Азимбаев Ж. А., Нуржан Н. Н. ТоғЫЗҚҰмалақ ойынын үйрену әдістемесі



бет5/15
Дата20.05.2022
өлшемі0.66 Mb.
#458152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тогызкумалак уйрену адистемеси

Ақ жағы Қара жағы
1. 5:6 7-8
2. 9-9 9-1


Екіншісінде: Жүріс жасалған отаулардың номері ғана жазылса болғаны.



Ақ жағы

Қара жағы







1. 7

7




2. 9

9




3. 3

5

Ойынның мақсаты және жүрісті есептеу жолдары


«Тоғызқұмалақты» ойнаушылардың алдарына қоятын негізгі мақсаты – кем дегенде өз қазанына 82 құмалақ жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың бірдей ұтуы, не ұтылуы мүмкін емес. Ұтыс бір ойыншыға ойын аяқтаған соң:
а) бір ойыншы өз қазанына 82 құмалақ жинап үлгерсе;
ә) жүріс кезегі келгенде қарсыластың отауларында жүрер құмалақтары болмай, яғни тоғызқұмалақ тілінде қарсылас ойыншы «атсырап» қалып, екінші ойышы отаулардағы қалған құмалақтарды өз қазанына салып алғанда, құмалақтардың саны 82-ден кем болмаса;
б) уақыт белгілеп ойнаған жарыстарда қарсылас жақтың белгіленген жүрістерге берілген уақыты біті қалып, екінші ойыншы екі жақтың барлық отауларында қалған құмалақтарды қазанына салып алғанда, ондағы құмалақтардың саны 82-ден кем болмаса беріледі.
Ойын аяқталған соң, ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың саны 81-ден болса, ойын «тең ойын» деп бағаланды. «Тоғызқұмалақ» ойынында «тең ойын» өте сирек кездеседі.
«Тоғызқұмалақта» «тең ойын» болуының басты шарты – екі жақтың да тақта бетінде «тұздықтардың» болмауы. Егер екі ойыншыда да, немесе біреуінде «тұздық» болмайтын болса, «тең ойын» категориясы кездеспейді.
«Тоғызқұмалақ» ойынының жарыстарында ойыншылар өз қазанына 82 құмалақ ұтып алғаннан кейін де ойынды тоқтата салмай, аяғына дейін жеткізуі керек. Бұл ойынның қандай есеппен аяқталғанын білу үшін қажет.
«Тоғызқұмалақ» ойынын үйренушілерге бір ескерте кететін нәрсе – тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде – «ашық», жұп санды құмалағы бар отаулар – «жабық» отаулар деп аталады. Әркім өз отауын жабық, ал қарсыласының отауын ашық етуге тырысуы жөн. «Тоғызқұмалақта» да ұтқан ойыншы 1 ұпай алады. Ал ұтылған 0 ұпай, егер тең ойнаса 0,5 ұпайды бөліседі.
«Тоғызқұмалақ» ойынын үйренушілер ойынды аспай-саспай, байсалды ойнауға дағдылану керек. Жарыстарда немесе жай кездесулерде ойыншылар ойын басталысымен артық сөздерді қойып, өздерінің ішінен ойлап отыру керекү. Бұрын қолданып жүрген ереже бойынша «мына отауыңыз ашық па, жабық па? Мына отауыңызда қанша құмалақ бар?» деп дауыстып сұрауға рұқсат етілмейді.
Жүрістерді есептегенде отауларды қол жүгіртіп есептеуге, қазандағы немесе отаулардағы құмалақтарды шұқып немесе алақанға салып санауға жол берілмейді.
Ойын кезінде әрбір жүріс белгілі бір жоспарды жүзеге асыру үшін жасалатындықтан, ойыншы отауда жатқан құмалақтарды қолына алатын болса, сол отаудан міндетті түрде жүру керек. Егер ойыншы отауда жатқан құмалақтарды реттеп қойғысы келсе, алдын ала: «реттеп қоямын» деп ескертуі қажет.
Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамастан бұрын, оны ойша бірнеше рет мұқият тексеріп, дұрыс деп тапса, қағазға жазып алғаннан кейін ғана жүруі
керек. Ал сол жүрістен бірнеше құмалақ ұтылып қалған жағдайда, жасалған жүрісті қайтып алуға немесе қайтарып беруге рұқсат етілмейді.
Егер ойын басталып кетіп, бірнеше жүріс жасалғаннан кейін кейбір отауларға құмалақтардың артық тасталғаны, немесе тасталмай кеткені байқалса, ойын басынан тексеріліп, айыпты ойыншыға ескерту жасалады да тиісті жерден қайтадан басталып ойналуы керек.
Жаңадан үйренушілер «Тоғызқұмалақ» ойынының ережесімен қатар, осы нұсқауларды да жақсы білуі керек. Табиғатты тым қызғылықты боп келетін
«Тоғызқұмалақ» ойынының барлық тәртібін тек жарыстарда ғана емес, сонымен бірге барлық жай кездесулерде де сақтай білудің жақсы нәтижелерге жеткізетіні даусыз.
«Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелгі әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың реттік саны мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін, яғни соңғы құмалақтың дәл қай номерлі отауға барып түсетіндігін керсете алатындығы. Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының отаудағы құмалағы сенің ашық отауына қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет