а> екендігін көрсететін белгі /сигнал/ ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады деп қарауға болады» (Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.).
Бүгінде жазу практикасы мен нормасы арасындағы қайшылықтан арылу үшін 2005-те орфографиялық сөздік атанған сөздерге тек барыс септігі мен көптік жалғауын жуан вариантта, қалған жалғауларды жіңішке вариантта жалғауда заңдастырды.Екінші буында [ә] естілетін түбірлер /ә/ - әрпімен жазылып, барыс, шығыс, көптік жалғауларынан және етістік тудыратын жұрнақтан (лан) басқа қосымшалар жіңішке жалғанатын болды. Яғни 2000 жылға дейін әртүрлі жазылып келген осы қиындық орфографиясының фонетикалық принципіне сай дыбысталуынша жазылады, яғни [күмәндәніп], [кінәләрің], [күуәләндіру] деп айтылатын сөздердің үшінші, соңғы буында /ә/ әрпімен жазылмайтынын қазіргі кез келген тілтұтынушы біледі: куәлік, куәлі, куәсіз, куәсі, бірақ куәсіна, куәландыру, куәға, куәлар, куәдан; күмәнді, күмәнсіз, күмәнділік, күмәні, бірақ күмәндану, күмәнға, күмәндар, күмәніна, күмәннан; кінәлі, кінәсіз, кінәсі, бірақ кінәға, кінәлар, кінәсіна, кінәсінан, кінәдан, кінәлану, шүбәлік, шүбәлілік, шүбәсіз, шүбәсі, бірақ шүбәлану, шүбәға, шүбәсіна, шүбәлар, шүбәдан.
3) Үндесім заңы. Қазақ жазуына құбыжық ретінде қарайтындардың енді бір уәжі – қазір, кітап, мектеп, қате, қадір, қайтіп, қайтсе, күнәкар, кінәрат, бірақ, қызмет, құдірет, құзірет, қабілет сөздерінің үндесім заңына бағынбай жазылатыны, сөйтіп, қазақ тілінің сөз сазын өзінің жазуы бұзып келе жатқаны. Ата буын өкілдері біледі: аталған сөздердің осы тұрпатта жазылуы орыс жазуына көшкенде емес, 1929ж. латын жазуы тұсында белгіленді. Латын жазуы алдыңғы қазақ жазуларына (көне түркі, араб, төте жазу) қарағанда «өте» дыбыстық жазу болды. 1924ж. Орынборда өткен конференцияда қазақ емлесінің негізі үндестік заңынан шығарылды. Жазу сөздің үндесім нормасына жақын жазылатыны белгіленді. Бірақ, бір таңқаларлығы, ереженің 1-бабының 1-ескертуінде-ақ «
Достарыңызбен бөлісу: |