:

- Шығыс Түркістан қозғалысындағы барлық жолдастар, республика жоғарғы қолбасшысы Оспан жолдасқа, барлықтарыңыздың деңдеріңізге саулық, істеріңізге табыс тілеймін. Киіз туырдықты монғол-қазақ баласы едік. Тарихта екі ел кейде жақсы, кейде жаман өткен (96) болсақ та, ата бабаның өз заманында болып өткен бұраңдылықтарына бүгінгі жасап отырған біздер жауап бермейміз. Сонымен қатар Орта Азияны айналып, сенделіп көшіп жүрген ел едік. Коминтерннің зор көмегімен бүгінгі күнде қатардағы іргелі бір мемлекет болып отырмыз. Өзіміздің де басып өткен жолдарымызда бұрандылық көп болды. Кей кездерде біздің де сіздің халықтарды ренжітіп қойған жерлеріміз болды. Бұған өз кезіндегі халықаралық уақиғалар үлкен әсер еткен еді. Бәрінен бұрын айналадағы көп көршілердің ішінде ең алдымен Шығыс Түркістанның ел болып кетуін ойласақ та жағдай бізге жар бермей келді. Осындай тарихи себептер сіздің халықтарды біздің халықтарымызға сенбейтін жағдайға түсірді. Тіпті монғолдар бізге дұшпан дейтін көзқарасқа иландырып келген еді. 1940 жылы Есімхан – Ырысхан қозғалысына үкіметіміз ауыр қателіктер өткізіп алды. 1942 жылы 20 қарашада халықаралық Коминтерн “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жарнама шығарған еді. Бірақ сіздің адамдарыңыз көпке дейін сенбестік істеп келді. Сол жарнамаға сай екі ел арасында жасалған тоқтамға да күмәнді қарап көпке дейін қолдар қойылмады. Осы уақиғаның артқа созылуын өкіметіміз өз үстіне алады. Сіздерге осы реттегі халық жағдайын айту үшін өкіл жіберместен халықарадағы ентернаттың тапсыруы бойынша мен өзім келдім. Сіздерді сендіру, яғни сенім байлау, қозғалысты ақырғы демге дейін жеткізудің негізі екі жақтың, яғни екі елдің ең әуелі бір-біріне сенуі басты шарт болып отыр. Мен 1943 жылы 6 қаңтарда Түркістан тоқтамын түздіріп Мәскеуге барып үш ай жатып бекіттірдім. 1943 жылы 6 қаңтардан бастап Мәскеудегі қару-жарақ жасайтын завотта сіздерге арнап кек қарауыл Сарбел бесатардан он мың мылтық заказ еткізіп келдім.65 Өткендегі қателіктерді қайталамау үшін сіздермен тіке жұмыс істеуге генерал Мәжік жолдас, Генерал Жайсанов жолдас жауапты болады. Коминтерн өкілдігінен Богданов жолдастар да бұл істі әр уақыт көріп тексеріп отырады, - деді. (97) Сөзін одан әрі жалғастырды:

- Богданов жолдас Мәскеуден келді. Сіздерді өз көзімен көргелі келді. Коминтерн 1943 жылы 6 қаңтардағы тоқтам бойынша, бүкіл Шығыс Түркістан азат болғанша соғыс қару-жарағын тегін береді. Елдеріңіз біртұтас азат болғанша, монғол-түрік есебінде сауда жүргізіліп шикі заттарыңыз өткеріліп қарымтасына тауарлар беріледі. Ресейдің бір сом эмпырт ақшасы сіздердін уақытша өкіметтің 9 сомына тураланады. Бұл тоқтамдарды Ресей жағы бекітті. Ақ Үй Соғыс Комитетіндегі профессорлар оны дайындайтын болады. Оны істеу барысында арнаулы адамдардан пайдаланылатын болады. Осы орайдан мықты ұстауларыңызды үміт етемін. Осы орайдан пайдалану керек. Осы қоғамдық бұзылыс сіздерге келген тамаша орай. Шығыс Түркістан халқы жасасын! Шығыс Түркістан Халық Республикасы жасасын! - деп сөзін тоқтатты.

Ол өзінің сәлемдемеге 1.000 кек қарауыл сарыбел бесатар, 150 елу атар пулемет, 8 зеңбірек, 25 максимом пулемет (250 атар) әкелгенін66, Оспанға Мәскеудің бір пабида және бір алтын орден беретінін, - айтты. Оспан:

- Біз қазір тау райондарында соғыста жүрміз. Машинаны істете алмаймыз, - деп рахмет айтты. Қалған мылтықтарды генерал Мәжік арқылы ала беруді тапсырды.

Генерал Жайсанов67 авиация ойындарын көрсетті. Айырплан аспанға барып алып, аунай отырып жерге келіп қонады екен. Оның үстіне оны ұшырған қазақ болғандығынан ба, әйтеуір екі езуіміз жыртылғанша күлістік.68

Тоғыз комиссарға тоғыз автомат, оның құндағына тоғыз адамның атын жазыпты. Және барлығында Шығыс Түркістан рет нөмірі жазылған. Оспанның автоматының құндағын оюлап алтын жалатып, өзгеше тамаша етіп жасапты. Тоғыз комиссарға тоғыз наған, тоғыз кек қарауыл бесатар, тоғыз маузер, тоғыз дүрбі әкеліп берді. Ертеңінде Кәри, Қидар, Жақсыбай, Әбдірасұл басшылығында 120 түйе жіберіп,69 Бұлғын Сартұмсықтағы орта мектептен қару жарақтарды, бұл – шайларды, оқтарды үш рет (98) жүріп әкеліп алды. Оқтың өзі мың жәшіктен асып кетті.

Бір жұмадан кейін Бұлғын жазығына 30 үй тігіп, Чойбалсанды, Богдановты, Мәжік генералды шақырып той жасадық. 200 әскермен Мәжік келді. Ат ойын, балуан түсу, айтыс, қызқуар, көкпар тарту ойындары қызу болды. 70

Тоғыз жорға ат, тоғыз кілем, әр жорғаның мойнына екіден орман түлкі іліп Чойбалсан ғана сыйлық берді. Кешінде Чойбалсан қайтып кетті. Ертеңінде Монғолия әуе майданы Ығрада Жайсановтың айырплан ойынын тағы да көрдік. Жайсанов ұшып шығып домалап келіп, соншалық еппен жерге қонып жатты.


Монғолияның кӨмегімен жауға соққы

Чойбалсан кеткеннен бір күннен кейін Сұлубай 100 адаммен Дөңтідегі Лу Зыкұй армиясын көріп келуге кетті. Сұлубай соғыс жерлерін тексеріп, 300 ат тартып алып қайтып келді. Екінші рет генерал Мәжік басшылығында Дөңті армиясын бір-ақ жоюды жоспарладық. Бұл армия ұзақтан бері келіп жатқандықтан жер астына түсіп кеткен еді. Мылтықпен айдап шығу қиын болғандықтан, бір рет авиация күшін беруді талап етіп едік. Мәжік генерал Чойбалсанға бекіттіріп алып келді. Мәжік бізге мынаны айтты:

- Тегінде Қытай елі екі рет біздің шекарамызға өтіп бомбалаған еді. Сондықтан екі рет бомбалауға ғана ақымыз бар. Одан асып кетсе, онда Қытай бізге соғыс жариялап қояды, - деді.71

Генерал Сұлубаймен екі рет бомбалауға келісім жасады. Мәжік белгі берді:

- Самолет біздікі болса, бірінші рет сары оқ, екінші рет жасыл оқ, үшінші рет қызыл оқ атылады, - деді.

Бір жұмадан кейін 400 адам аттандық. Жүз адамды ауыл қорғанысына тастап кеттік. Ол кезде біздің Маралты тауында қарауылымыз бар еді. Онда Қапас батыр, Сайтанкөз72, Биғажылар бар болатын. Сыртқы жауапкершілігін әккі Қуанышбай білетін. Екі күн жол жүріп Лу зықұйды қоршадық. Қос арал төбесіне Кәмел батыр, Қапас батыр, Көк Адыр қарауылына 30 адам мен Шыбарайғыр Қапас батыр қойылды. 30 адам мен Жақсыбайды Шіңгіл өзен жолын бағуға тастадық. (99)

Мен Сартоғай жағындағы Шоқы қарауылына шықтым. Сұлубай полкімен маған қараған әскерлер түгел келіп еді. Таңға бірер сағат қалғанда ілгерілеп отырып дұшпан қарауылының жанына таяу келдік. Қардың тықырымен акопта жатқан Қытай біліп қойды да оқ атты. Біз дайындалып келгендіктен окоптан айдап шығу үшін гранат лақтырдық. Бір сағатқа жетпей окоптың тас-талқаны шығып, қытай қырыла бастады. Қытай окопты тастап қаша жөнелді. Төбені тартып алып, оның орта беліне дейін Қытайды еңкейте қуып тастадық. Бұл кезде соғыс жан-жақтан бірдей басталды. Сағат 9-да Үрімжі жақтан екі айырплан келіп еді. Ол біздің үстімізге келмей өте жоғарылап ұшып тайсап кетті. Ол кезде бізде айырплан ататын мылтық бар еді. Айырплан Шіңгіл ауданына қарап тайсап кетті. Енді бір сәтте бізге көмекке Коминтернден 13 айырплан Көк Адыр Өкпені кесіп, Күміс құйғаннан асып, бағанағы екі айырплан асқан жолмен асып, оңтүстік жақтан Армантыны бауырлап келіп, бір сағаттай ғана Лузықұйды бомбалады.73

Қытайдың бес жол қазған жеті мың әскері жатқан бұл окоп бір сағатқа әрең шыдады. Жер астынан жау әскері қашып Сартоғайға қарай еңкейді. Қарауылдың барлығын біз тартып алдық. Үш күн қанды соғыс болды. Қытай ең ақырда, атап айтқанда төртінші күні түнде қашты. Коминтерн самолеті алдыңғы жолғы генерал Сұлубай келісімі бойынша екінші рет тағы келіп бомбалады. Олар бағытынан адасып алдыңғы бомбалаған окоптарды қайта бомбалады. Сондықтан оның нәтижесі онша жақсы болмады. Өйткені, бұл уақыттарда окоп иең қалған еді. Қытай окоптан шығып кеткендіктен екінші бомбалар зая кетті. Сұлубай екеуміз жүздей адам Дөңті жолына келдік. Махмұт біздің ішімізде болып, Оспан және Мәжікпен сымсыз телефон арқылы сөйлесіп болған ахуалды баян қылдық.

- Қытай қашты, қуа соғыссақ, - деп едік.

- Қашқан жауды қумай қайтып келіңдер, - деп бұйрық берді. Сұлубай мен Жақсыбай осы өңірде туып өскен адамдар еді. Жердің сырын жақсы білетін. Дөңтіден асатын жер өте қысаң еді. Олар:

- Сол (100) екі төбені алсақ тар жерден жауды жамсатып, енді қайтып келмейтіндей қыламыз, - деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет