Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет17/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Поляктар Қазақстанға əртүрлі себептермен ХVІІІ-ХІХ ға- сырларда келе бастады. Бұлар азаттық қозғалысқа қатысқан, жер аударылған, қоғамдық жағдайлары жəне жас шамалары əртүрлі бірнеше саяси топқа жататын адамдар. Поляк жер аударылғанда- ры ішінде ақындар, жазушылар, суретшілер болды. Жер аударыл- ғандар Қазақстанның географиялық-жағрафиялық, ботаникалық жəне зоологиялық жағдайын, қазақ халқының этнографиясы мен тарихын, поэзиясы мен музыкасын зерттеп, үйренуге елеулі үлес қосты. Олардың қатарында А. Янушкевич, Б. Залесский, Г. Зе- линский, Я. Виткевич, В. Нодзевецкий жəне т.б. еңбектері мен атқарған істерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ тұрмыстық бұйымдары мен олардың тұрмысы мен мəдениетінен көрініс бе- ретін бірнеше фотосуреттер «Поляки в Казахстане» атты кітапқа енгізілген.

Поляктардың Қазақстанға жаппай қоныс аударылуы кеңес- тік кезеңде іске асырылды. Украина мен Белоруссияның Поль- шамен шекаралас аудандарынан 1936 жылы жер аударған 36 мыңнан аса поляктардың бір бөлігі Қазақстанға келді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда эвакуацияланған поляктар тұрды.

1999 жылы елемізде 47 297 поляк халқы мекендеді. Олардың көбі Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда тұрды. Соның ішін- де Солтүстік Қазақстан облысында – 18757, Ақмола облысында


  • 11404, Қарағанды облысында – 5572, Қостанай облысында – 2357, Астана қ. – 2537, Павлодар облысында –1447. Оңтүстікте, Алматы облысында – 2106, Алматы қ. – 1254, Жамбыл облысын- да – 378, Оңтүстік Қазақстан облысында – 264, Қызылорда облы- сында –35. Еліміздің басқа өңірінде келесі санды құрады: Шығыс Қазақстан облысында – 498, Ақтөбе облысында – 336, Атырау облысында – 32, Батыс Қазақстан облысында – 243, Маңғыстау облысында – 77 поляк болған.

Қазіргі таңда Қазақстанда (2009 ж.) 34 057 поляк халқы ме- кендейді. Олардың едəуірі солтүстік жəне орталық өңірлерде тұ- рады. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында – 15343,
Ақмола облысында – 9242, Қарағанды облысында – 4659, Аста- на қаласында – 3142, Қостанай облысында – 1845, Павлодар об- лысында –1447. Оңтүстікте, Алматы облысында – 2106, Алматы қаласында – 1181, Жамбыл облысында – 270, Оңтүстік Қазақстан облысында – 202, Қызылорда облысында – 25. Көрсетілген ба- ғыт республиканың басқа да облыстарына тəн, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында – 346, Ақтөбе облысында – 250, Батыс Қа- зақстан облысында – 152, Маңғыстау облысында – 62, Атырау об- лысында – 27 поляк тұрады.

Қазақстанда «Вензь» ұйымы жəне поляк мəдени орталығы құрылған. Олар поляқ тілі мен мəдениетін насихаттайды. Респуб- ликада 40 шақты поляк мұғалімі жұмыс істейді. Алматы қаласын- да №23 мектепте поляк тілін оқытатын арнайы сынып ашылған.



Күрдтер – Батыс Азиядағы ежелгі халық болып саналатын Таяу Шығыстағы этностардың бірі. Негізгі территориясы Иран, Ирак, Сирия жəне Түркия шекарасы арасындағы Күрдістан де- ген жер. Закавказье мен Армения территориясына енетін күрд- тердің мəдени ошақтар, атап айтқанда, күрд тілінде кітаптар мен газет-журналдар шығаратын баспаханалық, радиохабарлар жұмыс істей бастаған. 1923 жылы Əзірбайжан құрамында Күрд Автономиялы республикасы құрылған болатын. Бүгінге əлемде 40 млн-нан аса күрдтер бар. Олар өзіндік мəдениеті мен бірнеше ғасырлық тарихы арқылы ерекшеленеді. Мəселен, 1936 жылы күрдтер өздерінің ғасырлар бойы арманы өз тағдырлары тура- лы мəселемен бой көрсеткені үшін сталиндік қудалауға ұшырап,

«сенімсіз халықтар» тобына жатқызылды. Осы кезден бастап оларға қарсы репрессия науқаны жүрді. Олар 1937 жылы Арме- ния мен Əзірбайжаннан Орта Азия мен Қазақстанға И.В. Ста- лин саясатының «сенімсіз халықтардың» бірі ретінде жер ауда- рылған. Ал 1944 жылы Орта Азия мен Қазақстанға Грузиядан күрд мұсылмандар жер аударылды. Сонымен қатар Əзірбайжан- да қалғандары репрессия зұлматынан күдіктеніп, өздерінің төл- құжаттарын тез арада ауыстырып, əзірбайжан болып жазылды.

1999 жылғы халық санағы бойынша республикада 32 764 күрд тұрды. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанда мекен- дейді, атап айтқанда: 2009 жылы Қазақстанда 38 325 күрд тұрады. Алматы облысында – 13264, Жамбыл облысында – 10855, Оңтүс- тік Қазақстан облысында – 6661, Алматы қаласында – 1356. Ал 2009 жылы елімізде 38 325 күрд болды. Бұрынғы демографиялық
бағыттай, күрдтер аталмыш үш облыста орналасты: Алматы об- лысында – 15348, Жамбыл облысында – 13220, Оңтүстік Қазақ- стан облысында – 8187, Алматыда – 2251 күрд қоныстанған.

Шешендер – Кавказ өңіріндегі саны жағынан көп этностар- дың бірі. Олар Ингушетияда, Дағыстанда, Грузияда, Шешенстан- да тұрады. VII ғасырдағы армян деректерінде «нахчаматьян» де- ген атаумен кездесетін шешендер жеке территориялық аймақтарға бөлініп, таулы аймақтарда тұрды. Шешендерді Ресейдің орталық басқару əкімшілігі назардан тыс қалдырмай, олардың талаптарын орындап отырды. Мəселен, 1917 жылдың өзінде-ақ Кеңес өкіметі олардың өтініштері бойынша казактандырылған Терек казак ок- ругін ешбір жерін жоғалтпай қайтаруға мəжбүр болды.

Қазақстан мен Қырғызстанға олар Шешен-Ингуш АССР- ынен 1944 жылы 23 ақпанда фашистік оккупациялықпен бай- ланысы бар деген желеумен күштеп көшірілді. Шешен-Ингуш АССР-ынің территориясы Солтүстік Осетия жəне Дағыстан АССР-ына бөлінді. Тоталитарлық күштеп депортациялау кезінде чекистік террордан, суықтан, аштықтан, індеттен көптеген ше- шен қаза тапты. Қазақстанға келіп жеткендерінің саны – 477 809 болды. Олардың өмір сүру режимін бақылау мақсатында НКВД- дан 429 арнайы комендатур құрылды. 1955 жылдан бастап шешен тілінде газет, радиохабарлар шыға бастады. 1957 жылдан бастап шешендердің бір бөлігі өздерінің тарихи отанына қайтып орал- ды. 1995 жылы «Вайнах» атты шешен жəне ингуш халықтары- ның мəдениетті дамыту ассоциациясы құрылды. Қазақстандық шешендер – өз салт-дəстүрлерін бұзбай сақтаған этностың бірі.



1999 жылы республикада 31799 шешен тұрды. Соның ішін- де: Алматы облысында – 6091, Қарағанды облысында – 4660, Ақ- мола облысында – 3149, Жамбыл облысында – 2438, Алматы қ.

  • 2304, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2260, Қостанай облы- сында – 2167, Павлодар облысында – 1767, Шығыс Қазақстан об- лысында – 1690, Ақтөбе облысында – 1379, Солтүстік Қазақстан облысында – 919, Астана қ. – 752, Қызылорда облысында –742, Батыс Қазақстан облысында –714, Маңғыстау облысында – 655, Атырау облысында – 112.

10 жыл өткеннен кейінгі келесі халық санағында олардың са- ны 31 431 адамды құрды. Соның ішінде: Алматы облысында – 6352, Қарағанды облысында – 5585, Ақмола облысында – 3536, Жамбыл облысында – 2548, Алматы қаласында – 3055, Оңтүстік
Қазақстан облысында – 2481, Қостанай облысында – 2405, Пав- лодар облысында – 1767, Шығыс Қазақстан облысында – 1714, Батыс Қазақстан облысында – 1695, Ақтөбе облысында – 1494, Астана қаласында – 1139, Солтүстік Қазақстан облысында – 1098, Маңғыстау облысында – 811, Қызылорда облысында – 733, Аты- рау облысында – 142.

Гректер: ромес, эллинес – Грекияның байырғы халқы. Ал- ғаш рет гректер қазақ жеріне 1920 – 1930 жылдары темекі ша- руашылығын өңдіруге Жетісу өлкесіне келді. Қазақстанға КСР МҚҚ-нің 1944 жылғы 2 маусымындағы қаулысы бойынша Қара- теңіз жағалауынан зорлықпен жер аударылған. 1949 жылы елі- мізге халық-азаттық көтеріліске қатысушылар саяси эмигранттар ретінде келді. Жалпы алғанда, олар республиканың оңтүстік об- лыстарында тұрады. Мысалы, 1999 жылы Жамбыл облысында – 2024, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1685, Алматы қ. – 1545, ал басқа аймақтарда тек қана Қарағанды облысында көбірек кезде- седі – 2408. Аталмыш халық санағы кезінде олардың саны 12703 тұрғынға жетті. Егер 2009 жылғы санаққа келсек, онда демогра- фиялық көрсеткіші келесідей: Қарағанды облысында – 1851, Ал- маты қ. – 1221, Жамбыл облысында – 1102, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1036 грек мекендеген. Ал олардың жалпы саны са- ны 8846 адамды құрады.

Қазақстан қоғамындағы демографиялық өзгерістер нəтиже-

сінде шағын этностар тілінде шығатын ақпарат құралдарының саны көбейді. Бұл үрдіс халықтың білім деңгейіне оң ықпал етті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 11 ұлттың тілінде газеттер мен журналдар шығарылып, 44 телестудия 12 тілде жəне 18 радио- студия 7 тілде бағдарлама жүргізеді. Сөйтіп, БАҚ арқылы ұлттық өрлеу мен дамуға қажетті жағдай жасалды. Жыл сайын баспадан мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана аз ұлттар тілінде жал- пы таралымы 80 000 дананы қамтитын 30-ға жуық кітап шыға- рылды. 2000 жылы мамыр айында қоғамдық-саяси «Достық» жу- налы жарық көрді, оның редакциялық алқасына республикалық ұлттық-мəдени орталықтар жетекшілерінің барлығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері енген.

Республикада 77 мың 200 оқушысы бар 78 өзбек мектебі,

22 мың 300 оқушысы бар 14 ұйғыр мектебі, 2 мың 500 оқушы- сы бар 3 тəжік мектебі, 100 оқушысы бар 1 украин мектебі сабақ жүргізеді. Республикада əртүрлі этностық бағытта 373 музыка-
лық, 41 көркемөнер, 97 ұлттық өнер мектептері жұмыс істейді. Республикада 27 республикалық жəне аймақтық ұлттық-мəдени бірлестіктер құрылған. Олардың 352 облыстық жəне аудандық бөлімшелері.

Алайда Қазақстан егемендік алу кезеңінен бастап əр ұлттың өз эпицентріне тартылу процестері басталып, республикадан бас- қа ұлттардың көшіп кетуі байқалғаннан соңғы бірнеше жылда кө- ші-қон барысының біршама баяулады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет