Ойынды жазып ойнау өте пайдалы. Жазу тәртібін біліп алу – ойынды жақсы үйренудің алғы шарты.
Жазып ойнау – ойындарды есте сақтауға, кейіннен оқып талдауға, ойынның теориялық негізін жасауға «тоғызқұмалақ» әуесқойларының ақыл-ойын, тапқырлығын, шеберлігін дамытуға, тәжірибесін молайтуға мүмкіндік береді. Енді, «Тоғызқұмалақ» ойынының тәртібіне келейік. Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсететін цифр жазылады. Мәселен, 39-үшінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз. 712- жетінші отауда 12 құмалақ бар деген сөз. 315- үшінші отауда 15 құмалақ бар деген сөз. 11- бірінші отауда 1 қүмалақ бар деген сөз т.с.с. Бұдан кейін жүріс жасау белгілері – сызықша (-) немесе қос нүкте (:) қойылады да, соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсететін цифр жазылады. Ойын кезінде 39-215 деген жазу жазылады дейік. Яғни тоғыз құмалағы бар үшінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 14 құмалағы бар екінші отауына түседі де, құмалақ санын 15-ке жеткізеді. Бұл жай жүріс. Ойын кезінде 412:614 деген жазу болады. Яғни 12 құмалағы бар төртінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 13 құмалағы бар алтыншы отауына жетеді де, құмалақ санын 14-жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне, осындай жүрісте қос нүкте (:) қойылады.
Ойын кезінде «тұздық» алынса, Х белгісі қойылады. Мысалы, 513:83 Х (5- отауда жатқан 13 құмалақты жүріп, қарсыласының 8-отауындағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады). Егер ойын барысында жүрістің соңғы құмалағы «тұздық» алынған отауға тап келсе, отаудың рет санынан кейін тағы да Х белгісі жазылады. Мысалы, 414-8Х. Яғни төртінші отаудан жүрген жүріс
«тұздық» алынған сегізінші отауға тап келді деген сөз.
«Тоғызқұмалақ» партияларын жазғанда мынадай негізгі шартты белгілерді пайдалану керек:
Х – «тұздық» белгісі
! - күшті жүріс
!! - өте күшті жүріс
? - әлсіз жүріс
?? - өте әлсіз жүріс
00 – қайда жүрсе де, басқа жүріс жүрсе де бәрі бір деген ұғымды береді. МЖ – мәжбүр жүріс.
«Тоғызқұмалақ» ойынын жазып ойнауға мына төмендегі үлгідегі қолданылуға тиіс.
Партия №
Тур
« __ » 20_ ж
Ақ жағы
( аты-жөні)
Қара жағы
(аты-жөні)
|
Ақ жағы
|
Қара жағы
|
№
|
Ақ жағы
|
Қара жағы
|
2
|
79:610
|
79:610
|
21
|
|
|
|
|
|
22
|
2
|
910-911
|
911-912
|
23
|
3
|
311:412
|
511:63Х
|
|
Ойынның нәтижесі:
Ойынға жұмсалған уақыт.
Бланкідегі рет сандары (1,2,3) екі жақтың жүрген жүрісінің де ретін білдіреді. Бірінші жүріс – 79:610, 79:610…т.с.с. Сайыстың аяқ шенінде (сағат пайдаланынған ойында)ойыншылар уақыт үнемдегісі келсе, жүріс жазудың мынадай екі тұрі болады. Біріншісінде жүріс жасалған отаудың реттік саны мен соңғы құмалақ барып түскен отаудың реттік санының арасына сызықша немесе қос нүкте қойылып жазылса болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |