Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер



бет9/14
Дата12.11.2022
өлшемі101.5 Kb.
#464657
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
қиындықтар

нікі жұрнағы бар сөздерде, парсы тілінен басқа тілден енген кірме сөздерде үндестік сақталынбайды» және «үндестік заңына бағынбайтын сөздер айтылуы бойынша жазылады (бірақ, кітап)» делінді (Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі, Орынбор, 1925.). Таңғаларлығы деп отырғанымыз, үндесіммен айтылмаған сөздер ендеше, осылай орта үндесім болып дыбысталғаны ғой. Яғни айтылуда бұл сөздер бейүндес емес: [қ'а'дір], [кіт'а'п], [қ'а'те], [м'үғ'әлім], [қ'а'зір], [б'ір'әқ'], [қ'ізмет], [қ'а'б'лет], бірыңғай жіңішке немесе бірыңғай жуан емес, тіл ортасы қалпын сақтап айтылады.
Түркі халықтарының ішінде тілдің ата заңын қағазға бекіткен жалғыз қазақ халқы десек, осы қатарды да бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке жазуға болатын еді. Бірақ олай болмаған. Ендеше алғашқы ережені қазақ тілінің үндестік заңын бұзған ереже емес, жуан үндесім мен жіңішке үндесім арасында аралық үндесім бар екенін жазу арқылы заңдастырған ереже деп танимыз.
Мәселе мынада. Сөз жеке тұрып болмаса түбір қалпында ғана жұмсалмайды. Ал сөздің түбір тұрпатын грамматикалық тұлғалары анықтайды. Мысалыға қадір, кітап, қате, мұғалім сөздері қадырлану, қадырлары өту, қадырына жету болмаса, кәдірлену, кәдірлері өту, кәдіріне жету; қытаптар, қытапқа, қытабы болмаса, кітәптер, кітәпке, кітәбі; қатасы көп, қаталасты болмаса, кәтесі көп, кәтелесті; мұғалымға, мұғалымдар, мұғалымы немесе мүгәлімге, мүгәлімдер, мүгәлімі болып айтылмайды, я жергілікті сөйлеу ерекшеліктерінде кездеседі.
1929ж. емле ережесі қазақ жазуы тіліміздің басты заңдылығы – үндесім заңына табан тірейтінін, оны қазіргі ережедегідей сөздің соңғы буынына ғана қатысты емес, сөздің бүкіл өнбойына (түбір, қосымша) қатысты алатынында жатыр.
4) Сол сияқты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет