Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет15/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Немістер – Германияның негізгі халқы жəне əлемнің басқа да елдерінде тұрады. Өздерін «дойче» деп атайды. Олардың Қа- зақстан территориясына келуінің біраз бөлігі Ресейдегі столы- пиндік аграрлық реформа (1906 – 1910 ж.) кезінде келді. Атал- мыш аграрлық реформа кезінде Ресейге келген немістер қазақ жеріне де ене бастады. Алғашқы неміс қауымдастығы Ақмола облысының Омбы уезінде құрылды. 1915 жылдың өзінде Ақмола губерниясында 260 мың десятина жері 27 мыңнан астам халқы бар 56 неміс елді мекені тіркелген. Олардың көпшілігі «колонис- тер» ретінде танылды.

Одан кейін 1941 жылы тамыз айынан бастап Поволжьеде- гі Неміс АКСР-і Ұлы Отан соғысының басталуына байланыс- ты таратылған соң келе бастады. Сол жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанға 349 мың 713 неміс күштеп көшіріліп əке- лінді. Жалпы алғанда 700-800 мың неміс халқы депортацияға ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары да немістер қатал тəртіп жағдайындағы бақылауда болды. Ол шектеулер кейіннен 1955



«Фройндшафт» газеті – неміс халқының қазақ жерінде өз тілде- рінің құрмет тұтуларының белгісі. Қазіргі таңда «Дойче Альге- майне Цайтунг» атты республикалық неміс газеті шығарылады.

«Гутен Абенд» атты «Қазақстан» теледидарынан хабар жүреді. 1958 жылдан Қазақ радиосында неміс редакциясы жұмыс іс- тейді. «Феникс» атты əдеби-көркем бағдарлама беріліп отырды. 1997 жылдан Германияда ТМД елдеріндегі этникалық немістер тұрмысымен таныстыратын «Евроазиатский курьер» атты басы- лым жарық көрді. 1989 жылы «Возрождение» атты неміс қоғамы


жəне неміс мəдени орталығы құрылды. 1992 жəне 1995 жылдары қазақстандық немістердің съезі болып өтті. 1994 жылы Алматы қаласында «Неміс үйі» ашылды. «Возрождение» атты неміс қоға- мының басшылығымен Астана қаласында балабақша, бастауыш сыныптар, гимназия ашылды. Қоғам жанында неміс кітапханасы, жексенбілік мектептер жұмыс істейді.

1999 жылы елімізде 353441 неміс тұрды. Соның ішінде: Қа- рағанды облысында – 57229, Ақмола облысында – 52334, Пав- лодар облысында – 43835, Солтүстік Қазақстан облысында – 41157, Шығыс Қазақстан облысында – 32141, Алматы облысында



  • 18927, Ақтөбе облысында – 10721, Атырау облысында – 687, Жамбыл облысында – 11394, Астана қ. – 9591, Алматы қ. – 9390, Оңтүстік Қазақстан облысында – 5261, Батыс Қазақстан облы- сында – 2434, Маңғыстау облысында – 554, Қызылорда облысын- да – 376 неміс мекендеген.

Қазіргі таңда Қазақстанда 178 409 неміс халқы бар. Соның ішінде: Қарағанды облысында – 57229, Павлодар облысында – 43835, Солтүстік Қазақстан облысында – 41157, Шығыс Қазақ- стан облысында – 32141, Ақмола облысында – 30124, Алматы об- лысында – 12835, Ақтөбе облысында – 6693, Жамбыл облысында

  • 6695, Астана қ. – 10263, Алматы қ. – 7935, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3713, Батыс Қазақстан облысында – 1496, Атырау облысында – 544, Маңғыстау облысында – 436, Қызылорда облы- сында – 203 неміс тіркелген.

Ұйғырлар – Орта Азиядағы ежелгі түркі тектес халықтардың бірі. Олардың тарихи отаны – Шығыс Түркістан, қазіргі Қытай Ха- лық Республикасындағы Шыңжан Ұйғыр автономиялы ауданы.

Ұйғырлардың Қазақстан территориясына келуі 1881 жылы 12 ақпандағы Санкт-Петербор шартына сай дүнгендермен бірге Іле өлкесіне қоныс аударылған болатын. Ұйғырлардың өзі Қы- тай жеріндегі репрессиядан қауіптенді. Ал Ресей патшалығы ұйғырларға жер беруге, салықтан босатуға уəде берді. Сөйтіп, 1881 жылдан Құлжа өлкесінен ұйғырлардың миграциясы бастал- ды. Бұл кезде Қазақстанға 45373 ұйғыр келіп қоныстанды. Ал 1883 жылы Қазақстанға Қытайдан 9572 ұйғыр отбасы (45373) жəне 1147 дүнген отбасы (4682) қоныс аударды. Жетісуға ұйғыр- лар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге бөлінді. 1897 жылы қоныстанғандар санында ұйғырлардың саны 55999 адамға жетті. 4477 ұйғыр отбасы (19209 адам) Жаркент ауданына, Шарын мен


Өсек өзенінің бойына, қалған үлкен бөлігі – 5275 отбасы (26164) Верный уезіне, Шелек жəне Талғар өзендерінің арасына қоныс- танды. Ұйғырлар мен дүнгендер қазақтардан алынып берілген шұрайлы жерлерге қоныстандырылды.

Ұйғыр этнонимі өзінің тұрған мекеніне қарай қашқарлық, жаркенттік, тұрфандық, ақсулық деп ерекшеленеді. Ал ортаазия- лық ұйғырлар жалпы атпен жетісулық жəне ферғаналық болып бөлінеді. Сонымен қатар Іле өңіріндегі ұйғырлар əлеуметтік-тұр- мыстық белгілеріне қарай «тараншы» – «егінші, диқаншы» деп аталды. Қазақстанда 7 «тараншы» болыстығы құрылған болған. Олар: Жаркент-Тараншы, Ақсу-Шарын, Малыбай, Қорам, Қара- су, Кетмен, Ақкент. Осы болыстықтың бəрі қазіргі Алматы облы- сының солтүстігінде орналасқан.

Бұл халық отырықшы шаруашылықпен айналысты. Ұйғыр- лар елімізде болып жатқан тарихи оқиғаларымызға, еліміздің са- яси өміріне қатысып отыр. ХІХ ғасырда кəсіпкер ұйғыр В. Юлда- шевтың Жаркентте ағаштан шегесіз салған мешіті ерекше сəулет ескерткіштерінің бірі болып саналады. 1930 жылы Шелек ауда- нының Қорам ауылында, Дружба, Заря, Восток, Сұлтанқорған ауылдарында мешіттер салынды.

Қазақстанда ұйғырлар, негізінен, Алматы облысының Алма- ты жəне Жаркент қалаларында, Ұйғыр, Панфилов, Қарасай, Тал- ғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Жамбыл, Шымкент, Аягөз қалаларында орналасқан. 1999 жылы Қазақстанда 210365 ұйғыр тұрды. Соның ішінде: Алматы облысында – 140725, Алматы қ. – 60427, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3258, Жамбыл облысын- да – 2569, Шығыс Қазақстан облысында – 1389, Павлодар облы- сында – 251, Ақмола облысында – 240, Астана қ. – 161, Солтүстік Қазақстан облысында – 115, Ақтөбе облысында – 105, Маңғыстау облысында – 63, Атырау облысында – 41.

Соңғы 2009 жылғы халық санағы бойынша республикада 224 713 ұйғыр тіркелген. Жоғарыда көрсетілгендей, олардың басымы (95,6%) Жетісуда мекендейді. Атап айтсақ, Алматы облысында


  • 155158, Алматы қ. – 80529, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3784, Жамбыл облысында – 2783, Шығыс Қазақстан облысында

  • 1450, Астана қ. – 630, Павлодар облысында – 273, Ақмола облы- сында – 269, Солтүстік Қазақстан облысында – 143, Маңғыстау облысында – 131, Қызылорда облысында – 124, Ақтөбе облысын- да – 120, Атырау облысында – 62 ұйғыр бар. «Ұйғыр авази», «Йе-

ни Һаят» республикалық газеттері ұйғыр тілінде, сонымен қатар радио-теледидар хабарлары жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет