Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер



бет12/14
Дата12.11.2022
өлшемі101.5 Kb.
#464657
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
қиындықтар

б, д, ғ, г ұяңдарына аяқталмайды деп тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан сөздерінде ы, і әріптерін пайдалануды ұсынады. Сөйтіп, осындайбағыттардың үрдісінен ы, і әріптерін қысқартып жазудың мынадай сатылары болды:
І-саты. Соңғы буынында қысаң дауысты бар түбірге құрамында ашық дауысты бар қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, і әріптерінің түсіріліп жазылуы. Мысалы, бүйір – бүйрек, дәуір – дәурен, ерін – ернеу, бауыр – баура, бауыр – баурай, жиын – жина, қорық – қорқа, қойын – қойнау, мойын – мойнақ, қайыр – қайрақ, күйіс – күйсе, айыр – айран, үрік – үркек, қиын – қина, жалық – жалқау, жайыл – жайлау, жайла, қайыр – қайрақ, қайра, қорық – қорқақ, қорқу, қорқыт, сарын – сарна, зорық – зорға, ойын – ойнақ, ойын – ойна, жұрын – жұрнақ, түйін – түйнек, сарық – сарқы, жалық – жалқау, жайыл – жайла, көрін – көрнеу, жерік – жеркен, көрік – көркем, сары – сарғай, орын – орна, уақыт – уақтылы, қырық – қырқыншы, айыр – айрықша, ресім – ресми, алты – алтау, жеті – жетеуБұл саты қазақ орфографиясында дау тудырмайды.
ІІ-саты соңғы буында қысаң дауыстылары бар түбірге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын жалғағанда ы, і әріптерінің түсірілуімен байланысты: мойын – мойны, ауыз – аузы, дауыс – даусы, ерін – ерні, құлық – құлқы, бөрік – бөркі, көрік – көркі, мүлік – мүлкі, халық – халқы, ерік – еркі, қарын – қарны, сиық – сиқы, қайын – қайны, кеуіл – кеулі, қалып – қалпы, әліп – әлпі, ғұрып – ғұрпы, қырық – қырқы, әріп – әрпі, мұрын – мұрны, сұрық – сұрқы, шырық – шырқы, қайын – қайны, нарық – нарқы, парық – парқы, ырық – ырқы, тәйір – тәйрі, тәрік – тәркі. Бұл орфограммалар 1929ж. емле ережелерінде қабылданғанмен, 1988ж. Емле сөздігімізде ғана кодификацияланды. Біраққысаңдауыстыларды үнемдептаңбалаудыңосысатысындапроблемаболды.Ол Н.Уәлиұлының айтуы бойынша

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет