Көші-қонға байланысты жалпы түсініктемелер.
1959 – 1999 жылдардағы Қазақстанның ішкі көші-қон процестері.
1989 – 2009 жылдардағы Қазақстанның сыртқы көші-қон про- цестері.
Ішкі көші-қонның негізгі үрдістері мен факторлары
Көші-қонға байланысты жалпы түсініктемелер
Көші-қон деп халықтың барлық əлеуметтік мəнді орын ауыс- тыруларын, территориялық жылжуын айтады. Халықтың қолайлы көші-қоны экономикалық жəне əлеуметтік қозғалысының міндет- ті шарты болып табылатыны белгілі. Көші-қонды ерекшеліктері- не қарай иммиграция (елге тұрақты жəне уақытша тұруға келу), эммиграция (елден тұрақты қоныс аударып кету) жəне республика ішілік көші-қон деп бөлінеді. Республика ішілік көші-қон облыса- ралық жəне ауданаралық болып бөледі. Көші-қонның адамзат та- рихының өн бойында жүре отырып, қоғамның əлеуметтік-эконо- микалық жəне саяси даму барысында өзіндік орын алады.
Тұрғындардың көші-қоны мен олардың орналасуының шық- қан жəне барған жерлеріндегі этнодемографиялық процестер- дің дамуына əсері зор. Егер халықтар санының динамикасына негізінен eкi фактор – этнодемографиялық (туу, өлім) жене эт- нотрансформациялық (ассимиляция, консолидация) əсер етсе, еліміздің территориясында халықтар санының өзгеруіне ұлттар миграциясы да өз əсерін тигізеді. Көші-қон квотасы, көші-қон үлестемесі дегеніміз отанына көшіп келуші оралмандардың əр мемлекеттің үкіметі белгілеген жыл сайынғы мөлшерлі саны өсіп келетінін білдіреді.
Миграция (көші-қон) – əлеуметтік, экономикалық, демог- рафиялық жəне этникалық процестердің дамуына айтарлықтай əсер ететін күрделі көп функциялы көрініс, ұлты əртүрлі адам- дардың араласуы, аймақтағы, қаладағы, ауылдағы халықтардың əлеуметтік-этникалық кұрылымын өзгертуші фактор, сонымен қатар этникалық топтардың, арақатынас тепе-теңдігін бұзып, ұл- таралық аралас некенің көбеюіне алып келетін күрделі құбылыс.
Əр ұлттағы мигранттар белгілі бip тілде сөйлейтіндіктен, ұлттық, психологиясы жəне санасы, дəстүрлі мəдениеті жəне соған сай тұрмыстық ерекшеліктері болғандықтан, олар этникалық қауым- дастықтың рухани өміріне əсер етпей тұра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |