Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері №1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар



бет26/50
Дата15.12.2023
өлшемі0.54 Mb.
#486665
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы-emirsaba.org

Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар.Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық қабілеті жағынан әр түрлі.
Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды т.б.Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты -ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай). Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра.
Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз.
1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар -лы, -лі: қамысты көл, сулы жер, таулы жер, балалы әйел, білімді адам, орманды тау, пайдалы жұмыс, қарлы қыс, жауынды күз т.б. Мысалы, Таулы жерде өскен адамның ойы да биік болады (С.Мұқанов).-дар: хабардар, қарыздар.2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар -паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз, әсемпаз. 

-и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби. Мысалы, Тарихи деректерге сүйенеміз (газеттен).


3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар -ыр, -ір: сылбыр, болбыр.
-ак,: жалтақ, бұлтақ.
-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ.
-тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал
-қой, -гөй: жанжалқой, жәдігөй, әзілқой
-қор: мансапқор, бейнетқор, қамқор, парақор, намысқор
-шыл, -шіл: ұйымшыл, уайымшыл, өзімшіл, зорлықшыл, тұрашыл, сауықшыл, ойшыл
-лы, -лі: арлы, инабатты, әдепті, байыпты, икемді
-шаң, -шең: сөзшең, ашушаң
-уар: сөзуар
4. Мезгіл мәнді жұрнақтар

-ғы, -гі: күзгі, көктемгі, түнгі, күндізгі, жазғы, қысқы, түскі -лық, -лік: апталық, жылдық, тәуліктік. Мысалы, Таудан сокқан күзгі салқын ызғар мінездердің ызғары тәрізді (М.Әуезов).


5. Мекендік мәнді жұрнақ
-ғы, -гі: ауызғы (бөлме), төменгі, төргі, жоғарғы, түпкі.
-ғын: тұрғын (жай). Мысалы, Тұрғын үйлер әуелі үйлі-баранды адамдарға берілген (М.Ғабдуллин).
6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ -сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, баласыз, түйсіксіз, ақылсыз.
Мысалы, Бұл өмірден алаңсыз сәби жатыр бесікте, ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын есітпе (М.Мақатаев).
-дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай, сүттей. Мысалы, Айдай әлемге әйгілі. Ардақтың уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді (Ғ.Мұстафин).
7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақтар
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас, көршілес, іргелес, әріптес, дәмдес, кәсіптес. Мысалы, Ол өзімен тендес адамдармен айырылыспауды арман ететін (Ғ.Мүсірепов).
-лық, лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік, қарындастық. Мысалы, Бұл — менің әкелік міндетім (С.Мүқанов).
8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар
-тақ: тастақ, солқылдақ (кереует), былқылдақ (орындық), құмдақ, мұздақ. Мысалы, Тастақ жер өнім бермес (газеттен).
-ы, -і: казақы, арабы (киім), қырмызы
-ақ, -ек: жалпақ, бұрқақ, бұлтақ
-лық: майлық, сулық. Мысалы, Майлық, сулық орамалдар дайын (сөйлеу тілінен).
9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ
-лық, -лік: азаматтық, ақтық (күш), дүниелік, шетелдік, кісілік, өмірлік, азаттык, куаныштық, жеңілдік, ауырлық.
-тек: жеңілтек, тапалтақ
-қыр, -кір: ұшкыр (киял), өткір (сөз), алғыр (ой)
-дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес
-лы: сыйлы, құрметті, бақытты, саналы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет