Ажырасулардың себептері.
Ажырасулардың динамикасы.
Қолайсыз отбасылардағы балалардың əлеуметтік-психологиялық қиындықтары.
1. Ажырасулардың себептері
Бір ұлтты жəне ұлтаралас отбасыларындағы ажырасу мəсе- лесі қазіргі қоғамның ең өзекті мəселесі болып тұр. Бір ұлтты жə- не ұлтаралас отбасылардағы ажырасудың себептері, факторлары мен зардаптарын айқындау қажет. Оларға қоғамның көзқарасы əртүрлі болып келеді. Бір жəне көп этникалық елді мекендердегі, аудандардағы жəне қалалардағы əртүрлі этностар мен ұрпақтар- дың ажырасуға көзқарастары да алуан түрлі.
Ерлі-зайыптылардың ажырасулары тек мемлекетке, қоғам- ға ғана емес, сонымен қатар отбасыларға – олардың балаларына, жақындарына зор мəселе туғызады. Елімізде некенің жылдан- жылға ыдырауы мен өсуі үлкен қауіп төндіреді. Егерде 1950 жыл- дары республикада əрбір жүз некенің біреуі ғана бұзылса, 1960 жылдары əрбір алтыншы, 1980 жылдары əрбір төртіншісі, 1990 жылдары əрбір үшіншісі.
Əдеттегідей, ажырасумен келесі əрекеттер қатар жүреді: ше- шім қабылдау, ажырасу туралы хабарлайды. Ерлі-зайыптылар- дың шын мəнінде айырылысуын, ажырасуды АХАЖ немесе сот органдары арқылы ресми түрде дайындайды.
АХАЖ жəне сот бөлімдері құжаттарының, арнайы əдебиет мəліметтерінің, ажырасушылардың жауаптарының көрсетуі бой- ынша жастардың, орта жəне үлкен буын жастағы ерлі-зайып- тылардың айырылысуының көптеген себептері мен сылтаулары болады. Оларды шартты түрде үш негізгі топқа бөлінеді: əлеумет- тік-экономикалық, рухани-психологиялық жəне физиологиялық. Біріншісі – күнделікті тұрмыс мəселелері, отбасының материал- ды-қаржылық жағынан қамтамасыз етілмеуі, жұмыссыздық. 20- дай түрткі болатын себептердің (мінезі мен көздеген мүдделерінің əртүрлілігі, жақын туыстардың араласуы, маскүнемдік, дөрекілік жəне ұрып-соғушылық, опасыздық, некеге тұруға дайын болмауы
жəне т.б.) ажырасудың екінші тобын туғызуы. Үшінші топқа, не- гізінен, баласыздық, физиологиялық сəйкессіздік, түрлі аурулар жəне т.б. жатады.
Ажырасудың ең негізгі жəне маңызды себептерін қарасты- райық.
Некедегі жанжалдың айқын себебінің ішіндегі көбіне күйеуі əкесінің, кейбір жағдайда жұбайы анасының жағынан мас- күнемдікке салынуы бірінші орында болуы. Ол көп жағдайда тіл тигізу, қатыгездік, ұрып-соғумен қатар жүреді.
Мүдделері мен мінездерінің ұқсамауы жəне сəйкес кел- меуі. Мұндай себепке ажырасқан ерлі-зайыптылардың 30%-ға жуығының жауап көрсеткендігі. Қай елде болмасын, қай этника- лық құрамына байланыссыз мұндай бірізді себептер ажырасуға берілген өтініштерде алкоголизммен байланысты ажырасулармен тең түсуі. Ажырасуға алып келетін жағдайлардың салдары неме- се шебер бүркемесі. Олардың ішінде: келіспеушілік, ұсақ-түйек- ке көңіл бөлу, мазасыздық, ұрыс-керіс, жанжал, немқұрайдылық, өзімшілдік, ортақ мүдделерінің болмауы жəне т.б.
Ерлі-зайыптылардың опасыздығы немесе некесіз байла- ныстары. Бұл себептердің де отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігінің бірден-бір маңызды себебі болып табылуы (жалпы ажырасқандардың санының 6,8-нен 16,0%-ға дейінгі). Еркектер- дің опасыздығы əйелдерге қарағанда отбасы үшін қауіпсіз деп ой- лайтыны белгілі болуы.
Шексіз қызғаныш. Ерлі-зайыптылардың екеуіне де тəн шартты түрде қызғаншақтықтың бірнеше түрін ажыратуға бола- тындығы: «шексіз-үстемдік», «белсенді», «ерегіс», «енжар».
Үшінші адамның араласуы. Бұл əсіресе жас жəне орта буын өкілдеріне тəн белгі. Жағдайдың ушығуы ата-ананың үстемдігі, ананың қызғаныштығы, ерлі-зайыптылар жағынан достары не- месе туыстарының ақыл-кеңестері арқылы көрініс табуы.
Некеге дайын еместігі. Бұған əлеуметтік ортаға бейімділі- гінің төменділігін жəне жеткіліксіздігін жатқызуға болатындығы (күйеуі жəне əйелі жағынан); ерте неке құру жəне некеге дейінгі жүктілік, жастардың арасында ерлі-зайыптылық міндетін бөлудің сəйкес келмеуі, олардың біреуінің үй шаруасына араласқысы кел- мегендігі жəне ауыртпалықты мойындағысы келмеуі; өзімшілдігі жəне көшбасшылық мəселесі; жас жұбайлардың жеке басының дамып-жетілмегендігі жəне əдепсіздігі.
Жоғарыда айтылған айырылысу себептерінің баласыздықтан басқасын əу баста өмірлік жар таңдаған уақыттағы асығыстық- тан ба, көрсеқызарлықтан ба немесе өз бетінше болашақ серігі- нің қасиеттерін тани алмағандықтан ба, əйтеуір, үй болудың өмір тəжірибесінен қалыптасатын заңдылықтарын, қиындықтары мен реніш-қуанышының шын сыр-сипатын жете түсініп білмегендік- тен, оған кезінде мəн бермей отбасы мəселесіне үстірт қараған- дықтан деп түсінген жөн. Өмірге мұндай немқұрайдылықпен қа- рап адасушылық əзірше кездесіп тұратындығы өкінішті-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |