Оспан батырдың соңғы күндері
Алдымен 1 қыркүйекте Көкталдан көшіп Ұланбайға келдік. Осы жерде Жанымхан қажы қазына министрлігінің қызметін өткізіп берді. Мен, Мәжит, Әбдірейм үшеуміз Ма Жұң Жаңға бардық. Ма Жұң Жаң:
- Ма Пу Паң Күн Сандаң Ланжудан өтпейді деп еді. Алдымен өзі қашып жоғалыпты. Мен де қашамын, - деді.
- Бізге мылтық беріңіз. Біз қорғаныс істесек, - деп едім.
- Бұрынғы 8- полк есебінде, - деп 35 бесатар берді. Осы мылтықтан Әбдіреймге 14 мырыш бердім. Қалғанын Жанымханға алып келдік. Бұл жерден көшіп Боғданың теріскейі арқылы Үшбұзаумен жүріп Пуканға келдік. Одан көшіп Жым Шонжыға келдік. Одан көшіп Жемсарыға келіп ол жерде еру болмай үлкен Шонжының өзіне келдік. Шонжының жаңшанжаны Әбдіқадыр Шанжаң келді. Асылбек Хаң шанжанның тілмашы еді.
Алдымыздан “Жұнғо [Қытай] өкіметі құрылды” деген өкімет қағазы жетіп келді. Жанымхан Оспандар:
- Біз ешқайда бара алмаймыз. Малды кәсіп еткен көшпелі қазақпыз. Баркөлге барып мал семіртеміз, - десті.
Бұл жерден көшіп Нориға бардық. Норидан көшіп, Сарқамысты басып, Лотаң Жанзыны кесіп өтіп, Баркөлдегі Бәйге төбеге келдік. Осы жерде қой күземін алдық.
Осы жерден Үрімжіге баруға Уаң Жыңның 30 мың әскері басып өтіп кетті. Құмылда бірнеше күн тұрған екен. 1949 жылы 20 қарашада Пекиннен, яғни Күн Сандаңнан төрт өкіл келді.121 Оның бірі ұйғыр Әмет, бірі дүңген, бірі қытай болатын. Оларға Оспан Жанымхандар:
- Осы жер малға жайлы екен. Осы жерде (188) қоныстанып отырсақ, - дегенді айтты.
Уәкілдер мақұл болып кетіп қалды. Оспан оларға мынаны айтты.
- Бұрынғы Шынжаң демократиялық өлкелік өкіметімен жасаған он бір тармақты тоқтам бар еді. Осы тоқтам бойынша ұлттық билік өзімізде болатын болсын, - деп талабын қойды.122
Өйткені Жаң Же Жұң “Шынжаң азаматтары өздеріңді өздерің басқарып кету үшін оқыңдар. 15 жылдан кейін, ел болып бөлініп кетесіңдер” деп уәде беріп тоқтамға қол қойған едік. Осы бір ауыз сөз бізге үлкен медеу болған еді. Өйткені Коминдаңның соңғы кезінде батыс терістік бес өлкенің бастығы болған, оған қосымша Шынжаңды билеген Жаң Же Жұң сол орнында қалып, оны Күн Сандаң батыс терістік бес өлкенің бастығы етіп белгілен еді. Бұл адамның орынында қалуы Оспанға үлкен медеу берді.
Осындай жағдайда Оспанды шалған бір ұшық болды. Шыбарайғыр Қапас батыр өз алдына кетіп бара жатып Үрімжіден Құмылға кетіп бара жатқан Күн Сандаңның бір соғыс генералын атып тастады.123 Екінші ұшық Оспан Америка консулы Мәккирнанды көпке дейін қашырып жібермей қолында сақтап отырған болатын.124
Осы екі мәселе жайында Уаң Жың Оспанды Үрімжіге шақырды. Оспан:
- Қой қоздап болған соң барайын, - деп Шаймардан Ермекұлы мен Қанатбай ...ұлын125 жіберді.126 Уаң Жың қайта бұйрық жіберіпті.
- Оспан келсін. Менің күш-қуатымды көрсін. Көп болсаң жаныңда мың үй бар шығар. Бір үйге бір айырпланнан жіберемін, - деп күшін көрсетіпті.
Осы сөзге қарата Оспан мынаны айтты.
- Менің ұлттық тәуелсіздік құқығымды танысаң барамын. Егер “Шынжаңның ұлттык тәуелсіздігін танымаймын. Баса билеймін. Жұтамын” десең келіп жұтып бақ, - деп жауап берді.127
Осы кезде Оспанға қараған елдер Тарылауды, Қобы, Көксерке, Қасаншу, Құлыншары, Сарбұлақ, Жыланды қатарлы ой тауда отырған еді. (189)
1950 жылы сәуірдің аяғында жүздей адаммен қашып Жолбарыс келді. Оның үстіне Коминдаңнан қалған үш мың армия бұзылып Оспан жанына келді. Осы армияның бастығы Жолбарыс еді. Осы ауыр жағдай үстінде Үрімжіден Закария Генерал (ол осы кезде силиң болған еді), Нәзір дейтін Найман (Бұрханның құдасы болатын) өкіл болып келді. Оспанға “Жолбарысты ұстап бер. Онда сіздердің күңәларыңды кешіремін. Егер Жолбарысты ұстап бере алмасаңдар және өздерін келуге көнбесеңдер, онда әскери күшпен жаныштаймын” деген нұсқауды әкеліпті.128
Осыған қарата Оспан тобы қайта бір ұйым құрды. Бүкіл армияның бастығы Оспан, оның орынбасары Жолбарыс болып белгіленді.129 Екі полктің бастығы ретінде мен және Қапас екеуміз белгілендік. Дәлелхан Жанымханұлы әскери ат, азық, көлік дайындауға сайланды. Алтынбек, Кәбен, Қатай Баркөл елінің әскери бастықтары болып сайланды.130
Осылай дайындалып тұрғанда көктемде табиғат мінезі бұзылды. Жұт болды. Оның үстіне әскерлеріміз ашығып екі мың адам бағынып кетті. Қалған бір мың әскермен Жолбарыс Бағраш тауына (Атөрік тауы) шығып кетті. Біз Сарқамыста отырғанбыз. Үш аймақ атын жамылып орыс армиясы келіп басты. Олармен аяусыз соғысып көп адамын қырып тастадық. Қалған әскерлері жеңіліп Нориға шегініп кетті.131
Біз көшіп Көксерке Сарбұлаққа бардық. Осы жерде үш мың танкті армия келіп бізді басты. Әр жерден соғыс беріп Бәйтікке шығып кеттік. Оспан, Жанымхан ауылдарымен Шібетіні өрлеп басына барғанда алдымыздан монғол армиясы шықты. Олармен соғысып бес адамын өлтіріп бес мылтық түсіріп алып күнгей Ластыға шегіндік.
Мал қатты арық еді. Елді Шонжы, Нори, Баркөлге таратып жібердік. Оспан – Жанымхандар Тақырбастау, Сарбастауға барып орналасты. Бір жұмадан кейін орыстардың жалған Шарқи Түркістан атындағы әскерлері келіп басты. Мал мен ауылды тастап жеңілденіп алып (190) Қарамайлыны басып Қиғанқұдық, Аштысу, Қырыққұдық, Құйлық Құдығына келдік. Ылғи аққұм арасымен аралап жүріп отырдық. Оспан мен Жанымханның қазыналары Құйған Құрықта, Шарқи әскерінің қолында қалды. Бұл жерлерді тастап Кәр Торанғыны басып Қуаршаға келдік.
Олымжы, Болымжы дейтін жерлердің суын Уаң Жың әскерлері иелеп алыпты. Түнде ұрланып барып су құйып алдық. Түнде екі армия ортасынан ұрланып өтіп Болымжы суына келдік. Сол суды өрлеп Қуаршаның жонымен жүріп жіңішке суға келдік. Осы жерге келгенде Қапас, Кәшапат, Жамет өздеріне қараған әскерлерімен бұзылды.
- Жанымхан мен Оспанды қытай ұстайды. Жан бағамыз, - деді. Мен оларға:
- Кетпеңдер, - деп үгіт айтып едім. Олар көріністе мақұл болды да түн жастанып кетіп қалыпты. Біз түнімен жүріп таң ата Жасанқызылға келдік. Сол жерде екі тай сойып демалдық. Сол кезде, дәл сол жұртта 150-дей қатын-балалы адам қалдық.
Түнде көмірлік жолмен жүріп аңдулардан ептеп өтіп кеттік. Сөйтіп Сантақудың жолына келіп түстік. Ағашобаны өрлеп Бисанға шығып кеттік. Түнделетіп жүріп төртке бөлініп Сантақудағы тосқан армиядан ептеп өтіп кеттік. Ағашобадан келіп су ішіп жатқанда, жау артымызда сиыр айдап келе жатқан бір қатынды ұстап содан біздің өтіп кеткенімізді біліп қойып артымыздан қуып келіпті.
Ағашобадан Шанзының басына өрлейтін сайдың басын тау жағын Оспан алды. Дала жақ қарауылын мен ұстадым. Көш Шанзы сайын өрледі. Башанзыға еңкейгенде бір бастау болып оған қытай әскерлері келіп қалды. Біз дамылдап азықтанып алдық да пулеметті зіркілдетіп тұрдық. Жаудан көп адам қырылды. Жер берік болғандықтан шығын бермедік. Әрі жау ілгерілей алмады. Аман-есен Бисанға шығып кеттік. Одан көшіп Бұғыбастан өтіп Қарабақсыға келдік. Онда жайлап жатқан біраз ел бар екен. Бұрын Гансуге барып келген Құл Молқы, Базарқұлдың елдері екен. (191) Олардың жанына екі күн еру болдық. Олардың берген хабары мынау болды:
- Сұлтан Шәріп, Жанәбіл, Мұқаділ, Алтынбек, Кәбен, Машан, Қарақас, Қатайларды елдерімен Баркөлдің Көңірек деген жеріне жиған екен. Әр күні үгіт айтыпты.
- Тайыншаның мұрнын жұдырық пен кесіп отырған қазақтар Америкаға қалай көшіп жетпекші болып отырсыңдар, - депті.132
Осындай жағдайда тұрғанда бір түнде Қарабақсыдан жау келіп басты. Біз қайтып Бұғыбастауға шегіндік. Түнімен атыс болды. Таң ата Оспан жанынан Шыбарайғыр Смайыл шәйіт болды. Шертиман жаралы болды. Үлкен Дарақтыны жау тартып алғандықтан Бұғыбасты өрлеп Зынданға бардық. Мұқаділ елінен бір қанша ауыл көшіп келді. Базарқұл Бисали ауылдары, Құл Молқы Сүлеймен ауылдары бар екен. Жақыппек Қормалдың баласы, жиені Әмедолла он бір адам болып олар да бізге келіп қосылды.
Үлкен Дараққа барып дамылдадық. Кіші Дараққа барып түнде қондық. Жерді тұман басып күн жауып жер сел болып ақты. Таң ата сағат 10-11-де жау келіп басты. Біз Жанымхан тобы жаяу бетке қаштық. Бетке шыққандардың бір бөлімін әскер жинап алып кетті. Маған Алакөз Қабдұл жақсы бір ат берген еді. Оған артқан 600 оғым бар еді. Бетке өрлеп шықсам алдымда бала алып Жанымхан отыр екен. Енді бір жағында Дәлелхан басын тығып алыпты. Оның қолына оқ тиіпті.133 Шайзаға оқ тиіп үйде қалыпты. Менің атымның бауырына оқ тиіп қоржын ауып түсіп қалды. Атты қоя бердім. Енді азырақ өрлесем қолына мылтық ұстап Сүлеймен отырыпты. Соның жанында отырған баламды тауып алдым. Әйелім, баламды Кәдірхан мен Жанымханның жанына жібердім. Соның арасында менің қалған қоржынымды әскерлер келіп тауып оғына таласып ойға түсіп кетіп қалды. Түс ауды. Менің жаныма Сейітхан өкіл болып келді. Мен Сейітқанға:
- Бізді айтпа. Бағынатын болдық деп айғай сал. Қатын-бала кетіп қалсын. Оларға өкімет тимейді. Бізді жоқ екен. Кетіп қалыпты деп бар, - дедім. Ол адам мақұл болды да айғай салып еді. Бетте жатқан қатын-бала түгелдей Сейітханға еріп кетіп қалды. (192)
Мағауия дейтін Құл Молқы Сүлейменұлы:
- Оспан бағынып кетті. Біз де бағынамыз, - деп айғай салмақ болды. Оның мылтығын тартып алдым да:
- Қозғалсаң атамын, - деп жатқызып қойдым. Көзім ілініп кеткен екен. Аяқ жағымнан келіп бір қытай:
- Мылтығыңды әкел, - деді. Оянып алып:
- Заңға, - дедім.
Тұра қалды. Атып тастадым. Әскерлер келіп Жанымхан қажыны,134 Кәдірханды, Жақсыханды үшеуін алып кетті. Дәлелхан жаралы жатты.135 Түнде Дәлелханның қолын орап алып жүрдім. Біраз жүрген соң екі атқа кезіктім. Оны Дәлелхан екеуміз мініп алып тағы да жүрдік. Бір атқа Нәзиман136 мен менің балам Имам Ахмет мінді. Жаудың бекінісіне жақын келдік. Тосып едік. Сол заманда қатты боран соқты. Бұршақ жауды. Осының панасында тосқан жерден шығып кеттік.
Біраз жүріп 14 ат тауып алдық. Сірінке жоқ. Отын жоқ. Тамақ жоқ. Күн суық. Киім жоқ. Оспан қашып кеткен екен. Соның ізін тексердік. Жолмен жүру қиын болғандықтан тауға барып бекіндік. Ертеңінде күн шықты да күнге қыздырыңдық. Жанымызда Мағауия бар. Ол Гансиң137 жолын біледі. Мен ілгерілеп жүріп жер шалдым. Дарақтыдағы елдің бәрін қытай жинап алып Баркөлге қарай айдап бара жатыр екен. Қайта келіп осы хабарды жеткіздім. Кешкісін Төсқайыңға түсіп су іштік. Түнде жатып таң ата бір атқа екі адамнан мінгізіп алып жүрдік.
Мен жайдақ атқа мініп алып, алда жүріп дүрбі салып отырдым. Белге шықсам жан көрінбейді. Сондықтан жұртқа бардым. Әскерлер орнында қалған сіріңке, от, пышақ, нан бар екен. Сейітзаданы бізді жау қамап алған жерге жіберсем, ол барып шүйінші сұрап қайтып келді.
- Мұқаділ, Сүлеймен, Кенен, Хамит, Мәжит барлығы сол елдің ішінде екен, - деді.
Біз қайтып елге келдік. 50 адам өлген екен. Оның жаназасын оқып көмдік. Тоқтаубай шешесі жаралы екен. Барқы Қойшы батырдың шоқысынан шықтық. Онда бір жұма демалдық. Бағынатындар кетіп болды. Гансуге жүруге жол бастайтын адам таба алмай отыр едік. Ол жолды білетін Құлдан Жүкей, Құлдан Жапан, Құлдан Болатқан Жасқанбайұлы, Құлдан Қазез алты адам бұлар келді. (193)
Біз Сүлеймен, Кенен, Нәдиме, Ахмет (менің ұлым) Атшыбай Қопан 12 адам, Қарақас он кісі, бірнеше ұйғыр, Алакөз Қабдұл болып тауға бекіндік. Алакөз Қабдұл қайтатын болды. Үш күннен кейін жау келіп басты. Онан қиында құтылдық. Тоғыз сарт қолға түсіп Ғұбайдолла ғана қашып шықты. Одан жүріп Ақтікен деген жерге бардық. Молқы Жүкей баласы Жапон, Болатқан, Қазез, Атшыбай Қопан, екі сарт барлығы 18 адам болып өмір тауына шықтық. Бұл жерде тұрмастан Ноғайды өрлеп келіп Бағрашқа бардық. Біз бұл жерлерге келсек, онда мекендеп тұрған Жолбарыстар қашып кеткен екен. Олар тұрған Қызылбұлақты қытайлар иеленіп алыпты.
Қауан қарасындағы суға келдік. Бізді Қазез Қанамбарға алып жүрді. Алдымен кіші жотаға, одан жүріп Шыбардөңге, Алтынқазғанға, бұдан шығып Қарадөңге келдік. Қарадөңнен шығып Уанқуға, онда мал баққан малшылар бар екен. Ланжу көлінің аяғымен жүріп 23 күн дегенде Қанамбарға жетіп бардық. Ол жерде жер шалып жүрген Сағидолда Қайысбайұлы жүр екен. Ол адаммен бірге Қайызға келдік. Қайызда тұрмастан Мақайға келдік. Мақайда тұрғын ел бар екен. Сағидолла, Салакиттен, Қапас (Шақабай), Қәбен, Нұрғали Тұңғышбайұлы ауылдары бар екен. Біз осы жерге келместен үш күн бұрын Жолбарыс, Сұлтан Шәріп, Оспан, Жәнебіл қатарлы адамдар да осы елге келген екен.
Біз Дәлелхан, Нәзиман, Хамит, Мәжит, Сейітзада, Ахмет мен жеті адам Қалибектерге келдік.138 Құсайын ауылдары да сонда екен. Сүлеймен, Кенен, Оспан жанында қалды. Біз Қалибектерге жеті күн жол жүріп келген едік. Олар Қызылтас деген жерде екен. Олардан ат көлік киім кешекті толықтап алдық. Одан шығып Гәскөлдегі Құсайын ауылына келдік. Бір жаз жайладық, Құсайын жақсы жәрдем беріп қуаттанып қалдық.139 Көшіп Тәжінорға барғанымызда Сұлтан Шәріп, Қәбендер көшіп келді. Оспан мен Жәнабіл Қанамбардың етегіндегі Қайызға кетіпті. (194)
Достарыңызбен бөлісу: |