АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет12/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38

Кеңес Одағынан қолдау

Оспанды Ханобадан білдіртпей келіп басады. Оспандар азырақ атыс беріп аман-есен қашып шығып кетеді. (66) Оспан Түйе Құмнан қашып Жырадан асып Сарқазанға келеді. Сарқазанда жау әскері келіп тағы да басады. Бұл жерден Оспандар қашып, Бурылтоғайға түсіп кетеді. Сарқазанға үкімет әскері жатқанда айырплан келіп, талмай бомбалап, өз армиясынан 300 ат, 1.000-дай әскерін қырып тастайды. Жау әскерлері арып шаршап суыққа төзе алмай, ақыры ашығып Шонжыға қайтты. Түркістан өзі ертіп жүрген жиырма адамның мылтығын алып, елге қайтарып, өзі Үрімжіге кетіп қалды. Сонымен жаз шығады.

Ел қыстан шығып, бөктерге барып қой қоздатпақ болды. Дәл осы кезде біздің семьямыз Қара Ертістің Көкебұлағына көшіп барып, қой қоздатып жатыр едік. Сарсүмбеден сауда алатын Қасенбайдың баласы Задақанды ертіп Шоқай қажының үйіне келдім. Задақанның қайны болғандықтан әйелін алғалы сол ауылға келіп еді. Күзде бермек болып уәде берді. Мен Сарсүмбеге барып Мамытбек Үсейіннен бұл, шай, сіріңке алдым. Қайтып Көкебұлаққа келсем, ел енді ғана жайлауға көшпек болып отыр екен.

Сарсүмбеден Уаң Силиң шығып, Оспанның жүрген жерін зерттеу үшін Көкебұлаққа келмек екен. Оның жанына Қарақас жүз басы Мұқай келді. Оның бізбен таныстығы, достығы бар еді. Ол маған:

- Сені ұстамақшы. Барлық құйыршық болғандарды ұстайтын болып жатыр, - деді.

- Менің де күмәнім болып дайын жүр едім. Ауылмен Аралға кел, - дедім де өзім қашып, Күртінің құйғанында жатқан Оспандарға барып қосылдым.

Мен барғанда Оспандар 60–тан астам адам екен. Барлығымыз ол жерден жүріп Қарабөгеуге бардық. Ел орта жайлауға келе бастады. Бұл кез маусым айының іші еді. Қарабөгеуде отырғанымызда Ертіс алқымындағы Шақабай тоғамында келе жатқан адамды көрдік. Мәдени киімді шолақ ат мінген қара тоны бар екен. Ол адамды ұстап алдық. Бұл адам бізбен өте жақсы амандасты.

- Мен сіздерді іздеп келемін. Сүйегім Найман. Көктоғайдағы (67) орыс адамы едім. Міндетім кәдір, яғни нәшендік. Атым – Қаражақып, мені сіздерге орынбасар консул Баймурзин жіберді. Біздің Шың Сысаймен достық күніміз біткен еді. Мамыр айында елімізге қайтамыз. Қытай үкіметі “бізден қашып жүрген Оспан банды бар. Егер олар сіздерге залал келтірсе, оған біз жауап бермейміз”, деп ұқтырды. Біз сіздерден қорқып сөйлеселік деп іздеп келдік, - деді.

Оспан, Сүлеймен болып ол адамнан бір қанша сұрақтар сұрадық.

- Ресей деген үлкен мемлекет. Қытаймен тоқтамдарыңыз бар. Қашып жүрген біздер. Сіздерге қандай жұмысты шешіп бере аламыз? Біз сені өлтіреміз. Бәріңді жау деп санаймыз. Сен бізден қалайша қорықпай келдің? - дедік.

Ол адам тұрып:

- Алтай жерін аралап, кен зерттеп жүрген бір топ инженеріміз бар еді. Олар сіздердің адамдарыңызға кезіккенде “Біз қытайға аман-есен қарсымыз. Орыстарға қарсы емеспіз”, деп оларды аман-есен қайтарып жіберіпті. Ол адамдар сіздердің адамдарыңызға бір ағаш күріш, мың оқ беріп кеткен екен. Олардың екі дүрбі, бір наған, екі мылтығын алмай қоя беріпті. Осы ахуалды естіген үкіметіміз сіздердің адамдарыңызға үлкен рахмет айтумен мені жіберді, - деді. Осыдан кейін Қаражақып бізге:

- Сіздерде не мақсат бар? Өз үкіметіңізбен неге соғысып жүрсіздер? - деді.

- Үкіметіміз асқан залым болды. Ол залымдарда ғылым жоқ, надан болды. Ғылым болмаған соң өнер кәсібі жоқ. Елдің әр нәрсесін әскери күшпен тартып жейтін жамандық істеуші, алдамшы алаяқ болды. Ойлайда, сөйлейде, істейде білмейтін тоғышар болып, сүтті суға құйып жатыр. Біз олардан тәуелсіздік талап етіп жатырмыз. Біздің қолымызда құрал жоқ. Сыртқы сүйеніш күшіміз жоқ. Қытайды өлтіріп, мылтық тартып алып жүрміз. Елін құрал беретін болса, біз сатып аламыз. Ондай жолдарыңыз бар ма? - дедік.

- Мен ол пікірлерді Баймурзинге жеткізейін. Маған мал айдап кетуге жол бересіздер ме? (68) 200 машина жүк, он екі мың қой, алты мың сиыр бар еді. Сол малды шығарып әкетсек, - деді.

- Ондай болса, біз Баймурзинмен сөйлеселік. Ортең сайының арасына келсін, - дедік. Ол белгі берді.

- Ең алдымен орыс туы бар үлкен машина шығады. Онан соң бір кішкене машина шығады. Оның артынан тағы да орыс туы тігілген үлкен машина шығады, - деді.

Уәде бойынша 12 маусым күні Оспан, Сүлеймен, Кәмел, Қапас, Зейнел, Абшат, Қазез, мен Нұрғожай қатарлы 26 адам барып тостық. Уәделі күнде үш машина 40 әскермен олар келді. Машина жазықта тұрды. Баймурзин Қаражақыпты ертіп бізге келді. Амандастық. Рахметтерін айтып жатты.

- Неге қашып жүрсіздер? Үкіметпен неге тату болмадыңыздар? Қандай мақсаттарыңыз бар? - деп сұрады. Біз:

- Шың Сысайдан жерімізді тартып алмақ болып жүрміз. Іздегеніміз - тәуелсіздік. Бірақ қолымызда құрал жоқ. Құрал тауып алсақ дейміз. Біз құралды сатып та ала аламыз. Немесе тоқтам жасалып құрал құнын белгілі мерзімге бөліп беруге болар ма екен? - деп жауап қаттық.

- Совет Одағы құрал берсе аласыздар ма?

- Ресейді құрал жайында жаттық етпейміз. Біздің шын тәуелсіздігімізге кепілдік етер болса, ол кезде біздің аянар жөніміз болмаған болар еді. 1932 жылдан бергі Ресейліктердің тәжірибелеріне қарағанда, оның мақсаты басқаша болып келе жатыр, - дедік.

Олардың барлық заттары мен жанды малдарын Көктоғайдан аман шығарып кетуіне біз жол қойдық. Сондықтан осы әрекетімізге олар да үлкен рахмет айта келіп, 11 адамға, әр адамға бір пар костюм, шапан – сым, бірден етік, үш мыңнан оқ, шай, бұл қатарлы нәрселер берді.

- Қолымыздағы мылтықты бермейміз. Еріп жүрсеңдер мылтық берелік, - деді.

Біз еріп бара алмадық. Олар:

- Сіздерді қашанда болса, тауып аламыз, - деп уәде беріп жүріп кетті.

Біз олардан айрылып, жолда келе жатқанымызда алдымыздан Көктоғайға 300 түйе астық әкеле жатқан 30 жау әскері кезікті. Осы жауды түсіріп, астығын жартасқа тығып, түйесін алып кеттік. Адамдарын атып кеттік. (69) Біз енді жайлауға қарай қайқайдық. Осы туралы бір қарар алдық. Жүйрік ат іріктеп алдық. Киетін киімдерді толықтадық. Қарадүрбінге барып орналастық. Ел үстімізге жетті. Ол жерде біраз демалып, елді алдыға өткізіп жібердік.

Қалқа жеріне жорық

Ендігі жоспарымыз Қалқаның шекарасынан кіріп, ат алу болды. Оның 1940 жылы бізді алдап Бұлғынға апарып алып, қытайға қырғызып тастағаны есімізден мәңгі кететін емес.

Барлық адамдарымыздың саны дәл 99 еді. Осыдан 31 адам Оспан мен Сүлеймен қолында қасап болып ат бағып қалды. Мен 1931 – 1932 жылдарда Монғолияға сауда істеп барған едім. Басқаларға қарағанда жолды, жер сырын недәуір жақсы білетін едім. Менен басқа Молқы Садық деген адам да жол біледі екен. Садық екеуміз жол бастадық. Сұлубай, Кәмел, Қапас, Нәби Тоқтағанұлы, Абшат Ақтекеұлы қатарлы адамдар басшылығында Бала Ертіс басынан Нортыға асып түстік. Нортыдан Бүркіт Ұясына бардық. Одан Ыстық Ойға бардық. Бұл жерде мен Бұзай Дүргіннен келетін Сақсайдың бір ашасы Үлкен Сақсайдың құйғанында Көбеш бейіті бар еді. Сорқобыға асатын батыр Ашасының басында Үш Дабаты деген үш кішілеу сай болып Үлкен Дабатының аузында Кәрі Өткел дейтін өткел бар еді. Сақсай өзені қорым тас болып албаты жерінен өте алмайтын, тек қорым тасын теріп тастаған жерінен ғана өтетін. Кәр Өткелге мініп тұрған Бұрғысын жағынан келетін Сұр Тұмсық деген үлкен тұмсық бар еді. Ол жер Қалқаның тарихтан бері қарауыл орны болатын. Осы қарауыл орнынан 40 километр қашықтықта тұратын Қалқаның атақты Сарқобы жастабы35 бар онда.36 Әрқашан жүзден екі жүзге дейін армия сонда тұрады.

Сұр Тұмсықтағы қарауылдан шолғыншылар келіп кетіп тұратын Бұзай Дүргіннен ағып келген кішкене Сақсай суының жанында бір үлкен шоқы бар еді. (70) Ол осы жердегі әдет қарауылдың өкілдерінің орны еді. Олар әр күні түске дейін келіп жер шалып, түстен кейін шекара орнына қайтып кететін. Тәңертең келіп Ыстық Ойға түсіп демалып ұйықтап кетсем, екі ақ боз атқа мінген ақ киінген екі ақсақал Жәнібек туын алып келе жатыр екен. “Алла, Алла” деп алдынан жүгіріп шығып едім. Ол туды маған берді. Және төрт ту берді. Оны екі ақсақалдың бірі берді. Оны ұстап түрегеліп айғайлағанда өз дауысымнан шошып оянып кеттім. Барлық адамдар:

- Не болды? - деп сұрады.

- Ілгерілейік алдымызда үлкен олжа бар. Туымыз жоғары көтеріледі, - дедім.

Демалып қарауыл төбеге келдік. Жанды нәрсе көрінбеді. Біз алдыға көз тігіп қарап тұрғанда Сұр Тұмсық астынан ер тоқымды үш ат шыға келді. Адам бары білінбегеннен кейін үшке бөліндік. Кәмел, Қапас батыр Көбеш өткелінен өтетін болды. Кіші Дабатымен Сұлубай өтетін болды. Менің жанымда Нәби қалды. Қолымызда мылтық жоқ еді. Тек Нәби қолында бір мылтық бар еді. 31 адаммен мен қалдым. Жаратып мініп жүрген жүйрік қаракөк атым бар еді. Ертоқымы жеңіл еді. Киімдерімді жеңілдетіп қолымда қылышымды ұстап мен үлкен жол аузында отырмын. Бір жүгірсем әскерлер дәл көрінетін жердемін. Басқа адамдар судан өтіп әскердің жан-жағын қоршағаннан кейін шаппақшы едік. Бұл жерде маған бір ой келді. Таңертеңгі қарауылдар қазір ұйықтап жатыр. Жерді иен деп көріп кетті. Мен басқалар келместен бұрын шауып түсейін деп ойладым. Жанымда бауырым Кәбіл бар еді. Нәбиге:

- Мылтық атпа! - дедім. Үш адам еңкейе шаптық. Төбенің орта беліне жеткенде әскер бізді көріп қойды да тұра атқылай бастады. Адамдарымыз жатып қалды. Мен тәуекел деп Кәр Өткелдің аузына жетіп келдім. Кәбіл мен Дәуітбай да жетіп келді.

- Мынау суыр қараған монғол емес, қарауыл армия, - деді. Мен төбеге шығып қарайын деп жүріп кеттім. Төрт әскер дереу атын мініп кеткелі жатыр екен.37 Мен араласа кеттім. Олардың мылтық атуға (71) шамасы келмеді. Біреуінің аты семіз болып жүгірмегендіктен, атын тастап жаяу қашты. Мен де қуып жетіп:

- Әкел мылтықты, - деп айғайлап едім, едел жедел екі атса да оғы тимеді. Үшінші рет атқанша қылышпен бір салып өлтіріп жіберіп мылтығын алдым. Қалған үшеуін тұра қудым. Оларды ат үстінен атып едім. Біреуінің аты оққа ұшып кетті. Жау алдынан Қапас шауып келе жатыр еді. Қапастың аты оққа ұшып кетті. Қашқан жаудың алдында екі адамы бар екен. Олар келіп суырдың ініне кіріп кетті. Үшеуі сыйып біреуі симай қалды. Оны қарауылға алып атып жібердім. Бізден екі адам оққа ұшты. (Бірі Молқы еді, бірі Жәдік Әділханның балдызы). Біз суыр ату үшін жасалған бір акоп қалқасына келіп орналастық. Аңдып отырып үшеуін де атып түсіріп алты мылтық түсіріп алдық. Екі адамның сүйегін алып қайтқанша монғол әскері қаптап келіп қалды. Жаудың өзінен түсірген бір елу атар пулемет бар еді. Атты ұстатып қойып жау әбден жақындағанда қойып жіберіп едім. 80-нен астам адам атымен бірақ қырылды. Басқа қарауылдар 20 неше адам түсіріпті. Бұл жолы 110 адамды өлтіріп қару жарағын алып қосқа келдік. Шәйіт болған екі адамды Нортыға әкеліп жерледік. Сол күні Бала Ертіс ішіне келіп қондық. Монғолдан келістіріп отырып кек алдық. Екі қарауылын бірақ талқандап 120 үлкенді кішілі қару олжалап алдық. Ел шеті Сағатай аулының жанына келіп мәуліт оқыттық. Онан соң ақ сарбас айтып мал сойып той жасадық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет