Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


– 1999 жылдардағы Қазақстанның ішкі көші-қон процестері



бет20/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

1959 – 1999 жылдардағы Қазақстанның ішкі көші-қон процестері

Қазақстандағы миграциялық үдерістердің eкі түрін алып қа- растырамыз: бірінші түрі – ішкі миграция (халыктың республи- ка ішіндегі облысаралық қозғалысы) жəне екінші түрі – сыртқы миграция (республика территориясына сырттан, басқа мемлекет- тен қоныс аударушылар).

1959 – 1970 жылдар аралығындағы уақытта Қазақстанның ішіндегі республикааралық миграция 24%-ға өсті. Миграцияның облысаралық артуы Батыс Қазақстан аймағында, Оңтүстікте, Солтүстікте жоғары басымдық танытты. Келген мигранттар мен кеткен мигранттардың аталған аймақтардағы пайыздық көрсеткі- ші 1959 – 1970 жылдары 124%-дан 148% аралығына жетті.

Республикадағы халық шаруашылығының шапшаң қарқын- мен өсуі, өнеркəсіптің жаңа салаларының шығуы, табиғат бай- лықтарының игерілуі қосымша еңбек ресурстарын талап етті, əрине, Қазақстанға, басқа сырттан, енбекшілерді тарту ұйымдас- қан жоспарлы миграция түрінде жүргізілді деп ұрандағанымен, бұл саясат стихиялы түрде өрістеді.

Республикаға өнеркəсіп кəсіпорындарына, құрылыстарға 1960 жылдары ұйымдасқан «жоспарлы миграция» атын жамы- лып Ресейден, Молдавиядан, Украинадан, Белоруссиядан жəне т.б. республикалардан жүздеген мыңға жуық адам Қазақстанға келді. Қазақ халқының қоныс аударып, жылжу қабілеті еуропа- лықтарға қарағанда əлсіз болғанымен көрші Орта Азия халықта- рынан 2-3 есе басымдығы артты.

Халықтық миграциялық қозғалысты таразыласақ, орта жас- тағылар мен қартайғандарға қарағанда, жастардың, əйел адам- дармен салыстырғанда ерлердің, ауыл түрғындарына қарағанда, қалалықтардың қоныс аударуға бейім екенінің байқалуы, табиғи өсімі мол халықтардың табиғи көбеюі, аз халықтарға қарағанда коныс аударуға онша бейім емес екені анықталады.


Қазіргі кезеңде қазақтардың ауылдан қалаға ауысу үрдісі же- дел жүріп жатыр. Ол екеуін дəнекерлеп отыратын процесс – урба- низация 1989 жылдары 1970 жылдарға қарағанда жедел өрістеді. Облысаралық көші-қон келесідегідей көрініс табуда. Егерде 1980 жылдары қозғалыс солтүстік жəне солтүстік-шығыс аймағы- нан республиканың оңтүстігіне бағытталса, ал 1990 жылдардың

басынан көші-қон ағымы оңтүстіктен солтүстікке бағытталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет