АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет11/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

Оспан қозғалысты бастауда

Менде бір мылтық тығулы қалған еді. Жанымхан қайта – қайта кісі салып сары ізіме шөп салғандықтан 1941 жылы 3 қараша күні өзім бармай Жанымхан жіберген адамына беріп қоя бердім. Заман қалай болады? деп сонда да мүмкіндік сақтап қалдым.

Ойнақтап толқын жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан не бойды ұрлап.

деп Абай айтқандай оқымаған болса да Бұқат пен Қалелден жүз есе артық болып туған Оспан Исламұлы бандит Шың Сысайға сенбеді. Ол әр сөзінде орыстар да, монғолдар да, Шың Сысай да “қойдың басын көрсетіп иттің етін сатады” деуші еді.

Оспан:


- Халықараның бізге көмегі болмайды. Түріктердің бізге көмегі болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы екі мемлекеттің пайдасына ғана жұмыс істеп отыр. Біздің істейтініміз “ақиқатты оқпен өлшеу”. Осы ғана дұрыс іс деп қарайтын. Осы жолғы екі қозғалыстың жеңісін Қалел тоздырды. Әділхан бүлдірді. Бұқат бүлдірді, - деді де бірде бір мылтық тапсырмай Құмға кетіп қалды.

Оқымаған деп талай адамдар көзге ілмесе де Оспан көрегенділік істеді. Соңғы нәтиже сөйтіп Оспан қолында қалды. 13 адамды ұстап кетті дегеннен кейін Оспан, Кәмел, Қажақын, бүкіл Тіркештің (62) 11 ұлы, бүкіл Айтуған ішінде Төлестер Жұнғар құмына түсіп кетті. Олар сол жылы Құмдағы Ханобаға және Қаратазға барып қыстады. Қолдарында сап-сары мырыштар бар еді. Ел іші біраз тынышталып қалды. Біз семьямызбен малымызды алып Құмдағы Сарқазанға келіп қыстадық. Ол қыстауда бүкіл Құттыбай Қарақастар, әсіресе, Қасен, Құсайын байлардың тобы бар еді. Сол қыста үкімет Сарсүмбеден Қасен зәңгі, Мәмила зәңгі, Уатқан, Ұянжан, Мағауия Ібішерұлы (бұл адамдар залың еді) қатарлы адамдарды өкіл етіп Оспанға жіберіпті. Ол адамдар Оспандікіне келіп үгіттерін айтып Оспаннан мылтық тапсыруын талап етті. Оспан болса:

- Ырысхан тоқтамын банды, ит Шың Сысай өзі бұзды. Қытай мен орыстың екі мың жылдан бергі жымысқы саясатын қытай тағы бір істетіп алды. Алдау тәсілі қытайларды тарихтан бері кедейліктен көз аштырмай келе жатыр. “Қуға қу жолықса екі құлағы шұнақ болады” дегендей қытайдың құлағы тарихтан бері шұнақ еді. Қытай Шың Сысай уәдесінде тұратын болса, онда Ырысхан тоқтамы өз күшіне ие болсын. Біз Алтайды қайтадан орналастырайық. Әскери күшін алып кетсін. Ұстап кеткен 13 адамды қайтарып берсін. Сонан кейін біз мылтық тапсырамыз. Болмаса біздің қорытындымыз бойынша, “Ақиқатты оқбен өлшейміз”, – деп келген адамдарды қайтарып жіберді.

Оспан адамдарын жинап алып Қобық ауданын шалып келуге, онда қытай армиялары болса ат түйелерін алып келуге бұйырды. Және ол:

- Тарбағатай елінен тіл біліп келіңдер, - деді. Оспандар қатын-балалармен 300-дей адам еді. Сүлеймен Бектұрұлы Оспанның досы еді. Арал Шақабайы мен Төлестер бірыңғай еді. Сауырдан адамдары да аман келді. Төменгі Алтайдан бандит Шың Сысайдың жиын бар деп әкетіп бара жатқан 250 адамын аман алып қалып еліне қоя берді. Бандит Шың Сысайдың Уаң Жау Уи дейтін атақты шпионың да 30 адамымен атып тастады.

Адамдары қайтып келген соң Сарқазанда жатқан Құсайынбайдың екі айғыр үйір (63) жылқысын айдап кетіпті. Құсайын маған келіп

- Сен Оспан екеуің тату жолдас едің. Көрші едің. Менің ешкімге жаушылығым жоқ. Көптің үйі едім. Қандай адам бір нәрсе сұраса аяғаным жоқ. Ол жылқымен кедей болып қалмаспын. Ағайын едік. Азарымыз болса да, безеріміз жоқ, - деп араша түсуімді сұрады.

Жаныма Қарақас Лұқпанды қосып берді. Мен Оспан ауылына бардым. Қара Сексеуілде отыр екен. Оспан келгенше бені үйіңе кіргізбеді. Оспан келгеннен кейін үйіне кірдім. Оспанға аманнан кейін Құсайынның сәлемін айттым. Оспан отырып:

- Бұл жұмыс қате істелген. Өткен жылы біздің жігіттер жайлауда Құсайынның үйіне барса, қымыз бермеген екен. Соған егесіп төрт биесін алып келіп сойып тастапты. Сенің келгенің жақсы болды, - деді де Текеш, Қажақын, Әбдірахман үшеуін шақыртып әкелді.

- Біз кіммен жау боламыз? Біздің жауымыз бандит Шың Сысай. Біз қашанда болмасын халықпен жау емеспіз. Жауды дұрыс талдап алыңыздар. Сойылған төрт жылқыға төрт жылқы қосып Құсайын жылқыларын мына келген адамына айдатып жіберіңіздер. Тұрмыста қиын істер болса, онда ағайынға адам жіберіп сұратып алыңдар, - деп бұйрық берді.

Мен Құсайын жылқысын аман-есен әкеліп бердім. Үш күннен кейін Кәмел келді. Олар азық сұрады. Құсайын 30 еркек қой, екі мініс ат, төрт бие соғым жіберіп берді. Сонымен сол жылы сол жерде қыстап жата бердік.

Сонымен жыл қандай тез өтті! 1942 жылы туа қойды. Қар кете бастады. Айырплан аспаннан қағаз тастады. Онда “Оспанға ермеңдер. Егер ерсеңіздер аямаймыз. Оспанды да тез арада құртамыз”, деп жазған екен. Мұндай сөзге екі мың жылдан бері үйреніп алған қытай сол шабысына салған екен. Біз Алтайға көше бастадық. Оспандар көшіп Алтайдың Жөргекті деген жеріне барғанда Оспанның артынан 1.200 әскер қуып барды. Оспандар жаумен атысып отырып Өндірқарадан барып түсті. Сырт жағынан өзінің Молқылары, атап айтқанда Мағауия залың барып (64) Оспанның отырған аулын қоршап алды. Осы қамаудан Оспан, Қапас, Сүлеймен, Кәмел, Зейнел, Шертиман алтауы қашып шықса да, үшеуін қолға түсіріп мылтығын алды. Оспан, Шертиман, Сүлеймен үшеуі қашып шығып кетті.

Біз көшіп Қу Ертіс бойына қой қоздайтын жерге келдік. Үкімет Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын Сарсүмбеге әкетпек болды. Осы жылы Қажнәби Көктоғайдың шәні еді. Мен Қажнәбидің үйіне барып

- Оспан мен Сүлейменнің қатын-баласын Алтайға апармай Көктоғайда тұрса екен, - деп пікір айтып едім.

Ол адам мақұл болды. Мен алғашқы қыста Құсайын жылқысына барғанда, Оспанмен келісіп ел ішіндегі мән-жайды жеткізіп отыратын болып уәде берген едім. Сол уәдем бойынша осы істі барып айттым. Қажнәби:

- Бізде почта жоқ. Мен қағаз жазып берейін. Жанымханға апарып беріп олардың семьяларының осы жерде тұруына рұқсат алып кел, - деді.

Мен қос атпен Алтай сақшысына бардым. Атым сонда қалды. Мені ертіп Жанымханға апарды. Менен ол Оспан ахуалын сұрады. Сонымен бірге мені қайтадан тыңшысы етіп белгіледі. Оспанның ахуалын мәлімдеп тұратын болдым. “Олардың қатын-баласы Көктоғайда тұруына болады.” деп қағаз алып келдім. Оспан мұны естіп разы болды. Оспан:

- Семьям Көктоғайда тұрса, бір күн болмаса, бір күн тартып аламын, - деді.

Қажнәби де мені тыңшы етіп белгіледі. Оны да қабыл алдым. Елдің алды қайқая көшуге әзірленді. Оспан бірнеше адаммен қашып Бала Ертіс басына барды. Ел Қу Ертістің етегіне түскенде Қашқырты күнгейінде қашып жүрген Мәлікаждар молла, Келес, Тоқтастарды тауып алды. Сегіз адам болды. Осы мезгілдерде ел ішінде бұрынғы үкіметке мылтық атқандарды ұстайтын өсек аяң тарай бастады. Татай Қалманұлын ұстап кетті. Оны сезген Кәмел, Зейнел, Қапас, Тіркештің барлық балалары Оспанға қайтадан қашып келді. Оспандар тобы молайып Құмға барған соң үкімет әскерлері Қарабұлғын – Дүреге келіп тосып жатты. Ел Ертіске келіп шөп шауып жатқанда өткен жылы әскер бастап келіп Оспанның аулын шапқыздырған Мағауияны Оспандар ауылына барып (65) атып тастады. Мағауияның ауылы Өндірқараға келіп қонған еді.

Оспандар Қыстаубай ішінде Сары Сүлеймен ауылын шауып кетті. Оспандарды ала жаздай жау өкшелеп қуып жүрді. Ел ішінен бізден тіл алып тұрды. Сондықтан олар тұрақтай алмай ойға түсіп кетті. Ал қыстауда Дүреде жатқанда оларды жау әскерлері қоршап алды. Осы кеште Оспандар аман-есен құтылды. Қытайлар Оспанды өлтірдік деп Қарақас Садықтың басын кесіп алып, ағашқа іліп қойды. Осы ауылдың он неше адамын атып кетеді. Бұлар Қарақас елі еді. Оларды Дүренің керішіне апарып өлтіріпті. Оспан әскерді жаңылтып, Сартоғайға қашып кетті. Сартоғайдағы елден ат алып Құмға шығып кетеді. “Із тастау әдісі болды.”

Дүреде жатқан әскерлер ел ішінен Қарақастардан Қаумет шабарман, Халық (үшеуінің атын ұмыттым) қатарлы бес адамды ұстап алып, Қарабұлғындағы Қалел аулына алып келді. Онда Сайып, Қазез, Уақит, Қалелдің қызы Шәпіш бар екен. Он әскер түнде келіп Қалелдің ауылын күзетеді екен. Таңертең он әскер Қарабұлғындағы қалың әскер жатқан жерге барды. Сайып өзінің ұсталатынын біліп, амал таба алмай тұрғанда екі әскер қайтадан Қалел аулына келді. Мәпеш екеуі екі әскерді балталап ұрып өлтіріп екі мылтығын алып, бағанағы байлаулы бес адамның қолын босатты. Оларды алып келген әскермен соғысып, оның біреуін өлтіріп, төртеуі қашып кетеді. Сайып жиыны 15 адам болып (Абшат, Кәгбан, Қазез, Уақит және әлгі төрт адам оның бірін қытай атып кетеді.) Оспанға барып қосылады. Оспандар осы кезде Ханобаның бойында болатын. Әскер өрлеп Сартоғайға кетті. Осы әскерді бастап жүрген адам Ноғайбайұлы Түркістан өзінің елінен 20 адам алып, Сұлубай, Замырқан, Жақсыбай, Жүніс, Жәмет, Сөкей қатарлы мергендерді ертіп Оспанды қуалайды. Және үкімет әскерлерін Қыстаубай Нәсіпхан бастайды. Рамазан Шібішерұлы, мұғалім Шібішерұлы қатарлы жол білетін көп адамды қытайлар жалдап алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет