1948 жылы Шонжының Ақшиінде Оспан аулына амандасуға Үрімжіден Әлен Уаң, Закария, Хамит Жанымханұлы, мен Нұрғожай қатарлы адамдармен келдік. Оспан үйінде жиындар ашылды. Оспанмен Жан Же Жұң арасында әңгімелер болып жүрді. Оспан қашып Үрімжі тауына шықса да Сан Мын Жұйдан үлкен үміт күтпеді.
Америка консулы Мәккирнан114 мен Оспан көп рет әңгіме өткізді.115 Оспан Америка өкіметін дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы қуатты мемлекет ретінде көретін. Тек Америка өкіметіне сүйсенсек түбінде Шығыс Түркістан болып кете алар едік. Орыстар Түркістанның көп бөлімін жаулап алып отыр. Орыстар Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қазақстанды жаулап алды. Шығыс Түркістанды қытаймен ынтымағын күшейтуді ойлап, екі рет алдап, екі рет сатты.
1932 жылы 5 сәуірде Коминтерн Шығыс Түркістан тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезде қытай Күн Сандаңы өте әлсіз болып Сан Гән Ниша шекарасына қашып келген еді. Олар осал тұрған кезінде орыс бандылары Шығыс Түркістанды бөліп жіберіп сыртқы Монғолия сияқты өзінің бір базасына айналдырмақшы еді. Қытай Күн Сандаңы күн санап күшейіп Коминдаңға (182) тізе бүкпеді. Бұл жағдайды көріп орыстар Мау Зыдұң үшін Шынжаңды сақтап қалуды ойлады. Сөйтіп болашақта қытайдың өзін әкеліп түсіре салып Мауды бүкіл дүниежүзінде орыс үшін істейтін адамға айналдырмақшы болды. Сондықтан орыстар Шың Сысайды өзінің партиясына кіргізіп алып Шынжаңды уақытша алдамалап ұстап ондағы бес күшті бірін біріне салып қырдыртып отырды.
Кейін Шың Сысай Ресей, Германиямен болған соғысында қайтсе де жеңіледі деп жалт бергенде, орыстар Коминтерннен пайдаланып 1942 жылы 20 қарашада “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялап Оспанды келіп тауып, Шығыс Түркістан Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитетін құрған еді.
1943 жылдың аяғында Коминтерн тарап кетті.116 1945 жылы маусымда Германия жеңілді.117 Жұнғо Күн Сандаңы 19 өлкені тартып алып күшті әскери өкімет құрып алды. Осы кезде орыс бандылары да жалт беріп тағы да Шынжаңды Мауға беру үшін Оспаннан безу, Қалибектен безу, Әлиханнан безу саясатын қолданды. Оларды қолға алатын саяси сылтау іздеп Коминтерн жарнамасын екінші рет Мауға сатты.
Орыстар “Мауды сақтап қалсақ, бүкіл дүниені дүр сілкіндіреміз. Мау арқылы бүкіл дүниеде коммунизм болады да орыс болып шығады. Бүкіл дүниенің қара шаңырағы боламыз”, - деп ойлаған еді.
“Арқада қыс болмаса, ақбөкен неге ауады?” дегендей Алтайда бұрын соңды қыс болмаса Оспан алтын Алтайдан неге ауады? Оқушылардың осы төңкеріске бастан ақыр ғылыми позицияда (183) болуын, ғылыми жолмен қайта талдау жасап қорытынды шығаруын үміт етемін.
Орыс бандиттері өздерінің пайдасы үшін Қырым, Қавқаз, Түркістандағы сатқын түрік нәсілділердің бәрінен әбден пайдаланып кәніккен ескі әдетін осы жолы да тамаша іске асырды.
Осы жолы Құлжаның сатқын сарттарынан мықтап пайдаланды. Біз Оспан тобы мұсылман азаматтарын өлтіруден бас тартып, уақытша болса да Алтайды тастап кетуге мәжбүр болдық.
Оспан ауылы келгеннен кейін амандаса ерулік әкелген Әлен Уаңға он екі түйе берді. Өйткені Әлен Уаң ауылын орыстар шауып алып малдарын Жеменей шекарасынан Шығыс Қазақстанның Зайсаң ауданына өткізіп алып кеткен. Онда полковник Моготонов, Капитан Студенков сияқты адамдардың әскери күшін мықтап пайдаланды. Бұл қозғалысқа Құлжаның сарттары мықтап опасыздық істеді.
Жол-жөнекей бір мысал айта кетейін. Ахметжан 1948 жылы Ақсу аймағын ала қоямыз деп үш аймақтан еріктілер армиясын тізімдеп жазғанда бір де бір қазақ жазылмай қояды. Ақсуды сарт өзі алсын батырлығын көрсетсін деген еді. Іленің сарттары Сопақын полковникті ерікті армиялардың бастығы етіп сарттан мың баланы алып Іле тұсынан Ақсуға асып (184) барады. Ақсу Көнешарға барған соң соғысып 600-ден астам ұйғырлар дамыналға түсіп тұңшығып өліп қалған әскер үшке бөлініп қашып төрт ай дегенде батыр Сопақын Құлжаны жүз адаммен әрен тапқан еді.
Бұл турасында екінші бір мысал 1932 жылы Қожанияз қолына қару алып Коминтерн жәрдеміне иеленді. Ол ағылшын ұйымдастырған Қашқардағы Түркістан Ислам Мемлекеті деген ұйымды өзіме қосылмадың деп таратып жіберген болатын. Ол кезде ол Коминтерн жәрдемін халықарада үлкен тиянақты күш деп санады. Махмұт Мұхлисидің берген дұрыс пікірін қабыл алмады.
Сол кезде Шіңгіл ауданындағы бір бай шаруа Әміре деген кісі айтқан еді. “Көсе қара жүрген жақтан бір айғай кетпей қойған емес” дегендейін тарихта сарттар жүрген жақтан бір осалдық кетпей қойған емес еді.
Біздің қазақтар кемпір араласқан ертек оңбайды деуші еді. Сарт араласқан соң Шығыс Түркістанның оңбайтынын білген едім.
Өкінішке орай, ол қолға мың жылда келген бір мылтық еді. Бұл мылтықты Қожанияз Шың Сысайға беріп қойды. Кәриттің басын Шың Сысай алдымен мұжиды. “Әттен өзінің шашына су салмай тұрып басын өтпейтін ұстарамен қырар ма еді?” деп тұжырым жасаған еді. (185)
1942 жылғы қозғалыстарда Құлжаның сарттары дәл осы Қожанияз қозғалысының аяғын құштырды.
Мен 1947, 1948, 1949 жылдардың жазында Үрімжі тауындағы Көктал, Толы, Шоя саздарын жайладым. Оспан Шонжы тауындағы Ұлтан Ұзынқыр жайлауын жайлады. Қысында Шонжы ауданының қала маңын қыстады.
Жаң Же Жұң мырза Оспан Үрімжіге таяп келіп отыруын талай рет айтқан еді. Тіпті демократиялық-өлкелік өкімет мүшесі болғандықтан Үрімжінің ішіне кіріп алуын да ұсыныс етті. Оспан ондай пікірлердің сырын түсінген еді. Оның үстіне Жаң Же Жұңды дұрыс адам деп қарамады. Бұрхан, Тау Сионы118 дұрыс адам деп қарамады.
1949 жылы жазда Коминдаң мен Күн Сандаң соғысының хабарлары үнемі келіп тұрды. Коминдаң әскери басшылары қаша бастады. Америка консулы да болып жатқан уақиғаны айтып тұрды. Мәккирнан:
- Мал жаныңды жергілікті өкіметке бірақ өткіз. Америкаға кет, мал сомасын біз береміз, - деп те айтты. Оспан:
- Отанымызда тұрамын. Қашпаймын жердің арғы бетінде жатқан Америка маған Шығыс Түркістан өкіметін құрып бере алмайды. Американың сөзі де өтірік. Рузвельттің екінші дүние соғысындағы әрекеті бізге белгілі. Екі тауды бірақ күйретіп дүниенің үлкен базарын іздеген. Америка қазір Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ең үлкен ел еді. Бүкіл Түркістанды орыстар жұтып отырса да, оған үш жүз жылдан бері көрсеткен көмегі жоқ, - деп (186) маған кесіп айтты.
Коминдаң шегініп бара жатыр. Күн Сандаң ілгерілеп келе жатыр. Осы кезде Емен Дамолла, Айсабек, Жанымхан, Оспан, Қалибек, Хамзалар болып өлкеде жиын ашып талқылау жүргізді.
- Күн Сандаң келеді. Біздің Жаң Же Жұңмен жасаған 11 тармақты тоқтамды тани ма? Бізге ұлттық ақы [қақ-құқық] бере ме? Ұлттық көзқарасымыз [мәдениетіміз] өмір сүре ала ма, жоқ па? - дейтін талқылаулар болып жатты.119
Бір ақылды қазақ бұрын “жау кеткен соң қылышыңды боққа шап” дегендей олар қылыштарын боққа шауып жатты. Қалибек – Хамзалар Көкілікке түсіп көшіп кетті. Оспан мен Ма Жұң Жаң бұрынғы мекендерінде тұра берді. Айсабек Нанжиң өкіметіне кетіп қалды.
Тау Сио мен Бұрхан:
- Кететіңдерің кетіңдер. Қан төкпеңдер. Шекарадан аман-есен шығарып саламыз, - деп үгіт айтып жатты.
Тау Сио Масғұтты өкімет бастығынан алып тастап Бұрханды әкеп қоя қойды. Үрімжідегі қалың “данышпандардың” бірі, алысты көретін социализмшіл данышпан болып түс көріп жатса, енді бірі тәуекел етемін деп өз алдына қашып кетіп жатты.
Жаң Же Жұңның Сан Мын Жуйі және оның демократиялық-өлкелік өкіметінің күлі көкке ұшты. Шым – шытырық, қым-қуыт жағдай. Енді біреулер:
- Орыстар батыр болып шықты. Бүкіл дүниежүзін алады, - деп елге суық хабар әкеліп таратып жатты.
- Тіпті коммунизм дегеніміз дүниежүзін алады. Бұл дүниенің шарығы айналып тұратын адамның еркінен тыс болатын заңдылық, - деп түстерін жорып жатты.
Ал енді біреулер
- Коммунизмге іліндің болды. Ұзағанда он жыл ішінде иттің итаяғы алтыннан болады, - екен десті.
Сөйтіп жатқанда Ланжу қолдан кетті деген хабар дүнк ете түскен күні120, ең алдымен Айсебек батыр Қашқар жолымен қашатын қағазын (187) алып жөнеліп берді. Қалибек – Хамзалар Лобнор жолымен кететін болып олар да Қарашарға түсіп кетті. Жанымхан, Оспан, Сүлеймен, мен де осылардың ішінде болып, шырқ көбелек айналып көшіп Баркөлге бардық.
Достарыңызбен бөлісу: |