Әліпбиі– 28 қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарымен бірге шығыс тілдерінен енген сөздердің жазылуындағы дәстүрлілікті сақтау үшін һ, ф әріптерін және орыс тілі арқылы енген шеттілдік сөздерді орыс тілінің орфографиясына сай жазу үшін в, ц, щ, ч, э, ю, я, ё, ъ, ь, х таңбаларын үстемелеп алып, 31 әріптің орнына 42 әрпі бар, проф. Н.Уәли сөзімен айтқанда, екібасты құбыжық әліпби.
Орфографиясы – 1925, 1926, 1929ж. емле конференцияларында қабылданып, кейін орыс орфографиясының ережелеріне салынып жазылып кеткен, қазақ тілінің дыбыс үндестігіне негізделіп жазылады деген басты заңдылығынан айырылып келе жатқан емле.
Емле ұстанымы. Кез келген жазуды қалыптандыру үшін алдымен емленің басты ұстанымдарын (орфография принциптерін) белгілеп алудың жөні бар. Сондықтан қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу қиындылығымен өлшенді десек, бұл маңызды міндетті А.Байтұрсынұлы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкенін көреміз:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу» (А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., 1991). Және осы айтқанын ғалым “Сөздіңауызданшығуының өзіекітүрліболады. Сөйлегендесөздербір-бірінежалғасаайтылғандабіртүрлі, әрсөздіоңашажекеалыпайтқандаауызданекіншітүрліболыпшығады”деп айқындаған екен.
Бірақ қазақ жазуының даму, қалыптасу кезеңдеріне зер салсақ, емле мен әліпбиді жетілдіру сол жазу тарихымыздың алғашқы тәжірибелерінде айтылып, қабылданып, кейін ескерілмей, ұмыт қалдырылған тұстарды қалпына келтіру, қайта қарау негізінде жүргізіліп келетінін көреміз.
Біртіндеп таратсақ:
1) алғашқы латын графикасына негізделген жазуымыздың емле ережелерінде (1924, 1926, 1929жж.) және алғашқы емле сөздіктерінде (1941,1948ж.) сөйлеуші санасында бір ұғым болып табылатын сөздер
Достарыңызбен бөлісу: |